Қазақша   Русский

RSS-лента

Аукцион қорытындысы бойынша бюджетке 72 млн.теңге түсті

Бүгін қалалық әкімдігінде Ақтөбе қаласы өнеркәсіптік – азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион (ағылышын әдісі) өтуде. Аукционға 15 жер учаскелері, жалпы аумағы 8,09 гектар шығарылды.
Қала және ауылдық округтерінің аумағында 3 жылға жалға беру жер учаскелерінің тізбесі кемпинг, азықтандыру, көп қабатты тұрғын үйлердің, мектептердің, дәріханалардың, шаштараздың алаңын, гүл мен сауда павильондарын, "Mupi" және "Сити Борд" форматындағы үлгісіндегі жарнамалық құрылымды орналастыру және қызмет көрсетуді қамтиды.
Жалпы жер учаскелерінің көлемі 8,0 га құрайды. Бастапқы құны 6,5 млн.теңге.
Аукцион қорытындысы бойынша көлемі 7,08 га құрайтын, 10 жер учаскесі 72,0 млн.теңгеге сатылды.
Бүгінгі күні 5 аукциондар өткізілмеді, олар қайтадан аукционға шығарылады.
«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Ұ. Мынбаевтың айтуынша, мысалы, Сазды ауылдық округінде 363 мың теңгенің бордақылау алаңы 900 мың теңгеге сатылды. Жұбанов көшесіндегі коммерциялық павильондарды орналастыру және күтіп ұстау үшін жер телімі бастапқы құны 2 300 теңге болатын 600 мың теңгеге сатылды.
1,3 га жеручаскесіБатыс-2 ы/а 1,2 млн теңге, бастапқы бағасымен«тұрғын ғимараттың орналастыру және қызмет көрсету үшін» аукцион жеңімпазы 24,5 миллион теңге ұсынды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50