Қазақша   Русский

RSS-лента

«Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Published: 04 Желтоқсан 2017
24 рет

«Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының тізбесіне 1 қосымшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметі электрондық және қағаз түрінде көрсетіледі. Ауыл тұрғындары анықтаманы электрондық түрде Мемлекеттік корпорация арқылы немесе үйден электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе қағаз түрінде әкімшілік ғимаратқа келіп өтініш жазу арқылы алады.
«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге: жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі:
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 минут; 2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50