Қазақша   Русский

RSS-лента

Испанов Ілияс Сапарбекұлы, 01.01.1976 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Қапланбек зоовет техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару Академиясының нарық институтын қаржыгер мамандығы бойынша, Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы Академиясын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы «Ақ-бастау» АБ Сарыағаш филиалының бухгалтер-экономисі, валюта бөлімінің маманы, директордың орынбасары болып бастады. Одан кейін осы облыстың Сарыағаш қаласының «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» АКО-ның бастығы, Республикалық бюджеттік банкі Сарыағаш бөлімінің бастығы, «Темірбанк» ААҚ-ы Шымкент филиалының меңгерушісі, Сарыағаш қаласының «Күркелес» ӨК төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының сараптама-талдау бөлімінің бас маманы, әкімнің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Астана қаласы бойынша Кеден бақылау агенттігі төрағасының көмекшісі, Астана қаласы бойынша Кеден басқармасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласының Соттар әкімшісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның 2013 жылғы 21 маусымдағы шешімі және ««А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 бұйрығы негізінде І.С. Испанов «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасының 2013 жылғы 3-қыркүйектегі Өкімімен № 72л І.С. Испанов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің(Жоғарғы Сот аппараты) басшысы қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 12.05.2008 жылғы Жарлығымен «Құрмет» Орденін иеленді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан қаржы полициясына 20 жыл» медальдары, «ҚР Прокуратура органдарының құрметті қызметкері» атағы берілген.
Сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары, судьялар қауымдастығын нығайтудағы белсенді қызметі үшін 2013 жылы Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би» Құрмет белгісін иеленді.
Отбасылы, 4 баланы тәрбиелеп отыр.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50