Қазақша   Русский

RSS-лента

ХҚКО мемлекеттік қызметтерінің кейбір өзгерістері туралы...

Ақтөбе облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Қарғалы селосындағы бөлімінің реттеу зал басшысы А.Д.Саймова: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 мамырдағы №505 қаулысымен «Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты бекітілген. Осылайша, «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат беру» атауына өзгертілді.
Жаңа стандарт бойынша аталған қызметті баламалы көрсету алып тасталған, яғни мемлекеттік қызмет түрі ХҚКО немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі.
Сонымен бірге мемлекеттік стандартықа сәйкес қызметті көрсету мерзімдері өзгертілді:
• құжаттар топтамасын ХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде 10 минут;
• қосымша тексеру жүргізілген жағдайда – 3 жұмыс күні;
• шетелге шыққан жағдайда (Ақтөбе қалалық бөлімі, Қарғалы селосындағы бөлімінде ғана жүзеге асырылады) – 5 жұмыс күні.
Сондай-ақ қызметті көрсету нысаны өзгертілді:
• электрондық;
• қағаз (шетелге шығу үшін)
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Қарғалы селосы, Сатпаев к-сі 10 әкімшілік ғимараты. Тел: 98-60-04

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50