Қазақша   Русский

RSS-лента

Жүктеу

Өткен 2014 жыл, сөзсіз, оңай болды деп айта алмаймыз. Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық дамуына, республикамыздың бүкіл аудандарына да, сыртқы саяси және экономикалық факторлар үлкен әсер етті.

Осы жағдайда елдің жаңа экономикалық саясатында тұжырымдалған, Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жыл сайынғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы ел және өңірлер экономикасының қуатты қозғалтқышы болады.

Бұл, бәрінен бұрын, үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, көлік-логистикалық, индустриалдық және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту сияқты аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020», «Бизнестің жол картасы — 2020» сияқты бағдарламаларды және басқа да бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруға тиіспіз.

«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында алға қойылған міндеттерге сәйкес, біздер 2015 жылға болжанған жоспарларды жүзеге асыруға үлкен сеніммен қараймыз.

Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығара отырып, әлемдік экономиканың тұрақсыздығына және нарық конъюнктурасының өзгеруіне қарамастан тұтастай алғанда қаламыздың дамуында оң өзгерістер сақталынып отырғанын атап өту керек.

ЭКОНОМИКА

Ақтөбе қаласы тұрғындарының саны 2014 жылдың соңында 438,8 мың адам, соның ішінде, ауыл тұрғындары 51,5 мың адамды құрады.

2015 жылғы 1 қаңтардағы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі — 241,8 млрд. теңге, табиғи көлем индексі 97,2% құрайды.

Өнеркәсіптік өнім көлемінің төмендеуіне қаланы қалыптастыратын кәсіпорындардың 2013 жылмен салыстырғанда шығаратын өнімінің азаюы ықпал етті.

2015 жылғы 1 қаңтардағы негізгі каптиталдағы инвестициялар көлемі —177,1 млрд. теңге, табиғи көлем индексі 101,7% құрайды. Соның ішінде кәсіпорындардың жеке қаражаттары — 124,9 млдр. теңге.

2015 жылғы 1 қаңтардағы құрылыс жұмыстарының көлемі — 76,2 млрд. теңге, табиғи көлем индексі 113,4% құрайды.

2015 жылғы 1 қаңтардағы бөлшек тауар айналымының көлемі — 368,7 млрд. теңге, табиғи көлем индексі 108,7% құрайды.

2014 жыл ішінде кірістер 100,6% орындалды, түсімдер 19,0 млрд. теңге құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 2,4 млрд. теңгеге көп.

48,2 млрд. теңге сомасындағы бюджет шығыстары 99,9%-ға орындалды.

2014 жыл ішіндегі Ақтөбе облысы бойынша инфляция 6,7% (ҚР бойынша – 7,4%құрады. Соның ішінде, тауарлардың азық-түлік тобы бойынша – 7,8% құрады, бұл республика бойынша алғанда 0,2%-ға төмен (ҚР бойынша – 8,0%).

2014 жылы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласының 129 кәсіпорнына немесе қолдау көрсетілген облыс кәсіпкерлерінің жалпы санынан 78,8%-на мемлекеттік қолдау көрсетілді. Соның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 4,9 млрд. теңге сомасында 101 жобаны, кепілдік беру бойынша – 282,1 млн. теңге сомасына 23 жоба, инфрақұрылымдық қолдау бойынша – 189,1 млн. теңге сомасына 3 жоба және гранттар бөлу бойынша 9,0 млн. теңге сомасына 2 жоба бар.

Алынған шаралар отандық тауарлар мен қызметтер нарығында кәсіпкерлерді әрі қарай дамыту үшін айтарлықтай «түрткі» көрсетеді.

2014 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелінген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37,9 мың бірлік құрады, бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 2,7%-ға көп.

Олардың ішінде ШОБ белсенді субъектілерінің саны 2,2% артып, 23,7 мың бірлік құрады. Тіркелінгендер қатарындағы белсенді субъектілер үлесі 62,4% құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салықтық түсімдер қала бойынша 94,1 млрд. теңге құрады, бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 5,6%-ға көп.

Қысқы мерзімде тұрғындарды қолжетімді бағамен көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2015 жылдар маусымы аралығындағы кезеңде тұрақтандыру қорының жедел қорын құру жөнінде жұмыс жүргізілді. Бүгінде 1965 тонна көлемінде Тұрақтандыру қорына өнімдерді толық салу жүргізілді.

Осыған байланысты Тұрақтандыру қорына салынған көкөніс өнімдерінің жалпы көлемінің 67%-дайы жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден сатып алынды, қалған 33% елдің басқа өңірлерінен әкелінді. Картопқа келетін болсақ, жергілікті өнім үлесі 80%, әкелінгендері 20% құрайды.

Біздің қаламыз супермаркеттер желісі кеңінен тармақталған аз қалалардың бірі болып табылады. 10%-дан аспайтын сауда үстемесі бар қолжетімді бағаларды қамтамасыз ету жөнінде дәл осы тұрпаттар өз үлесін қосады.

Бөлшек сауда желілері — «Анвар», «Дина», «Сапа Маркет» кәсіпорындарымен жасалған меморандумдар шарттарының сақталынуын бақылау ынтымақтастықтың осы түрінің тиімділігін және бөлшек ритейлінің осы ойыншыларымен өзара түсіністікті көрсетеді.

