Қазақша   Русский

RSS-лента

Бүгінгі күні Үкіметімен бекітілген тізіліміне сәйкес Ақтөбе қаласында 12 қалалық мемлекеттік мекеме және 5 ауылдық округтермен 102 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, оның ішінде:
• жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 20 қызмет;
• білім бөлімі – 24 қызмет;
• жер қатынастары бөлімі – 10 қызмет;
• сәулет және қала құрылысы бөлімі – 5 қызмет;
• ауыл шаруашылығы бөлімі – 10 қызмет;
• ветеринария бөлімі – 6 қызмет көрсетеді.
• 5 ауылдық округтер әкімдіктері – 2 қызмет;
• тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі – 6 қызмет;
• жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 3 қызмет;
• дене шынықтыру және спорт бөлімі – 1 қызмет;
• экономика және қаржы бөлімі - 1 қызмет;
• кәсіпкерлік бөлімі- 4 қызмет;
• азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі – 10 қызмет.
2017 жылдың I жартыжылдығында Ақтөбе қаласы жергілікті атқарушы органдармен 72242 қызмет көрсетілген.
- Баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі:
Баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 17688 рет мемлекеттік корпорация арқылы және 1281 рет мемлекеттік орган арқылы көрсетіліп, Мемлекеттік корпорация арқылы баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі 94,8%-ды құрады (2016 жылы – 65,4%).
- Тек қана Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі:
Тек қана Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын 15 мемлекеттік қызметтер бойынша 12225 қызметтің 252-і мекеме арқылы көрсетілген (ағымдағы жылдың басында 2 мемлекеттік қызмет баламалы түрде көрсетілді).
Тек қана Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 97,7%-ды құрады.
- Мемлекеттік органдардың «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы крсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың үлесі:
Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 53 түрі электрондық түрде көрсетеді.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 6314 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50