Қазақша   Русский

RSS-лента

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу туралы

Қала әкімдікте Ақтөбе қаласының әкімінің орынбасары Р. Айдашева төрағалығымен өткен кеңесте жаңа жылдан бастап енгізілетін халыққа мақсатты әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматын түсіндіру бойынша шаралар талқыланды.
Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарында 84 қадаммен бектітіп берген «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру» тапсырмасын іске асыру шеңберінде әзірленген, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазанындағы № 369 Заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында әлеуметтік төлемдерді трансформациялау жұмысы азаматтардың санатына қарай тағайындалатын бірнеше әлеуметтік жәрдемақыларды (18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы) біріктіріліп, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек болып өзгереді.
Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, 3 жасқа дейінгі балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді. Шартты ақшалай көмек отбасының еңбекке жарамды мүшелерінің белсенді жұмыспен қамту шараларына міндетті қатысуымен, отбасының әрбір мүшесіне табыстары күнкөріс деңгейінен 50%-дан төмен болатын және құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда тағайындалады.
Әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және басқаларын сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуы тиіс.
Жаңа тәсілдердің мәні және қолданыстағы жүйеден айырмашылығы:
- әлеуметтік көмек алу үшін отбасының еңбекке қабілетті жастағы табысы аз адамдардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті түрде қатысуы;
- орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайыздан төмен болуы;
Жәрдемақы алу мерзімі 6 ай. Осы мерзім ішінде отбасы әлеуметтік белсенділігін арттыру шартын орындаған жағдайда, отбасының мұқтаждықтан арылуына мүмкіндік туады, тұрақты табыс келеді және еңбек нарығында өзін бекітеді.
-әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 40%- дан 50%- ға арттырылады.(бұрын МАӘК төлеу үшін кедейшілік шегі күнкөріс деңгейінің 40 % болса, енді ШАК көмек 50% есептеліп төленеді)
Ақшалай көмек отбасының орташа табысы мен ең төменгі күнкөріс
деңгейінің 50 пайызы аралығындағы айырмашылық ретінде төленеді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50