Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақпараттардың ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметтерінің ашықтылығы «мемлекет азаматтарға қызмет ету» қағидасын іске асырудың маңызды шарттары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Тізілім бекітілген. Тізілім бойынша Ақтөбе қаласында тұрғындарға 87 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, азаматтық хал актілерін тіркеу, экономика және қаржы, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері және ауылдық округ әкімдіктерімен көрсетіледі.


2015 жылы қалада 158277 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығымен – 37388.
Есептік кезіңде қала мемлекеттік мекемелерімен баламалы негізінде көрсетілетін 25 мемлекеттік қызметтері бойынша 34462 қызмет көрсетілген, оның ішінде 24455 халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген, бұл 65,1 %-ды құрады.
Теқ қана ХҚКО арқылы көрсетілетін 11 мемлекеттік қызметтер бойынша 236 қызмет мемлекеттік орган арқылы, 14933 қызмет Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілді. Тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі 98,4% -ды құрады.
Электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша электрондық форматта 42776 қызмет, қағаз түрінде 43132 қызмет көрсетілген, жергілікті атқарушы органдардың мелекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жұмыстары тиімді жүргізілгенімен, электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 49,8% -ды құрады.
Барлық мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметтерге арнайы стандарттар, регламенттер және мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбi туралы ақпараттар бар стендтер орналасқан. «Ақтөбе» және «Актюбинский Вестник» облыстық газеттерінде «Халыққа қызмет көрсету» айдары жүргізулуде. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының www.akimataktobe.gov.kz ресми сайтында мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері, паспорттары және шағымдану тәртібі жарияланған «Мемлекеттік қызметтер», сондай-ақ қызметті онлайн режимінде алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» тарауы орналасқан.
2015 жылы «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау» өлшемі көрсеткішін жақсарту жөнінде іс шаралар жүргізілді.
Есептік кезеңде, 13 мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдері сақталмай көрсетілген және мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында, мемлекеттік органдарға келесідей міндеттер қойылды:
- Электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санын көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесін көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша халық арасында түсіндеру жұмыстарын жалғастыру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелерін үйлестіру
бөлімінің басшысы
С.Айтбаева

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50