Қазақша   Русский

RSS-лента

Астана күніне орай кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

2014 жылдың 4 шілдесінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Лата», «Успех», «Береке», «Нужные люди», «Престиж», «Виктория», «Работа для всех», «Ерсін» жеке кадр агенттіктерінің және қала мекемелерінің қатысуымен Астана күніне орай кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған іс-шара ҚР Президенті - Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Жыл басынан бері 158 қала мекемелері мен кәсіпорындардың, сонымен қатар жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қатысуымен 9 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке нәтижесінде тұрақты, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, қоғамдық жұмыс орындарына 366 адам, соның ішінде әйел - 201, мүмкіндігі шектеулі азаматтар - 90, 29 жастағы азаматтар - 197, 50 жастан асқан азаматтар – 18 орналастырылды. Жалпы кеңес алған жұмыссыздар саны - 663 адам.
Бүгінгі күні бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 47 жұмысберушіден 330 бос жұмыс орындары келесі мамандықтар бойынша ұсынылды: мұнай және құрылыс саласында - инженерлер, электрогазодәнекерлеушілер, күзетшілер, жүргізушілер, қызмет көрсету саласында - кассирлер, аспазшылар, менеджерлер және қосалқы жұмысшылар.
Жәрмеңкеге 148 азамат жолықты, соның ішінде ер адам – 54, әйел адам – 94 (соның ішінде оралман – 1, мүмкіндігі шектеулі жандар – 7, жалғыз басты және көп балалы ата-аналар – 5, өзін – өзі жұмыспен қамтушылар - 1, аз қамтылғандар – 4, 29жасқа дейінгі жастар -41)
Жәрмеңке барысында жалпы 61 жұмыссыз азаматтарға жолдама берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына - 6, тұрақты жұмысқа - 20 жолдама және жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен 35 адамға әңгімелесуге жолдама берілді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бір апталық мерзім ішінде белгілі болады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50