Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылдың желтоқсан айының 29 жұлдызындағы №1096 бұйрығының талаптарына сәйкес, ІІД өз құзыреті шегінде браконьерлікке қарсы күресте қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек көрсету және экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу және тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, табиғатты қорғау іс-шараларына ішкі істер органдарының қатысуы бойынша міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлеріне, сондай-ақ осы бағыттағы функциялар жүктелген жергілікті полиция қызметінің полиция қызметкерлеріне жүктеледі.
Ішкі істер органдарының құзыреті:
1) ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;
2) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тергеуді жүзеге асырады;
3) экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Табиғатты бұзу деректеріне куәгер болған жағдайда немесе арыз – шағым беруге қалалық, аудандық Ішкі істер бөлімдеріне келесі мекен-жай бойынша немесе телефон номерлері арқылы хабарласуынызға болады.
Ақтөбе қаласы, 312 атқыштар дивизиясы 5 «А». Байланыс телефоны: 8 /7132/ 77-67-50, 77-67-79. Индексі:030000.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50