Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстанда көлік жүргізу үшін сенімхатты «Электрондық үкімет порталы» арқылы алуға болады

Ақтөбе облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Қарғалы селосындағы бөлімінің реттеу зал басшысы А.Д.Саймова: «Электрондық үкімет порталында» өз күшімен көлік жүргізуге сенімхат алу жаңа қызметі іске қосылды. Ол үшін ғаламтор желісі мен электрондық сандық қолтаңбаның болуы ғана жеткілікті. Нотариусқа немесе ТЕО-ға барудың, қандай да бір құжаттардың көшірмелерін түсірудің қажеттілігі жоқ, тек қана электронды түрдегі керекті жолақшаларды толтыру қажет. Мемлекеттік қызметке тапсырыс беру үшін, egov.kz порталында авторизациялаудан өтіп, «көлік және коммуникация» бөлімін таңдап, «автомобиль көлігі» бөлімшесіндегі «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеулері қоспағанда, cенімхат бойынша көлік құралын басқарушы тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдау қажет. Қолданушы «Онлайн қызметке тапсырыс беру» тетігін басқаннан кейін сенім берілген тұлғаның ЖСН-і мен мекен-жайын енгізуі тиіс, сонымен қатар мемлекеттік нөмір белгісін, сериясы мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік нөмірін көрсету керек. Содан кейін сұранымды Электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою қажет.
Тапсырыс бірнеше секунд ішінде өңделеді, дайын сенімхатты порталдағы жеке кабинетіңізден қарауыңцызға немесе баспадан шығаруға болады. Қызмет түрі ақысыз көрсетіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін Біріңғай байланыс орталығы «1414»-ке хабарласуыңызды сұраймыз.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50