Қазақша   Русский

RSS-лента

Қол жетiмдiлiктiң қамтамасыз етуi және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мемлекеттiк саясаттың басым бағыттардың бiрi болып табылады.
Мемлекеттік қызмет – бұл қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Қалалық мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметтер заңына сәйкес 2013 жылдың 15 сәуірдегi «Мемлекеттiк қызметтер туралы» бойынша 2013 жылдың 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының қаулысымен бекітілген мемлекеттiк қызметтердi көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және талаптар мемлекеттік қызмет стандарт және регламентпен аңықталады.
Біздің қаламызда тұрғындарға мемлекеттік қызмет жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, әлеуметтік көмек орталығы, тұрғын үй есепке алу секторы, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, ветеринарлық стансасы, экономика және қаржы бөлімдерімен және ауылдық округ әкімдіктерімен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер: мемлекеттік мекемелер арқылы; халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы; «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтің 7 түрі тек қана Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер баламалы түрде көрсетіледі, яғни қызметтерді мемлекеттік органмен де, ХҚКО арқылы да алуға болады. 2014 жылда баламалы түрде 16 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтердің 16 түрі электронды форматқа көшірілді. «Электрондық үкімет» портал арқылы ең талап етілген қызметтер – «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру».
2014 жылы қалада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 100800, мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 48294. Мемлекеттік органмен халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 19492, сондай-ақ электрондық форматта 16855 қызмет көрсетілді.
Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер халыққа ыңғайлы болу үшін қалада 3 ХҚКО жұмыс істейді, олар Тургенев көш., 109, 12 м.а. 38Б және Қарғалы селосы, Сәтпаев көш., 10 мекен-жайында орналаскан.
Барлық мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметтердiң стандарттар және регламенттер стендтер және мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбi туралы орналасқан.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі толық ақпарат орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелерін үйлестіру
бөлімі басшысының м.а. С.Айтбаева

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50