Қазақша   Русский

RSS-лента

Мектеп директорларын тағайындау үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуді қала әкімі І. Испанов талап етті

Бүгін «Халықтық кеңсе» ғимаратында Ақтөбе қаласының мектептері және қосымша білім беру ұйымдары басшысы бос орындарына арналған ашық конкурс өтті. Конкурстық комиссия жұмысымен және үміткерлермен әңгімелесу барысымен І.Испанов танысты.
Конкурстық комиссияның төрағасы «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-сі басшысы И.Бексултанова мәлімдегендей, қала әкімі І. Испановтың талабына сәйкес білім беру саласында кадрлық саясат жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындау тәртібі туралы халықты кеңінен хабардар ету, бұқаралық ақпарат құралдарында және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен, Ақтөбе қаласының прокуратурасынан, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалынан, Ақтөбе қаласының қоғамдық кеңесінен, білім саласындағы бақылау департаментінен бақылаушылармен бірге конкурсты өткізді.
И.Бексултанованың айтуынша, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-сі «Б.Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ» КММ, «М.Дулатов атындағы №63 ЖББОМ» КММ, «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ» КММ, «Кеңес Нокин атындағы №65 ЖББОМ» КММ, «Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 ЖББОМ» КММ, «М.Арынов атындағы Қарғалы ҚОМ» ММ, "Ақ желкен" аула клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының басшысы, "Шығармашылық академиясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының басшысы директоры қызметіне бос орындарына ашық конкурс жариялаған болатын.

Мектеп директорларының бос орындарына 21 үміткер, ал қосымша білім беру ұйымдарының директорларының бос орындарына 8 үміткер құжат тапсырды.
Конкурс ҚР БжҒМ 21.02.2012 жылғы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №173 бұйрығымен бектіліген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде өткізіледі.
Ашық конкурс туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында білім бөлімінің ресми сайтында және әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жарияланды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50