Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы әкімдігінде бірыңғай «сall-орталығын» ұйымдастыру туралы бірқатар сұрақтар қарастырылды

Published: 05 Желтоқсан 2017
19 рет

Бүгінгі күні әкімдіктің қызметінің сапасын арттыру мақсатында Ақтөбе қаласының әкімдігінде ұйымдастырылған 109 нөмірі бойынша (90-96-05 – ұялы телефоннан) қоңырау шалуға болады.
«Саll-орталығының» міндеттері:
1) Ақтөбе қаласының коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелері, жергілікті мемлекеттік қызметтер және әкімдік қызметіне байланысты басқа мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай пункті;
2) барлық өтініш берушілердің өтініштерін белгіленген регламенттік мерзімдерін және өтініштердің басымдықтарын ескере отырып, сапалы және жылдам өңдеу;
3) өзара іс-қимылдың көптеген нысандарын қамтамасыз ету: телефон, электрондық пошта, web-портал арқылы;
4) кері байланыс сұраулары бойынша пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу.
Қазіргі таңда саll-орталығы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша, қоғамдық көліктің, сондай-ақ әкімдік қызметіне байланысты өзге мәселелерді өңдеуді жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау жүйесі толығымен автоматтандырылған. Өтініш берушінің аты-жөні, телефоны және мекен-жайы есепке алуы жүргізіледі. Жұмыс алгоритмі бірнеше кезеңдері қамтиды. Кез келген өтінім онлайн тіркеледі және орындаушыға 10-15 минут ішінде беріледі. Содан кейін операторлар бұл өтінім бойынша орындаушымен қабылданған шаралар туралы өтініш берушіге хабарлайды. Мәселені шешкеннен кейін операторлар өтініш берушіге ескертеді, тек осыдан кейін ғана өтінім бақылаудан алынады.
Қабылдаудың бірыңғай пунктімен пайдалануы келіп түскен өтініштерді талдау және статистиканы жүргізу, топтастыру, сондай-ақ тез өңдеуге мүмкіндік береді.
Қабылданатын өтініштердің тізімін кеңейту үшін өзара іс-қимыл коммуналдық қызметтермен, Ақтөбе қаласының шұғыл қызметтермен жоспарды, сондай-ақ регламенттік мерзімдерін бекіту қажет.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50