Қазақша   Русский

RSS-лента

Ләззат Оразбаева - облыстық білім басқармасының басшысы

Бұған дейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ләззат Оразбаева облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Білім басқармасы активі, колледждер мен училищелердің, мектептердің директорлары қатысуымен өткен кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы сала алдындағы бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі.
Облыс басшысы негізінен білім сапасын көтеру және ауылдық жерлерде оқыту проблемаларын шешу, үш ауысымдық және апатты мектептерді жою, сондай-ақ қабылданған шараларға бақылау мен талдау жасау жөніндегі жұмыстарды жандандыра түсуді тапсырды. Сонымен бірге, талантты балалармен жұмыс жүргізу, жастар тәрбиесі және мектептен тыс даму мен бос уақытты өткізуді ұйымдастыру мәселелері де басты назарда болуы тиістігі атап көрсетілді.
* * *
Ләззат Аманжолқызы 1971 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін жалпы техникалық пәндер мен физика пәнінің мұғалімі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы, құқық бакалавры, «Тұран-Астана» университетін педагогика және психология магистрі біліктілігі бойынша тәмамдаған.
Шалқар ауданының Тоғыз орта мектебінің мұғалімі, Ақтөбе қаласының №24 орта мектебінің мұғалімі, №40 орта мектебінің директоры, «Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ басшысы болды.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50