Қазақша   Русский

RSS-лента

18-20 шілдесі күні «СТЕПНОЙ АККОРД-2014» ІІІ Ақтөбелік Халықаралық авторлық әндер фестивалін өткізіледі

Ақтөбе қаласы әкімшілігінің қолдауымен 18-20 шілде аралығында Ақтөбе қаласының 145 жылдығына арналған «СТЕПНОЙ АККОРД-2014» ІІІ Ақтөбелік Халықаралық авторлық әндер фестивалін өткізеді.

Ақтөбелік Халықаралық авторлық әндер фестивалі авторлық әндер мен поэзиянын мерекесі болып табылады. «СТЕПНОЙ АККОРД» - бұл ең біріншіден қаламыздың мәдени өміріндегі маңызды шара, ақтөбеліктердің қонақжайлылығы, Батыс Қазақстан мен Ақтөбелік авторлық және бард әндері орталығының мәртебесін нығайту мен дамытудағы үлкен үлес болып табылады.

Фестиваль 18-19-20 шілдеде Сазды су қоймасының жасыл алаңында өткізіледі.

Фестивальдің басты мақсаты мен міндеттері – жастардың бойында поэзия мен музыкаға деген талғамдарын қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру, үздік авторлық әндер үлгілерін сақтап, кеңінен насихаттау, шығармашылық тұлғалар арасында достық қарым-қатынасты дамыту мен тәжірибе алмасуына жағдайлар мен алғышарттар жасау, жаңа авторлық әндер мен авторлық әндерді орындаушылардың шығармашылығын дамыту.

Фестиваль қатысушылары: Ақтөбе қаласының және алыс-жақын шет елдердің авторлық әндерді орындаушылар тобы, клубтар, жеке авторлар, жазушылар.

Фестиваль байқауы 2 тур бойынша өтеді:

- 1 тур – жеке топтар бойынша қазылар алқасының тыңдауы өтеді.

- 2 тур – Сахнада өтетін конкурстық концерт.

Фестиваль байқауы келесідей жас аралығы бойынша өтетін болады:

Балалар арасында:         - 14жасқа дейін

                                         - 14жастан 18 жасқа дейін

Ересектер арасында:   - 18 жастан жоғары.

Байқаудың негізгі талабы - әндердің акустикалық гитараның сүйемелдеуімен айтылуы. Байқауда фонограмманың немесе электринструменттердің пайдалануына тыйым салынады. Қатысушылармен орындалатын әндер «Авторлық әндер» жанрына сәйкес келуі міндетті. Сонымен қатар өлеңдердің мазмұны, әні, орындаушылық шеберлігі қазылар алқасымен бағаланатын болады.

     Қазылар алқасының мүшелері аталған жанрдың қас шеберлері, бард әндерінің орындаушылары арасында беделді, арнайы шақыртылған қонақтар.

Қосымша ақпарат www.kultura-aktobe.kz сайтында орналасқан.

Ақтөбе қаласының 145 жылдығына арналған

«СТЕПНОЙ АККОРД-2014» III Ақтөбелік Халықаралық

авторлық әндер фестивалінің

БАҒДАРЛАМАСЫ

18 шілде, жұма

9.00       Фестиваль қатысушылары мен қонақтарын қарсы алу және тіркеу.                    

18.00-19.00     Сахнада дыбыспен жұмыстың басталуы. Көңілді әндер қосылып,

қатысушылардың сахна орнатылған алаңға жиналуы.

19.00-19.15     Ұйымдастырушы алқаның құттықтау сөзі.

19.15-19.40     Ақтөбелік «Рюкзак» бард клубының «Мы гостям хорошим

рады» атты бағдарламасы.                

19.40-24.00     Фестиваль қонақтарының «Встреча друзей» атты бағдарламасы.

22.00               Телескоп арқылы түнгі аспанды бақылау.

24.00-02.00     «Кантри» тақырыбында от жағу алаңында әндер орындау.(дыбыс

күшейткіш аппаратурасыз).

