Қазақша   Русский

RSS-лента

Мобильді топтар абаттандыру қағидаларын орындау бойынша жұмыс жүргізуде

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың тапсырмасына сәйкес мобильді топ қала мәслихат хатшысы С. Шынтасованың және қала әкімі аппараты басшысы Н.Күнтуовтың төрағалығымен, жергілікті полиция қызметкерлері, №1 басқарушы компаниясы, қалалық кірістер басқармасы, қалалық сәулет, қаржы бөлімдері және қала әкімі аппаратының өкілдері Уәлиханов, Алтынсарин және т.б. көшелер бойынша абаттандыру қағидаларының талаптарын орындау, архитектуралық келбет, жарнаманы пайдалану мен оның заңдылығы және желтоқсандағы мерекелер қарсыңында безендіру сұрақтары бойынша рейд жүргізді.

Белгілі болғандай,қала аумағында абаттандыру қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерлерге салынатын айыппұл 30 АЕК, ЖШС-ге 40 АЕК құрайды.
Бүгін барлық кәсіпкерлік нысандарының иелері көрсетілген кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы ескертілді.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50