Қазақша   Русский

RSS-лента

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе Ақтөбе қаласы әкімдігімен Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық үміткерлердің үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленді. Заңға сәйкес үгіт баспа материалдары барлық үміткерлерге тең құқықты қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылады. Кобозев көшесі, 12 – қалқан-стенд;…
«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-мен қала әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат Комиссиясының қолдауымен 2015 жылдың 27-28 наурыз аралығында III Іскер әйелдер Форумы өткізіледі.Шараның уақыт тәртібі жергілікті сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.Форумның мақсаты – іскерлік және экономикалық дағдыларды дамыту жолымен әйелдер мүмкіндіктерін кеңейту, әйел кәсіпкерлігін дәріптеу, бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына…
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орай «Жаса Наурыз, дәстүрлі» атты танымдық шара және «Наурыз – ұлт құндылықтарының бастауы» тақырыбында ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырып өткізді.Мақсаты: өскелең ұрпаққа қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы және ұлттық тағамдар жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту арқылы…
«Ақтөбе қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.05.2012 жылғы №678 қаулысымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналарын жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидаларын» басшылыққа ала отырып, барлық заңды және жеке тұлғалардың, тіркеуде тұрған…
Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония Наурыздың он төртінде Қазақстанның батыс аймақтарында бұрыннан сақталған «Көрісу күніне» орайластырып, дәстүрлі әншілердің «Жыр-жауһар» атты концертін көптің назарына ұсынды.Ұлыстың ұлы күніне арналған концертте дәстүрлі өнерге сусаған тыңдарманның құлақ құрышын қандыратын Мұхиттың, Ғ.Құрманғалиевтің, Кердері Әубәкірдің, Ақтан Керейұлының, Нұртуған, Базар жыраулардың ән-термелері орындалды. Респуликалық додаларда бәйгенің алдын бермей…
Облыстық халық шығармашылығы үйі облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен 2015 жылдың 18 наурызы күні Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арнап «Наурызым - нұрлы жыр» атты жастар арасында айтыс өткізді.Айтыстың басты мақсаты – ұлттық үдірісімізді жандандыру жас айтыскерлер мектебінің жұмысын жетілдіру, Наурыз меркесінің маңызы мен халық өнерін дәріптей…
Көркемсурет лицейінде Наурыз мейрамына мерекелік шаралар жоспарына сәйкес дәстүр бойынша оқушылар жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрме лицейдің бірінші қабатында наурыздың 16-сынан 20-сына дейін оқушылар мен ата-аналардың назарына ұсынылады.Осы жылғы көрмеге оқушылардың ұлттық қолөнер тәсілінде орындалған жұмыстары қойылды. Композиция сабақтарында оқушыларымыз мұғалімдердің жетекшілігімен жүн басу, ши тоқу, басқұр тоқу сияқты тәсілдерді зерттейді…
Бүгін, 2015 жылдың 17-наурызы күні сағат 11.00-де облыстық Достық Үйінде қалалық қосымша білім беру педагогтары арасындағы «Шығармашылық сатысымен шеберлік шыңына!» атты фестиваль-байқауының жабылуына қайырымдылық концерт өтті. Қайырымдылық концерт Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналды.Бұл қайырымдылық концертті Қалалық білім бөлімі, қалалық ғылыми-әдістемелік Орталық пен Қазанғап атындағы өнер мектебі ұйымдастырды. 70 түрлі іс-шара барысында…
Құрметті қолданушылар!Ақтөбе қаласы әкімдігінің www.akimataktobe.gov.kz ресми сайтында «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Ләззат Аманжолқызы Оразбаевамен интернет-конференция өтіп жатыр.Қаланың білім жүйесін дамыту, білім сапасын арттыру, жаңа мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер құрылысы, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі, білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қабылданатын шаралар және т.б.…

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50