Қазақша   Русский

RSS-лента

Қала әкімінің есебіне түскен сұрақтар мен ұсыныстар

Сұрақтарды шешу жөніндегі іс-шаралар

Жүзеге асыру барысы

1

Қобда бағытындағы жолды кеңейтуді және жөндеуді сұраймын

 

Қобда бағытындағы жолды кеңейту және жөндеу мүмкіндігін қарау

«АктобеДорПроект» ЖШС «Қобда тас жолы бойындағы 723 км-ден Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі автомобиль жолын күрделі жөндеуге» жұмыс жобасы әзірледі. Аталған жобада бөлу жолағын орната отырып, 4 жолақты жол қозғалысы қарастырылған, жобаның жалпы сметалық құны 349,9 млн.тг.құрайды.

Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамаға тапсыруға дайындалуда. Ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарлануда.

2

Ә.Молдағұлова мен Сәңкібай батыр даңғылдарының қиылысындағы жүк көлігінің қозғалысын жеңілдету мақсатында жұмыс жүргізілуін сұраймыз

Ә.Молдағұлова даңғылын Сәңкібай батыр даңғылынан Бәйішев көшесіне дейін кеңейту жұмыстарын жүргізу

Ағымдағы жылы жүретін жолды кеңейте және 6 жолақты қозғалысты ұйымдастыра отырып, Ә.Молдағұлова даңғылын күрделі жөндеуге жоба әзірленді. Бұл жобада Ә.Молдағұлова мен Сәңкібай батыр даңғылдарының қиылысында оң бұрылыс орната отырып, толыққанды қиылыста айналмалы жол айырығын қайта орнату көзделген. Жоба ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізілген.

3

Жүргізушілер құқығын алу жөніндегі қызмет түрлері автокөліктерді тіркеу, нөмірлер беру және өзге құқық бұзушылық жөнінде ХҚКО арқылы төлем төлеудің ұйымдастырылуын сұраймын

Батыс-2 тұрғын массивінде Арнайы ХҚКО-ң құрылысын бастау

2012 жылғы 1 қазандағы №3045 қаулы негізінде Ақтөбе қаласының әкімдігі «Батыс-2» ықшам ауданында автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру жөніндегі мамандандырылған ХҚКО құрылысы үшін ауданы 7 га жер учаскесін бөлді. Бұл жобаның тапсырыс берушісі «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы» ММ болып табылады. Жобалық жұмыстар сомасы 10,998 млн.теңге құрайды. Ағымдағы жылы «РемСтрой Проект» ЖШС-мен кірме жолдармен, қоятын жерлермен, гаражбен, автодроммен, сыртқы желілермен қамтамасыз ете отырып, жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. ҚР көлік және коммуникация министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес облыс орталығындағы МХҚКО құрылысы 2015-2016 жылдарға жоспарланған.

4

Ақжар-2 поселкесінің тұрғындары орталық жол салуды сұрайды

Жол салуды қарастыру

2013 жылы «Актам-инжиниринг» ЖШС «Ақжар-2 ауданындағы орталық автомобиль жолын күрделі жөндеуге» жұмыс жобасын дайындады. Бүгінгі таңда ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өту үстінде. Жоба ағымдағы жылғы жұмыс жоспарына енгізілген.

5

Заречный-3 поселкесін сумен жабдықтауды салуды сұраймыз

Заречный-3 елді мекенін сумен жабдықтау желілерінің құрылысын аяқтау (3 кезек)

Қазіргі таңда «Ақтөбе қаласы,Заречный-3кенті, жаңа құрылыс ауданындағысуменжабдықтау желілерінің құрылысы» (1-ші кезек) және (3-ші кезек) нысандары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларының актілеріне қол қою рәсімдері жүргізілуде. Нысандарды пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі – ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйегі.

6

№ 27 мектептегі кейбір кабинеттер салқын, терезелері көне,   алмастырып беруді сұраймын

Терезелерін алмастыра және жылу құрылғыларын жөндей отырып, № 27 мектепке жөндеу жүргізу

2014 жылы № 27 ОМЛ-де күрделі жөндеу жүргізуге 39,5 млн.теңге қарастырылған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарына байқау жарияланды.

7

Лесное елді мекенінде тұрамын. Жолды асфальттауды сұраймын

Жол құрылысын қарастыру

«АктобеДорПроект» ЖШС-мен Лесное ауылында автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындалды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өту үстінде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын ағымдағы жылы бастау жоспарлануда.

8

Москва ауданының тұрғындары қардың қалың жаууына байланысты қар шығаруды сұрайды

Қар шығару жұмыстарын ұйымдастыру

Қысқы мерзімде Москва ауданындағы Иманов, Московская, Білтабанов, Павлов, Әжібай би, Разин, Красная, Вокзальная, Мөңке би, Жаманқұлов, Бақтыбай батыр, Беркімбаев, Мясоедов, Космодемьянская, Белогорская, Арынов, Морозов, Крылов, 1905 жыл, Д.Бедный, Пушкин көшелерінен қар шығарылды.

Мәселе шешілді

9

12 ш/а жаңа сквер салынады деп естідік. Құрылысы қашан басталады екен?

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жобанны жүзеге асыруды бастау

Бас мердігер «СтройМастерКласс» ЖШС Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылынан Сазды өзені жағындағы «Аида» сауда үйіне дейінгі М.Мәметова көшесіндегі сквер құрылысының жұмыстарын бастады. Нысанды тапсыру мерзімі келісім-шарттық міндеттемелер мен қаржыландыру жоспарына сәйкес 2015 жылдың желтоқсан айы.

Нысан құрылысының құны 220,06 млн.тг. құрайды.

