Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеліктерді электрондық цифрлық қолтаңбасымен пайдалануға және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға оқытуда

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында, электрондық форматта қызметтерді санын ұлғайту, сондай-ақ қызметтерді алушылардың санының көбейту, Ақтөбе қаласы әкімдігімен, Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлесе отырып халыққа электрондық цифрлық қолтаңба алу маңыздылығы туралы түсіндіру іс-шаралар циклі жүргізіледі.
Солай, 4-тоқсанда халыққа 5 ауылдық округтерінде оқыту семинарлары өтеді.
Бүгін, қала әкімі апаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен Қарғалы ауылдық округінің әкімдігінің ғимаратында халықпен кездесу өтті, электрондық цифрлық қолтаңба алу туралы түсіндіру жұмысы, ЭЦҚ қолдану бойынша мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу үшін практикалық сабақ өтті.
Электрондық сандық қолтаңбаның қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) бармай-ақ онлайн режимде ұзартуға болады. Мұндай қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) www.pki.gov.kz сайтында қолжетімді. ЭЦҚ кілтін оның жұмыс жасау мерзімі аяқталғанға дейін ғана создыруға болатынын айта кеткен жөн. Егер де қолтаңбаның мерзімі аяқталған болса пайдаланушыларға цифрлық қолтаңбаны іске қосу үшін ХҚКО-на баруға тура келеді.
Ақтөбе қала әкімі апаратының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Күнтуов айтқандай, бүгін Электрондық цифрлық қолтаңба болуы өте маңызды болып табылады. Қалалық мемлекеттік мекемелермен халыққа көрсетілетін 102 мемлекеттік қызметтерден, 53 түрін электронды форматта, оның ішінде көптеген және Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы алуға болады.
2017 жылғы 10 айы бойынша қалада көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны - 169860, оның ішінде мемлекеттік органмен 105479 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік органмен Мемлекеттіқ корпорация «Азаматтарға арналған Үкімет» арқылы «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны - 52088, сондай-ақ электрондық форматта 12293 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттің негізгі міндеті тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, мемлекеттік қызметші мен келуші арасындағы байланысты жоққа шығаратын оларды электронды форматқа көшіру болып табылады, бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты туындататын жағдайларды жоюға ықпал ететін болады.

Электрондық үкімет – барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және оларға Интернеттің, электрондық терминалдардың немесе ұялы телефондардың көмегімен халыққа қызмет көрсету мүмкіндігін беретін бірыңғай жүйе.
Электрондық үкімет –бұл мемлекет пен азаматтар, сондай-ақ, ақпараттық технологияның көмегімен олардың келісімен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың бірімен-бірі өзара қарым-қатынас жасайтын бірыңғай механизмі. Нақты осы механизм мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартуға және анықтамаларды куәліктерді, рұқсат құжаттарын және басқа да көптеген құжаттарды тез арада алуға мүмкіншілік береді.
Басқа сөзбен айтқанда, электрондық үкімет – бұл лицензияны ресімдеу үшін тек қана ЖСН-нің қажеттілігі (қалған мәліметтерді автоматтық сұранысты беру көмегі арқылы алуға болады), коммуналдық қызметтер мен айыппұлдарды онлайн төлеуі, ХҚКО-да анықтамаларды алу үшін тек қана жеке куәліктің болуы, өзіңіз не бары 10-15 минут ішінде «электрондық үкімет» порталында бизнесті тіркеп немесе анықтама алуға, баланың бала-бақша кезегін білуге, кез-келген уақытта ұялы телефонға мекенжай анықтамасын алуға және де басқа қызметтерді алуға болады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50