                        

19 шілде, сенбі

8.30                 Таңертеңгі сап түзеу.

9.00-9.20         Таңғы жаттығу (сахна алдында).

9.20-10.00       Таңғы ас.

10.00-17.00     Балаларға арналған құмдағы ойнау алаңы.

                         Спорт үйірмелерінің көрсеткіштік бағдарламасы: сахна алдында -

у-шу, таэквандо, капоэйра. Сахнада - бодибилдерлердің бағдарламасы.

     Спорттық алаңда - «Весёлые старты».

                         Құмнан мүсіндер жасау байқауы.                      

10.00 бастап     Қолөнер бұйымдарының көрме-саудасы.

                         Жергілікті суретшілер жұмыстарының көрме-саудасы.

                        Портрет, денеге сурет салу.              

                         Сату алаңдарының жұмысы.

                         «Ақтөбе – 145 жыл!» атты суретке түсу көшесінің жұмысы.

11.00               Арқандарға міну, туристік спорт түрінен байқау.

12.00-14.00     «Чайхана» атты көңілді әндердің мерекелік бағдарламасы.

12.00-14.00     Авторлық әндер байқауына өтініштер тапсыру.

14.00-17.00     Сахнада дыбыс күшейткіш аппаратура сөндіріледі де, 7 бағыт

бойынша шығармашылық топтардың жұмысы өткізіледі.                        

14.00-17.00     Фестиваль аумағында қуыршақтармен естелік суретке түсу.                          

                         Шахматтан турнир.

                         Балалар арасында сурет салу байқауы (сахна жанында).

17.00-17.30     Сахнада аппаратура қосылып, бағдарламаларға дайындық.

17.30-18.00     Попурри«Вспоминая классиков…» - орындаушылар «Рюкзак»

бардклубы мен фестиваль қонақтары.

                  

    

18.00-18.30      Ақтөбе қаласының 145 жылдығына арналған «СТЕПНОЙ

АККОРД-2014» III Ақтөбелік Халықаралық авторлық әндер фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі.

Жүргізушілердің фестиваль қатысушыларымен таныстыруы. Қала әкімшілігі атынан құттықтау сөз.                           

18.30-19.00     Фестивальдің қазылар алқасымен таныстыру. Қазылар алқасының

мүшелері бір ән орындап, ант беру рәсімі өткізіледі.                           

19.00-20.00     Балалар арасындағы фестивальдің конкурстық бағдарламасы.

20.00-20.20    Балалар арасындағы байқаудың қорытындысы. Шақырылған қонақтардың мерекелік шашуы.

20.20-22.00     Фестиваль қатысушыларының конкурстық бағдарламасы

(ересектер арасында).

22.00-23.00     Қазылар алқасының қорытынды шығаруы.

22.00-23.00     Шақырылған қонақтардың мерекелік шашуы.

23.00-23.30    Байқаулардың қорытындысын жариялау, қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылардың естелік суретке түсуі.

23.30-03.00     «Малосольники» атты авторлық әндер клубтарының концерттік

бағдарламасы. (3 әннен соло орындау)

20 шілде, жексенбі

10.30-11.00     «Бос микрофон».

11.00-13.00     «Город на белом холме»атты қонақтардың қорытынды концерті.

11.00-12.30     Авторлық әндер клубтары мен фестиваль ұйымдастырушылары

арасында пікір алмасу, тәжірибе бөлісу мақсатында дөңгелек үстел.

13.00-13.30     «СТЕПНОЙ АККОРД-2014» III Ақтөбелік Халықаралық

Авторлық әндер фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі.

                        Ұйымдастырушы алқаның төрағасына сөз беріледі.

Фестиваль қонақтарын, ұйымдастырушыларын Алғыс хаттармен марапаттау. Қонақтарды шығарып салу.

 

«Қалалық мәдениет Үйі» МКҚК директоры                 Д.Жалғасова

 

«Халықтық» «Рюкзак» бард клубының

көркемдік жетекшісі                                                           О.Акчурина

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50