Қазақша   Русский

RSS-лента

Қалалық билік тұрғындармен есепті кездесуінде берген уәделерін орындауда

Қала әкімінің 2014 жылдың ақпан айында тұрғындармен өткізген есепті кездесулерінде айтылған өзекті мәселелердің жүзеге асырылу барысы Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаровтағы мәжілісте қаралды.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында қала әкімі тұрғындармен 8, соның ішінде ауылдық округтер тұрғындарымен 5 есепті кездесу өткізді.
Есепті кездесулерді дайындау және өткізу кезеңінде тұрғындардан 65 сұрақтар, арыздар және ұсыныстар келіп түсті.
Ақтөбеліктермен өткізілген есепті кездесулер қорытындысы бойынша «Қала әкімінің 2014 жылдың ақпан айында тұрғындармен өткізген есепті кездесулерінде келіп түскен өзекті мәселелердің жүзеге асырылуы бойынша іс-шаралар жоспары» құрылып, бекітілді.
Мәжіліс барысында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Ерлан Жақсығалидің мәлімдеуінше, аталған Жоспар елді мекендерді, тұрғын үй құрылысын, әлеуметтік саланы дамыту бойынша келіп түскен өзекті мәселелерден және 19 тармақтан тұрады.
Осылайша, Оңтүстік-Батыс-2, Россовхоз тұрғылықты массивтерінде жол салу жөніндегі жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады. Ә.Молдағұлова даңғылы, Ақжар-2, Лесной поселкесі бойынша Қобда ауданы бағытындағы жолдарды жөндеу үшін жұмыс жобалары әзірленуде.
«Қол жетімді баспана - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Нұр Ақтөбе» жаңа шағын ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда.
Бүгінгі таңда жас отбасыларға арналған 3 блок-секциялы тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы жалпы аумағы 11,33 мың шаршы м болатын 216 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар 2015 жылға қарай жас отбасылар үшін жалпы аумағы 13,5 мың шаршы м болатын 288 пәтерлі №28 үй (4 блок-секция) құрылысын салу жоспарлануда.
Жыл соңына дейін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша №23, №24, №25 тұрғын үйлер (10 блок-секция) бойынша жалпы аумағы 15,7 мың шаршы м болатын 270 пәтердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
2014 жылы №19, №20, №26 тұрғын үйлер (10 блок-секция) бойынша жалпы аумағы 33,2 мың шаршы м болатын 540 пәтердің құрылысы басталып, 2015 жылы аяқталады.
Ағымдағы жылдың тамызында Заречный-3 поселкесінде сумен жабдықтау желілерінің (3-кезек) құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «Интеграл» ЖШС-мен Жаңақоныс ауылдық округінде орта мектеп құрылысы басталып, 2015 жылдың екінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Россовхоз елді мекенінде мектеп құрылысын бастау жоспарлануда.
Инвестициялық жобалар комиссиясының шешімі негізінде кәсіпкер С.К.Наурызбаевқа Заречный-3 тұрғын массивінде жеке балабақша салу үшін жер учаскесі бөлінді.
Мердігер «СтройМастерКласс» ЖШС Сәңкібай батыр даңғылындағы сквер құрылысын аяқтап, мамыр айында М.Мәметова көшесінің бойындағы сквер құрылысы басталды. Оны тапсыру мерзімі келісім шарт бойынша 2014 жылдың желтоқсан айында.
Бюджеттен 20 ойын алаңдарын орналастыру үшін 50 млн теңге бөлінді, оның бірі «Болашақ» шағын ауданында орналастырылатын болады.
Тұрғындардың қоғамдық көліктің №7, 20, 45 маршруттары бойынша қозғалыс интервалын азайту жөніндегі арыздарына байланысты ТКШ қызметкерлерімен зерттеу жүргізіліп, тасымалдаушыларға анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ескерту берілді.
Көптеген жауын-шашынға байланысты қыс мезгілінде «Мәскеу» ауданынан бастап 20 көше аумақтарынан қар шығару жұмыстары жүргізілді.
Е.Жақсығали, сонымен қатар өткен жылғы тұрғындармен есепті кездесулердің қорытындылары бойынша 25 сұрақты қамтитын іс-шаралар Жоспарының жүзеге асырылуына да толық тоқталып өтті.
Аталған жоспардың 19 cұрағы толығымен шешімін тапты, соның ішінде Әкімжанов-Әз-Наурыз көшелерінің бойындағы жаңа жол өткелінің, Батыс-2 ауданындағы 50 метрлік бассейннің, 150 орынға арналған мектептердің, сондай-ақ, Құрашасай ауылындағы су-газбен жабдықтау желілерінің, №15, №52 мектептер ауданындағы спорт аумақтарының, Нұр- Ақтөбе шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің, Пригород ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы. Заречный-1 поселкесінің Тополиная көшесі бойындағы су құбырлары желісін қайта жаңғырту жүргізілді, Батыс-2 шағын ауданындағы аулалар көркейтілді, №3 автобус маршруты рейсінің саны арттырылды, демалыс күндері автокөлік базары ауданында полиция кезекшілігі ұйымдастырылды, қала мектептерінің кабинеттерін материалдық-техникалық жабыдықтау жұмыстары жүргізілді, вокзал маңы ауданына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, №8 мектеп ауданында көше жарығы орналастырылды.
6 тармақ жүзеге асырылу барысында бар, олар: Заречный-4 поселкесіндегі 1000 орынға арналған мектеп, 12 шағын аудандағы 600 орындық мектеп құрылыстары және т.б.
Мәселелерді қарастыру нәтижесі бойынша қала әкімі 2012-2014 жылдардағы есепті кездесулер қорытындылары бойынша бекітілген іс-шаралар Жоспары барысында барлық көзделген мақсаттарды орындау бойынша шаралар алу жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар, әкім есепті кездесулер барысында тұрғындардан келіп түскен барлық арыздарға мониторинг жүргізу жөнінде тапсырма берді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50