Қазақша   Русский

RSS-лента

Конкурс нәтижесі бойынша орта мектеп директорлары тағайындалды

Ақтөбе қаласы әкімінің тапсырмасына сай, білім беру ұйымдарының басшылығына тәжірибелі, әрі білікті тұлғаларды тағайындау мақсатында «Халықтық кеңсе» ғимаратында Ақтөбе қаласының мектептері және қосымша білім беру ұйымдары басшысы бос орындарына арналған ашық конкурс өткізілді.

Конкурс нәтижесі бойынша Б.Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектеп директоры қызметіне Нуртазина Багдагуль Жаксылыковна тағайындалды.

Багдагуль Нуртазина 1971 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесін музыка мамандығы бойынша, 1998 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін география мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек өтілі: 27 жыл.
Еңбек жолы: Қарғалы ауданы,В.И.Пацаев атындағы орта мектебі 1990-1998 ж.ж. бастауыш класс және музыка пәнінің мұғалімі; Қарғалы ауданы,В.И.Пацаев атындағы орта мектебі 1999-2002 ж.ж. география пәнінің мұғалімі,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Қарғалы ауданы, В.И.Пацаев атындағы орта мектебі 2002-2011 ж.ж. география пәнінің мұғалімі , директордың ісі жөніндегі орынбасары; 2012-2016 ж.ж. Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 2016-2017 о. ж. Ақтөбе қаласы №60 ЖББОМ география пәнінің мұғалімі,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Осы қызметке дейін №60 ЖББОМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

Конкурс нəтижесі бойынша "М.Дулатов ат. #63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі" КММ директоры қызметіне Қартпағамбетова Дəмелі Қойбаққызы тағайындалды.

Дəмелі Қартпағамбетова 1964 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Ақтөбе педагогикалық училищесін
бастауыш класс мұғалімі мамндығы бойынша жəне Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін қазақ тілі мен əдебиеті пəні оқытушысы мамандығын тəмамдаған. Еңбек өтілі: 35 жыл.
Еңбек жолы: Қоңырат бастауыш мектебінде бастауыш класс мұғалімі; Жамбыл атындағы негізгі мектебінде бастауыш класс мұғалімі; Саралжын орта мектебінде мектеп директорының бастауыш кластар, тəрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Ақтөбе қаласы #32 ОМГ Бастауыш класс мұғалімі;
Ақтөбе қаласы #37 орта мектебінде бастауыш класс, қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі, мектеп директорының бастауыш кластар, ЖБББ ісі, əдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.
Осы қызметке дейін #34 орта мектебі директоры қызметін атқарды.

Конкурс нәтижесі бойынша Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектеп директоры қызметіне Латып Әліби Тұрсынгалиұлы тағайындалды.

Әліби Латып 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «Қазақстан тарихы» мамандығын тәмамдаған. Еңбек өтілі: 17 жыл.
Еңбек жолы: Қобда ауданы Жиренқопа орта мектебінде тарих пен география пәні мұғалімі; Батыс-Қазақстан гуманитарлық-заң колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Ақтөбе гуманитарлық колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; «Нұр Отан» ХДП АОФ-та кеңесші қызметі; Ақтөбе облысы әкімі аппараты, Ақтөбе облысы Ішкі саясат департаменті, Ақтөбе облысы мәдениет басқармасы, Ақтөбе облысының балалардың құқығын қорғау департаменті және Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік қызмет бойынша еңбек өтілі бар; 2012 жылдың желтоқсан айында «№47 жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын арнаулы мектебіне» директор болып тағайындалды;
Осы қызметке дейін №16 орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

Конкурс нәтижесі бойынша К.Нокин атындағы №65 жалпы білім беретін орта мектеп директоры қызметіне Жантурина Марфуха Саменовна тағайындалды

Марфуха Жантурина Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек өтілі: 27 жыл
Еңбек жолы: 1990 ж. Бабатай орта мектебі – аға пионер вожатый, 1994 ж. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінде мұғалім; 2000 ж. №10 орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі; 2002-2006 жж №10 орта мектебі директордың орынбасары; 2006-2017 жж № 42 орта мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған.
Осы қызметке дейін 2017 ж. қаңтар айынан бастап Благодар орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

Конкурс нәтижесі бойынша Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектеп директоры қызметіне Махамбеталиев Марат Терекбаевич тағайындалды

Марат Махамбеталиев 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогика институты, филология факультетін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын тәмамдаған. Еңбек өтілі: 22 жыл.
Еңбек жолы: 1995-1997 жж.Алматы қаласы Ә.Молдабекова атындағы №6 орта мектепте орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі; 1997-2016 жж.Сазды орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Осы қызметке дейін Сазды орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

Конкурс нәтижесі бойынша М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектеп директоры қызметіне Жанайдаров Жасұлан Төремұратұлы тағайындалды.

Жасұлан Жанайдаров 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 2000 ж. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек өтілі: 16 жыл.
Еңбек жолы: 2000-2001 жж. – М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында оқытушы; 2001-2002 жж. – ҚР ҚК қатарында қызмет; 2002-20 05 жж. – М.Оспанова ат. БҚММА оқытушы, аға оқытушы; 2005-2007 жж. – М.Оспанова ат. БҚММА жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы; 2007-2008 жж. – М.Оспанова ат. БҚММА оқу-тәрбие орталығының жетекшісі; 2008-2010 жж. – Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары; 2010-2011 жж. – Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің директоры.
Осы қызметке дейін Қалалық жас туристер стансасының директоры қызметін атқарды.

Конкурс нәтижесі бойынша «Шығармашылық Академиясы» МКҚК директоры қызметіне Жубай Шамшат Унаевна тағайындалды

Шамшат Жубай 1966 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1992 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бастауыш класс мұғалімі мамандығы бойынша, 2005 ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын Кәсіптік жоғары білімді қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек өтілі: 32 жыл.
Еңбек жолы: Ойыл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі; «Россинка» балабақшасының тәрбиешісі, Ресей мемлекеті, Улан-Удэ қаласы; Мемлекетік педагогикалық институтының сыртай бөлімінің хатшысы, РФ, Орск қаласы; № 14 СПТУ комсомол ұйымының хатшысы, РФ, Орск қаласы; №21 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Ақтөбе қаласы; Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бастауыш класс әдіскері; №31 орта мектебінің оқу-тәрбие жөніндегі директорының орынбасары; №32 мектеп–гимназиясының оқу-тәрбие жөніндегі директорының орынбасары; №40 орталау мектебінің бастауыш класс мұғалімі; «Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» МКҚК «Дарын» бөлімінің әдіскері, Ақтөбе қаласы; Ақтөбе облысы білім басқармасының жалпы орта білім бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы; Ақтөбе облысы білім басқармасының жалпы орта білім бөлімінің жетекші маманы; Ақтөбе облысы білім департаментінің жалпы орта білім бөлімінің бас маманы; Ақтөбе облысы білім департаментінің лицензиалау, аттестациялау және әкімшілік жұмыстар бөлімінің бастығы; Ақтөбе облысы білім басқармасының әкімшілік жұмыстар бөлімінің бастығы; Ақтөбе облысы білім басқармасының әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы.
Осы қызметке дейін Қалалық оқушылар сарайының директоры қызметін атқарды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50