Қазақша   Русский

RSS-лента

І.Испанов: мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі

Published: 05 Желтоқсан 2017
22 рет

Бүгін Ақтөбе қала әкімі І.Испановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету, қызметтердін санын электрондық форматта ұлғайту, сондай-ақ қызметтерді алушылардың санының өсу туралы кеңес өтті. Кеңес барысында ағымдағы жылдың 10 айдың қорытындысы тыңдалды.
Қала әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметті үйлестіру бөлімінің жетекшісі Жәмила Тәшімова баяндама жасады. Қазіргі таңда 12 қалалық мекеме мен 5 селолық округ мемлекеттік қызметтер тізімі бойынша 102 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Қол жетiмдiлiктiң қамтамасыз етуi және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мемлекеттiк саясаттың басым бағыттардың бiрi болып табылады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында «Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс... Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керектігіне» ерекше назар аударды.
Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтің 31 түрі баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы беріледі, яғни, мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік корпорация арқылы да, мемлекеттік органдарда да көрсетіледі. Тек қана Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтің 15 түрі көрсетіледі.
Қала тұрғындарына қолайлы болуы үшін мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органда және Мемлекеттік корпорация арқылы ғана алып қоймай, оны www.egov.kz веб-порталы арқылы да алуға болады. Бүгінгі күні электронды форматта 53 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік органдардың міндеті халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, оларды мемлекеттік қызметші мен келуші арасындағы қарым-қатынасты азайтатын электронды форматқа көшіру - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауы үшін жағдайларды жоюға ықпал ететін болады.
Жалпы алғанда, есепті кезеңде қалада баламалы негізде ұсынылған мемлекеттік қызметтердің үлесі — 95%, ал корпорация арқылы ұсынылған қызмет түрі — 98% .
Қала әкімі кеңестің қорытындысын шығарды, сонымен қатар, электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласындағы ұйымдастырылған және мақсатты жұмыстарды өткізу бойынша бірінші кезектегі міндеттер айқындалды және нақты тапсырмалар берілді.
Ақтөбе қаласының www.akt.gov.kz ресми сайтында мемлекеттік қызметтердің тізілімі, стандарттары, регламенттері және паспорттары көрсетілген «мемлекеттік қызметтер» тарауы жарияланған

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50