Қазақша   Русский

RSS-лента

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсанында Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттады

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 2 қарашадағы №575 Жарлығына сәйкес, Ақтөбе қаласы бойынша көпбалалы аналар Үкіметтік награда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.

7 баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеген «Алтын алқа» белгісінің иегері:

1. Муканбетова Маншук Танирбергеновна (1974 ж.т.)

6 баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеген «Күміс алқа» белгісінің иегерлері:

1. Альмагамбетова Сарагүл Амангелдиновна (1979 ж.т.)
2. Бижанова Жанымкүл Елубайқызы (1973 ж.т.)
3. Гузеева Анна Андреевна (1979 ж.т.)
4. Коккузова Кумисай Ниязбаевна (1977 ж.т.)
5. Пилич Мария Николаевна (1952 ж.т.)
6. Султанова Гульназ Унербековна (1979 ж.т.)

Ілияс Испанов көпбалалы аналарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен және алған наградаларымен шын жүректен құттықтап, ана-әйелдің бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін атап өтті. Әйелдерге және олардың отбасыларына шын ниетпен зор денсаулық, отбасылық бақыт және игілік тіледі.
Мәлімет үшін Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында барлығы 7 632 көпбалалы аналар тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 1263, «Күміс алқа» иегерлері – 1621, «Батыр ана» - 273, «Ана даңқы» 1, 2, 3 дәрежедегі –313, төрт және одан да көп балалылар – 4162.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50