Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның жұмыс мәжілісі өтті

Қала әкімшіліктің ғимаратында Ақтөбе қаласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс мәжілісі өтті.
Мәжіліс барысында бірқатар сұрақтар қарастырылды. Солай, қылмыстық жазасын өтеген, оның ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік бейімдеу және оңалту, сондай-ақ, Ақтөбе қаласы тұлғаларының арасында қылмыстың қайталануының алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру және ұйымдастыру бойынша «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары Нұрия Әбіләкімова сөз сөйледі.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау және жарықтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Хайдар Ермашев және Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі басшысы Қанат Әлиев хабарлады.
Ақтөбе қаласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру үшін ҰСЫНЫЛДЫ:
1. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысына:
- пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруды ерекше бақылауға алу;
- жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес жолдау, кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
- жұмыс берушілердің меншік нысанына қарамастан, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа тарту дайындығына мониторинг жүргізу.
2. «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысына:
- Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі, ПИК, кондоминиум төрағалары және қала тұрғындарымен бірлесіп, аула, үй подъездерінде бейне бақылау камераларын бейнебақылау жүйелерін орнату және қызмет көрсетуге маманданған фирмалармен шарттар жасасу арқылы орнату қажеттігі туралы тұрақты негізде түсіндіру жұмысын жүргізу, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлердің аула аумақтарын жарықтандыру бойынша жұмыстарды күшейту;
3. Ақтөбе қаласының ІІБ-ның жергілікті полиция қызметінің басшысына:
- қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын ерекше бақылауға алу, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50