Қазақша   Русский

RSS-лента

Қоғамдық көлік қызметі қатаң бақылауда

Қоғамдық көліктің және жолаушыларды тасымалдау жұмыс сапасын арттыру, қоғамдық көлік қауіпсіздігі деңгейін сақтау, ақтөбеліктердің шағымдарына және ұсыныстарына жауап беру мақсатында, бүгін «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі басқармасының Орталығымен бірігіп Ақтөбе қаласында және қала маңында тасымалдаушы кәсіпорындарының жұмысын тексерді.
«Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» ММ басшысы Руслан Төреғалидің айтуы бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.
Бүгін таңғы сағат 5-00 автобус маршрутқа шығуын, келісім шарттарға сәйкес маршруттағы нақты автобустың санын сәйкес болуын, әр автобуста GPS трекерлерінің қол жетімділігі және жұмыс режимін бақылау, сондай-ақ «Автопарк» ЖШС және «ЖАК Ақтөбе» ЖШС көліктік- санитарлық жағдайын аңықтау жұмыстары жүргізілді.
Содан кейін, автобустардың маршруттарында қозғалыс аралығының сақталуы тексерілді. Осы мәселеге қала және ауылдық округтер тұрғындары шағымдануда.
«А.С. Пушкин атындағы саябақ» аялдамасында интервалдардың сақталуын тексеруді қорытындылай келе, Р. Төреғали БАҚ өкілдеріне «Автопарк» ЖШС және «ЖАК Ақтөбе» ЖШС қызметінде анықталған бұзушылықтар бойынша және оларды жою жөніндегі тапсырмалары бойынша, автобустардың санын көбейту бойынша жүргізілген жұмыс туралы, шағын сыйымдылықты автобустарды үлкен автобустарға ауыстыру бойынша жұмыс нәтижелері туралы хабардар етті.

Азаматтар Қала маршруттардың қызмет көрсету бойынша өтініш бере алады:
1. Ақтөбе қ. жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Тел: 8 (7132) 41-67-74, 8 (7132) 41-67-65, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
2. Орталық диспетчерлік қызметі «Ақтөбе қаласының жолаушыларды тасымалдау басқармасының орталығы» ЖШС
Тел: 8(7132) 90-84-61, 8(7132) 90-84-66, e-mail: cup-aktobe@yandeх.kz

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50