Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақпараттардың ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметтерінің ашықтығы «мемлекет азаматтарға қызмет ету» қағидасын іске асырудың маңызды шарттары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген. Тізілім бойынша Ақтөбе қаласында тұрғындарға 96 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2016 жылы қалада 196387 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы – 46903.
Есептік кезіңде қала мемлекеттік мекемелерімен баламалы негізде 47646 қызмет көрсетілген, оның ішінде 46903 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген.
Электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша электрондық форматта 39485 қызмет, қағаз түрінде 62353 қызмет көрсетілген, жергілікті атқарушы органдардың мелекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жұмыстары тиімді жүргізілген.
Барлық мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметтерге арнайы стандарттар, регламенттер және мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбi туралы ақпараттар бар стендтер орналасқан. «Ақтөбе» және «Актюбинский Вестник» облыстық газеттерінде «Халыққа қызмет көрсету» айдары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының www.akimataktobe.gov.kz ресми сайтында мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері, паспорттары және шағымдану тәртібі жарияланған «Мемлекеттік қызметтер», сондай-ақ қызметті онлайн режимінде алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» тарауы орналасқан.
2016 жылы «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау» көрсеткішін жақсарту жөнінде іс шаралар жүргізілді.
Тұтынушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында, мемлекеттік органдарға төмендегі міндеттер қойылды:
- Электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санын көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесін көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50