Қазақша   Русский

RSS-лента

Қалалық әкімдікте мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша семинарлар өтті

Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оларды ХҚКО және электронды нұсқаға көшіру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту мақсатында бір ай бойы қалалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиевада және қала әкімі аппаратының басшысы Жолдас Оразаевта қалалық мемлекеттік мекекмелер басшыларының және мамандарының қатысуымен бірқатар семинарлар мен мәжілістер өткізілді.
Семинарлар барысында «Білім бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер қаралды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының мамандары «электронды үкімет» базалық компоненттері мен орталық атқарушы органдардың ведомстволық орталықтандырылған ақпараттық жүйелері бар жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің ішкі ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара байланысын қамтамасыз ету үшін құрылған «Е-акимат» ақпараттық жүйесінде қызметтер көрсету процесін көрсетті.
Сол сияқты заманауи технологияларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік қызметшілерінің ақпараттық өзара байланысының тиімді тетігін құру мақсатында интранет-порталды енгізу мәселелері де қаралды.
Мемлекеттік мекемелер басшыларына мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттарын сақтау үшін қажетті шаралар алу, мемлекеттік қызметтерді электронды нұсқада алу жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылды, сол сияқты мемлекеттік органдарда интернет-портал енгізу жұмысын ұйымдастыру да қажет. Семинарларға қатысушылардың пікірлері бойынша аталған шаралар мемлекеттік қызметшілер жұмысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар деректерінің болу мүмкіндігін жоққа шығаруға мүмкіндік береді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50