Қазақша   Русский

RSS-лента

Тұрғын үй секторы қорын есепке алу хабарлайды!

Қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтардан «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі бағыты бойынша 2017 жылдың 20 мен 24 қараша айы аралығында қосымша өтініштер қабылданатындығын назарлана салады.
Қазіргі уақытта төменде көрсетілгендей бос пәтерлер бар:
1) «Батыс» шағын ауданын (Дару емханасының ауданы) 3 бөлмелі пәтерлер – 2 дана (6 қабатта, 70-83,90 ш.м.);

2) 11 мөлтек ауданы, «Арай» тұрғын үй кешенінде 1 бөлмелі пәтер – 4 дана (12 қабатта, 48-50,8 ш.м.,);
3) «Кирпичный» тұрғын үй кешенінде 1 бөлмелі пәтер - 2 дана (3 қабатта, 36-36,80 ш.м.);

4) «Кирпичный» тұрғын үй кешенінде 3 бөлмелі пәтер - 1 дана (2 қабатта, 84 ш.м.);

5) Маресьев көшесінен (№1 аурухана ауданы) 1 бөлмелі пәтер – 1 дана (9 қабатта, 59,9-61,4 ш.м.);

6) Маресьев көшесінен (№1 аурухана ауданы) 2 бөлмелі пәтер жалпы алаңы – 3 дана (9 қабатта, 81,2-84 ш.м.).

Тұрғын үй сатып алу құқығымен 20 жылға жалға беру арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаға тек жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар, Атап айтқанда: Көп балалы отбасылар; Толық емес отбасылар; 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; жетім балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттары бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады.
Барлық үміткерлер өтініш берген алаң бойынша төлем қабілеттіліктерін растаулары тиіс.
Кезектегі азаматқа өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық-санды қолтаңба алып, электрондық үкімет порталына кіру және “Жылжымайтын мүлік” бөлігіндегі “Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй алу үшін І және ІІІ топтағы азаматтардан өтініштер мен құжаттарды қабылдау” қызметін таңдауы қажет.
Аталған қызметке тапсырыс беру кезінде тармақтардағы сұрақтарға жауап беру қажет (тіркелген жері туралы мәлімет, өзінде және отбасы мүшелерінде тұрғын үйінің жоқтығы туралы мәлімет, байланыс телефондары және электрондық поштасы) және қажет кезінде алдын-ала сканерленген құжаттарды бекіту қажет.
Бюджеттік салдадағы қызметкерлер сканерленген жұмыс орнының анықтамасын, ал тұрғын үйде үлестері бар азаматтар соған сәйкес сканерленген құжаттарын бекіту керек.
Назарларыңызға: балалардың тууы туралы куәліктерін, неке қию туралы куәлігін (неке бұзу, № 4 нысандағы анықтама, әкесі деп тану туралы куәлік) 2008 жылға дейінгі құжаттар міндетті түрде сканерленіп бекітілуі қажет.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50