Қазақша   Русский

RSS-лента

«БЕКІТЕМІН»

Ақтөбе қаласының әкімі, ведомствоаралық комиссияның төрағасы

_______________ Б.Сағын

2016 жылғы «14» қаңтар

1 – тоқсан

1.Қылмыспен күрес жағдайы, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы.

       Баяндайтын: Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы

  

2. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар және өз- өзіне қол жұмсау мәселесі туралы.

Баяндайтын: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ

2- тоқсан

1.   Білім мекемелеріне бармайтын жасөспірімдер мен балаларды анықтау және жастардың жазғы мезгілде бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы.

Баяндайтын: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ

2. Маскүнемдік және шылым шегудің алдын алу жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы.

Баяндайтындар: Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ

3. Адам саудасына қарсы іс- қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

Баяндайтын: «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы»ММ

3 – тоқсан

1.Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға қарсы «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы.

Баяндайтындар: «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы» ММ, «Ақтөбе қаласының тұрғын – үй инспекциясы бөлімі» ММ

2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, мемлекеттік органның интернет ресурстарында ақпараттар мен баспа беттерінде мақалаларды жариялау, бейнероликтерді жалға беру, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ақпараттық- насихаттық жұмысты ұйымдастыру.

Баяндайтын: «Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ

4 – тоқсан

1. Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың жұмысын жандандыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы.

Баяндайтын: «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы»ММ

2. Қолайсыз криминогендік жағдайдағы оқу орындарына кешенді тексеру жүргізу қорытындысы.

Баяндайтын: : «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ

Ақтөбе қаласы

әкімінің орынбасары                                                                                      Қ. Әлімов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50