Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы әкімдігінің командасы – шағын футболдан облыстың он мәрте чемпионы

Published: 06 Желтоқсан 2017
28 рет

Мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты әрі қарай дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына сай 2017 жылғы 1-і желтоқсан мен 3-і желтоқсан аралығында Ақтөбеде аудандық, қалалық және облыстық әкімдіктердің мемлекеттік қызметшілері арасында шағын футболдан XVII облыстық спартакиада өтті.
Шағын футболдан жарыс өте қызықты да әсерлі болды. Шағын футболдан жарысқа аудандық, қалалық және облыстық әкімдіктерден 14 құрама команда қатысты. Ойындар Есет батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың футбол залында төрт шағын топта өткізілді.
Қорытындысында жартылай финалға: Ақтөбе қаласы әкімдігінің, Мәртөк, Шалқар және Алға аудандары әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерінің 4 командасы шықты.
Жартылай финалда Ақтөбе қаласы әкімдігінің командасы Шалқар ауданы командасын жеңсе, Мәртөк ауданы әкімдігінің командасы Алға ауданының командасынан басым түсті.
Финалда Мәртөк ауданы мен Ақтөбе қаласы әкімдіктерінің командалары бақтарын сынады.

Ақтық сында жақсы, бір ізге қойылған ойынының және командалық рухтың, жұмыла білуінің арқасында Ақтөбе қаласы әкімдігінің командасы Мәртөк ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің құрамасын 2-1 есебімен жеңіп, шағын футболдан облыстық спартакиаданың ОН МӘРТЕ ЧЕМПИОНЫ болды.
Ақтөбе қаласы әкімдігінің командасында төмендегі мемлекеттік қызметшілер ойнады: АСЛАН МАХАТОВ - команда капитаны, ЖАНДОС УТЕУЛИН, САТЕКБАЕВ ДАРХАН, АРТУР МАМБЕТОВ, КУЖАНАЗАРОВ САБИТ, КАРАБАЛИН АЙДАР, ЖУМАШЕВ УЛАН.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50