Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов байқау жеңімпаздарына жүлделер тапсырды

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын кеңінен насихаттау жөніндегі үздік жарияланымдарға шығармалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау ұйымдастырушысы: «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
Байқауға жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының оқушылары қатысты.
Қатысушылардың байқау жұмыстарында ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттары, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, елдің дамуына және гүлденуіне жастардың рөлі, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық аренадағы перспективалары көрініс тапты.
Байқау мақсаттары:
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын насихаттау;
- жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен оқушыларын ғылыми қызметке тарту.
Жалпы 93 шығарма жұмысы келіп түсті, соның ішінде: 24 - ЖОО-дан, 69 – АООО-дан.
Байқаудың Ережесіне сәйкес жоғары оқу орындары студенттерінің және арнаулы орта оқу орындары оқушыларының жұмыстары құрамына жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар қауымы мен БАҚ өкілдерімен бөлек бағаланды.

Байқау қатысушылары Ақтөбе қаласы әкімінің дипломымен және алғыс хаттарымен, сонымен қатар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
жоғары оқу орындары арасында:
1 орын –М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медициналық университетінің студенті – Есіркеп Аружан Фазылханқызы (Ақтөбе қаласы әкімінің дипломы мен фотокамера);
2 орын – С.Бәйшев атындағы Ақтөбе университетінің студенті – Сағындық Айғаным Тілеуғалиқызы (Ақтөбе қаласы әкімінің дипломы мен планшет);
3 орын – Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің студенті - Мубаракова Бағира Мейранбайқызы (Ақтөбе қаласы әкімінің дипломы мен электронды кітап).
4 алғыс хат – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбк өңірлік мемлекеттік университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенттеріне берілді.

арнаулы орта оқу орындары арасында:
1 орын – Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің оқушысы - Черниязова Айнель Калимжанқызы (Ақтөбе қаласы әкімінің дипломы мен фотокамера);
2 орын – Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің оқушысы - Нысанбай Сымбат Жұмамұратқызы. (Ақтөбе қаласы әкімінің дипломы мен планшет);
3 орын – Ақтөбе автожол колледжінің оқушысы – Әлжан Ұлан Түгелбайұлы (Ақтөбе қаласы әкімінің дипломы мен электронды кітап).
4 алғыс хат –Ақтөбе медициналық колледжінің, С.Бәйшев атындағы колледжінің және Ақтөбе политехникалық колледжінің оқушыларына берілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50