Қазіргі уақытта барлық жұмыстарды аяқтау және нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін тапсыру мақсатында қаржыландыру сомасын көбейту мәселесі қарастырылуда.

10

Оңтүстік-Батыс-2 тұрғын массивінің тұрғындары жол салып беруді сұрайды

Жол құрылысын қарастыру

Ағымдағы жылғы мамыр айында «КТП» ЖШС-мен Оңтүстік- Батыс-2 автомобиль жолын күрделі жөндеуге құрылыс- монтаж жұмыстарына келісім-шарт жасалды. Келісім-шарттың сомасы 33,27 млн.тг., жұмысты 2014 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.

11

Заречный-3 кентінің тұрғындары балабақша салып беруді сұрайды

Балабақша құрылысы жұмыстарын жүргізу

Қазіргі таңда бюджеттік қаржыландыру есебінен Заречный-3 кентінде 150 орындық балабақша құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Бұл объектінің сметалық құны 290,8 млн.теңге құрайды. Қазіргі сәтте осы объекті құрылысын 2015-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеттен қаржыландыру жоспарына енгізу Бұдан басқа МЖС шеңберінде қала әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы №1716 қаулысы   және қалалық инвестициялық жобалар комиссиясының қаулысы бойынша жеке кәсіпкер С.К.Наурызбаевқа 4700 ш.м. жер учаскесі жеке балабақша орналастыру және салу үшін бөлінген.

12

Болашақ тұрғын массивінде спорт алаңы жоқ

Спорт алаңының құрылысын бастау жөнінде ұсыныс беру

Ақтөбе қаласында спорт-ойын алаңдарының құрылысы жөнінде тізім жасалынды. «Болашақ» тұрғын массиві осы тізімге қосылған.

13

Автобазар ауданында жабық автобус аялдамасын орнатуды сұраймыз

Аялдама павильонын орнату

12 мөлтек ауданындағы айналма жолдан Сазды кентіне дейінгі автомобиль жолы «Ақтөбе облысының жол басқармасы» ММ-нің балансында.

14

«Жас отбасы» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары биыл жалғаса ма?

«Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша жас отбасыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу және бағдарламаның жүзеге асырылуын жалғастыру

«Қол жетімді баспана 2020» Бағдарламасы аясында жас отбасыларға г/п 22 3 блок-секция құрылысы жүргізілуде. Жылдың сонына дейін осы үйде жалпы ауданы 11, 33 мың ш.м. 216 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Ағымдағы жылы бас мердігер «Ақтөбе Сәулет» ЖШС жалпы ауданы 13,5 мың ш.м. 288 пәтерлік №28 үйдің 4 блок-секциясының құрылысы басталды. Пайдалануға тапсыру мерзімі 2015 жылдың желтоқсан айы.

15

№№ 7, 20, 45 маршруттардың қозғалыс аралығын азайтуды сұраймыз, сағат 19.00-ден кейін автобустар нашар жүреді.

№№ 7, 20, 45 автобус маршруттары қозғалысының аралығын қысқарту мүмкіндігін қарастыру

№7 ,20, 45 маршруттарының ара қашықтығын азайту мәселесі бойынша жоғарыда айтылған маршруттардың қозғалыс аралығын тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Қозғалыс аралығы сақталмайтыны анықталды, оның нәтижесі бойынша тасымалдаушылар «Автопарк» ЖШС және «Ақтөбе қаласының жолаушы автокөлігі кәсіпорны» ЖШС-не анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама берілді. Қазіргі таңда қалалық қоғамдық маршруттарға қызмет көрсету құқығына тендер өткізуге конкурстық құжаттама дайындалуда, оның шарты бойынша осы маршруттар қозғалысының аралығы қысқартылатын болады.

16

Россовхоз елді мекенінде жол өте нашар. Қалаға жету қиын.

Жол құрылысын қарастыру

Россовхоз селосындағы жолдарды күрделі жөндеу ағымдағы жылдың шілде айында басталып, тамыз айында аяқталады. Ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына қосылды.

17

Россовхоз елді мекенінде мектеп салуды сұраймыз

270 орындық мектеп құрылысының мүмкіндігін қарастыру

Қазіргі уақытта Россовхоз (Өрлеу тұрғын массиві) кентінде 270 орындық мектеп құрылысы бойынша ЖШС таңдауға конкурстық процедуралар жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын басталуы ағымдағы жылғы шілденің аяғында, барлық жұмыстарды аяқталу және пайдалануға тапсыру 2015 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. Бұл объектінің сметалық құны 372,2 млн.теңге.

18

Жаңақоныс мектебінде оқушы орындары жетіспейді, бұл мәселені шешу үшін не қабылдануда?

Жаңақоныс селосындағы 600 орындық мектеп құрылысын жалғастыру

2014 жылғы мамыр айында «Интеграл» ЖШС Жаңақоныс селосындағы 600 орындық орта мектеп құрылысы бойынша жұмыстарды бастады. Бұл объектіні қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау және объектіні тапсыру мерзімі 2015 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.

19

«Нұр Ақтөбе» шағын ауданында ТҮҚЖБ жүйесі бойынша осы жылы үй салына ма?

ТҮҚЖБ жүйесі бойынша «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру

Ағымдағы жылдың соңына дейін осы бағдарлама аясында жалпы көлемі 23,6 мың ш.м., 540 пәтерлік № 23, 24, 25 үйлердің (10 блок-секция), құрылысын аяқтау жоспарлануда. 2014 жылы   540 пәтерлік, жалпы көлемі 33, 2 мың ш.м. № 19, 20, 26 үйлер (10 блок-секция) құрылысы басталды. Бұл объектілердің құрылысын аяқтау 2015 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50