Қазақша   Русский

RSS-лента

11 қараша көшпелі ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне шақырамыз

Қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда.
Кестеге сәйкес кезекті жәрмеңкелер 11 қараша күні «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында (№23 үй жанында) Орталық стадион ауданында, «Алтай», «Аида», «Достан» және «Табыс» базарларында өтеді.
Қала тұрғындарына жәрмеңкелерде өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылады («Айс плюс», «Анвар», «Базарларды басқару», «Рамазан», «Аккус», «Жазык Групп» ЖШС және т.б.).
Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Қала тұрғындарын аталмыш жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырамыз.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50