Қазақша   Русский

RSS-лента

Сатылмаған коммуналдық меншік объектілері қайтадан сауда-саттыққа қойылады

Ақтөбе қаласының әкімдігі 2017 жылы 31 қазанында өткізілген голланд әдісімен (бастапқы бағасын төмендету) өткізілген электрондық аукцион нәтижесінде сатылмаған сауда-саттық объектілері бойынша қайтадан аукцион өткізу туралы хабарлайды. Аукционға екі әкімшілік ғимарат және екі бұрынғы қазандық ғимараты қойылды.
Аукционда сатылды:
1. Әкімшілік ғимарат (қалалық жас туристер стансасының бұрынғы ғимараты, 1960 жылы салынған), орналасқан мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 62.
Ағымдағы жылдан бастап жас туристер стансасы жаңа құрылған, заманауи «Шығармашылық академиясында» орналасқан. Сол себептен бұрынғы ғимарат сауда-саттыққа қойылды.
Бастапқы бағасы 12 071 000 теңге, аукцион қорытындылары бойынша А. Т.Дусиповқа 12 071 000 теңгеге сатылды.
2. Бұрынғы қазандық ғимараты, орналасқан мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Гоголь көшесі, 89В үй.
Бұдан бұрын көптеген тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттарда автономды жылыту жүйесі мен қазандық болған. Одан әрі, бюджет қаражатын үнемдеу үшін, аталған нысандар орталықтандырылған жылытуға қосылған. Осыдан кейін көптеген қазандықтар ғимараты белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың тұрағына, қоқыс жинау орындарына айналды.
Осыған байланысты, қала басшылығымен көптеген ғимараттарды кәсіпкерлер сатып алуы және пайдалануы үшін ашық электрондық аукциондар арқылы сату туралы шешім қабылданды.
Бастапқы бағасы 1 908 000 теңге, «АктюбБизнесГрупп» ЖШС-не 1 031 008 теңгеге сатылды.

Екі ғимарат бойынша, ал бұл А. Жангельдин көшесі, 172Б үй әкімшілік ғимараты және Ембі көшесі, 170 бұрынғы қазандық өтініштер келіп түскен жоқ, аукцион өткізілмеді.

Сондықтан, 2017 жылы 1-ші желтоқсан күні осы екі нысан бойынша қайтадан ашық электронды аукцион жүргізу туралы шешім қабылданды.
1. Бос тұрған мектептің бұрынғы ғимараты (ғимарат 1985 жылы салынған), орналасқан мекен-жайы Ақтөбе қаласы, А. Жангельдин көшесі, 172Б үй, бастапқы бағасы 34 514 000 теңге. Белгілі болғандай, 2010-шы жылы осы ауданда №31 қазақ мектебінің жаңа, заманауи ғимараты салынған.
Өтініштер болмағандықтан, аукцион өткізілмеді. Жөндеу жүргізу қажет. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары бұл ғимараттың белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың тұрағына, қоқыс жинау орындарына айналғанына байланысты шағымдар түсуде.
2. Қазандық ғимараты, орналасқан мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ембі көшесі, 170 үй, бастапқы бағасы 3 525 000 теңге.
Бұдан бұрын көптеген тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттарда автономды жылыту жүйесі мен қазандық болған. Одан әрі, бюджет қаражатын үнемдеу үшін, аталған нысандар орталықтандырылған жылытуға қосылған. Осыдан кейін көптеген қазандықтар ғимараты белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың тұрағына, қоқыс жинау орындарына айналды.
Осыған байланысты, қала басшылығымен көптеген ғимараттарды кәсіпкерлер сатып алуы және пайдалануы үшін ашық электрондық аукциондар арқылы сату туралы шешім қабылданды.
Анықтама алу үшін 41-63-72 телефон арқылы алуға болады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50