Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде пневматикалық мылтық атудан қаланың ашық чемпионаты өтті

Үстіміздегі жылдың 6 шілдесінде Астана күніне орай «Экстрим» ойын-сауық орталығында пневматикалық мылтық атудан Ақтөбе қаласының ашық чемпионаты өтті. Бұл чемпионатта 60 астам споршылар өз өнерлерін ортаға салды. Жарысқа мектеп және колледж мергендерінен басқа, қаламыздың жетекші мергендері, басқа да чемпионат жеңімпаздары қатысты. Чемпионат келесі бағдарлама бойынша өткізілді:
- диоптриялық көздеу құралымен пневматикалық мылтық ату;
- ашық көздеу құралымен пневматикалық мылтық ату;
- пневматикалық пистолетпен ату
Жарысқа қатысушылар жас құрамына қарай 14 жасқа дейін және 14 жастан жоғары болып екіге бөлінді.
Пневматикалық пистолет атудан 14 жасға дейінгі аралықта Даша Подкупова (№5 ОМ), ал 14 жастан жоғарыда Егорь Григорьев (№53 ОМ) жеңімпаз болды.
Диоптриялық көздеу құралымен пневматикалық мылтық атудан (бұл олимпиадалық спорт түрі) 14 жасға дейінгі аралықта Владик Есентюк (№29 ОМ), 14 жастан жоғарыда ең үздік нәтижемен Мадина Байганова (№23 ОМ) жеңіп алды.
Ашық көздеу құралымен пневматикалық мылтық атудан Сайле Зинет бірінші орынды иеленді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50