Қазақша   Русский

RSS-лента

Жұмыспен қамту орталығы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына жұмыссыз ақтөбеліктерді шақырады

Ақтөбе қаласы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді қайта даярлау курстарында жұмыссыз азаматтарды оқыту қарастырылған.
Осы бағдарлама шеңберінде 25 адам «тігінші» және 13 адам «аспазшы» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарын тәмәмдады.
Оқуға бағытталған азаматтар колледждің әлеуметтік серіптестері «Глобал Спец Одежда» ЖШС-де, Р.Ф.Тазтдинов, В.А.Калимова жеке кәсіпкерліктерінде және «Салтанат сарайы», «Саз–Сырнай» мейрамханаларында өндірістік тәжірибеден өтті. Аталған мекемелер, алдағы уақытта өздеріне тұрақты жұмысқа қабылдау мақсатында, бағдарламаны аяқтаған қатысушылар арасында әңгімелесу өткізілетін болады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Ақтөбе қаласының халықты жұмыспен қамту Орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде келесі мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарына қабылдау жүргізеді: электрик, орман ресурстарын қорғау, аспаз комекшісі, администратор, оператор ЭВМ, ианикюр, бармен, официант, такси диспетчері, аспазшы, тігінші, тәттігер, кассир, автослесарь, автоэлектрик, газ қазандығының операторы, газоэлектро дәнекерлеуші, кәсіби бала күтушісі , кәсіптік негіздері, пішу.
Оқу мерзімі екі айға дейін, оқыту тегін, 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.
Тілек білдірушілер Уалиханов 12 «А» көшесінде орналасқан Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығына бара алады. Байланыс телефондары: 21-44-74, 90-72-89

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50