Қазақша   Русский

RSS-лента

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында тұрғындарға көрсетілетін дәл осы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және әлеуметтік маңызды қызметтерді электронды форматқа көшіру туралы айтты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Тізілім бекітілген. Тізілім бойынша Ақтөбе қаласында тұрғындарға 50 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі, ауылдық округ әкімдіктері сияқты және басқа да қалалық мемлекеттік мекемелермен көрсетіледі.
Мемлекеттік органдарда (ведомстволық ұйымдарында) мемлекеттік қызметтің 18 түрі көрсетіледі. Олар «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ, "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ, "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" ММ, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
Мемлекеттік қызметтің 7 түрі Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі, соның ішінде - Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы; Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою; Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру; Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру; Тұрғын үй көмегін тағайындау; Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру; Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөпірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтар мен санаттарын беру.
Сондай-ақ баламалы түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер, яғни мемлекеттік қызмет мемлекеттік органмен және ХҚКО арқылы көрсетіледі. 2013 жылы баламалы түрде 11 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Ал электронды форматқа 13 қызмет аударылды, соның ішінде 5 қызмет білім бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 7 қызметі және тұрғын үй қорын есепке алу секторының 1 қызметі аударылды. «Электрондық үкімет» портал арқылы ең талап етілген қызмет - Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою.
«Электрондық үкімет» портал арқылы қызмет алу ыңғайлылығы бұл уақытты үнемдеу, кезегі жоқ және ең аз құжаттар мөлшерінің болуы.
2013 жылы қалада 50 түрлі қызмет көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 108992, мемлекеттік қызмет алған адамдардың саны 108382 адам болды.
Мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 94355. Мемлекеттік органмен халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 14637.
Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер халыққа ыңғайлы болу үшін қалада 2 ХҚКО жұмыс істейді, олар Тургенев көш., 109 және Қарғалы селосы, Сәтбаев көш., 10 мекен-жайында орналаскан.
2013 жылғы компьютерлік теңсіздікті төмендету бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе қаласында 465 тұрғын оқытылды және мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» портал арқылы алу үшін 450 адам курстардан өтті.
Мемлекеттік органдардың міндеті халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, оларды мемлекеттік қызметші мен келуші арасындағы байланысты жоққа шығаратын электронды форматқа көшіру, бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауы үшін жағдайларды жоюға ықпал ететін болады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50