2014 жылғы желтоқсан айында Ақтөбе қаласы әкімдігі және ірі бөлшек сауда кәсіпорындары, азық-түлік базарлары арасында  меморандумдарға қол қойылды.

Қол қойылған меморандумдар аясында ірі сауда желілері («Анвар», «Дина»)  тауардың кіріс бағасына 10% үстеме ақымен шектеледі, сол сияқты басымдық тәртіпте жергілікті тауар өндірушілер өнімдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Азық-түлік сауда базарлары («Орталық базар», «Алтай», «Анвар», «Арай», «Жилгородской», «Табыс» коммуналдық базары, «АгроСити», «БатысАгро 2008» көтерме базарлары) өз кезегінде жалдаушылар үшін қызметтерді негізсіз көтеруге жол бермеуге (сауда орындарын және жайларды жалдау, басқа да қосымша қызметтер), сол сияқты қажет кезінде Тұрақтандыру қоры резервінен азық-түлік тауарларын жүзеге асыру үшін жеңілдік жағдайда сауда орындарын (кемінде 5 бірлік) беруге міндеттеме алады.

Одан басқа, «Актан групп» ЖШС жасалған меморандум міндеттерінің бірі, сауда үстеме ақысы 10%-дан көп емес Тұрақтандыру қоры өнімдерін өткізу үшін «Сапа маркет» супермаркетінде «әлеуметтік бұрыш» ашу болып табылады.

Өз тарапынан қала әкімдігі әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің барлық бастамаларына ақпараттық қолдау көрсетіп, ішкі рынокта, соның ішінде Ақтөбе қаласының желілік дүкендерінде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерінің қозғалысына жәрдем береді.

ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында Қазақстанның Индустрияландыру картасына кірген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде белсенді де мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде.

Осы бағдарламаның алғашқы бесжылдығы аясында Ақтөбе қаласының 43 инвестициялық жобасы жүзеге асырылды.

2014 жылдың 9 айы ішінде іске қосылған 38 объекті бойынша жоспарлы қуатына қол жеткізу төмендегідей:

- 34 кәсіпорын немесе жалпы санның 89,5%-ы 70-тен 100% дейінгі жоспарлы қуатына жетті;

- 4 кәсіпорын немесе 10,5% жоспарлы қуатының 70%-на жетті.

2014 жылы Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 79,6 млрд. теңгеге 5 жаңа жоба жүзеге асырылып, 961 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл:

- Қуаты жылына 430 мың тонналық «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС рельс-арқалық зауытының құрылысы. Жоба инвестициясының көлемі 76,6 млрд. теңге құрайды, нәтижесінде 764 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жобаның бірегейлігі жоғары жылдамдықты қозғалыс және жүк шиеленістілігі жоғары желілерде қолданылатын термо-берік рельстер өндірумен қорытындыланады. Алдағы уақытта жоба аясында жоғары сапалы рельстер өндірісі үшін әзірлемелер шығаратын электрлі болат балқыту цехын салу да жоспарлануда.

Өндірісті электр қуатымен қамтамасыз ету үшін оны одан әрі 200 Мвт дейін кеңейте отырып, қуаты 40 Мвт газ-поршеньді электр станциясының құрылысы аяқталып келеді.

- Қуаты жылына 1500 тонналық 3 гектар жердегі «Ақтөбе-Жылыжай» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысы. Жоба инвестициясының көлемі 1,5 млрд. теңге құрайды, нәтижесінде 35 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Бірінші көшеттерді отырғызу 2015 жылдың ақпан айына жоспарланған.

- Бір уақытта сақталынатын қуаты жылына 15 мың текше метр жанар-жағармай материалдары болатын «Южпромснаб» ЖШС инновациялық технологияларды қолдана отырып, ЖЖМ қоймасының құрылысы. Жоба инвестициясының көлемі 890,0 млн. теңге құрайды. Объекті 2014 жылғы сәуірде пайдалануға берілді, нәтижесінде 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

- Қуаты жылына 40 мың тонналық жанар-жағармай материалдары болатын «Жан Ами и К» ЖШС химиялық өнімдер және мотор отынын шығаратын шағын зауыт. Жоба инвестициясының көлемі 117,0 млн. теңге құрайды. 2014 жылғы маусымда пайдалануға берілді. Бүгінде дайын өнімнің алғашқы үлгілері алынды.

- Қуаты жылына 24 мың шартты қума метрлік «Казтеплоэнергомонтаж» ТС фитингтер, шығармалар, әрекеттер және стандартты жинақтаушылар шығаратын кешен. Жоба инвестициясының көлемі 415,0 млн. теңге құрайды, нәтижесінде 42 жаңа жұмыс орны ашылды.

Барлық жобаларды жоспарлы қуатына шығару жөнінде мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылы ҮИИД бағдарламасының бірінші бесжылдығы аяқталды. Біз экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты да теңгермелі өсімін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттерге қол жеткізілді.

2-ші бесжылдық бағдарламасы өңдеу өнеркәсібіне шоғырландырылатын болады.

Бұл реттегі өлшемдер қарапайым: жоғары еңбек өнімділігі, бәсекеге қабілетті өнім шығару, экспорт, мемлекеттік қолдаудың тиімділігі.

Айтылған өлшемдерді ескере отырып, біз Индустрияландыру картасына жаңа инвестициялық жобаларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізудеміз.

Тау-кен металлургиялық сала әлеуетін өсіру жалғасуда, мұнда жоғары қосымша құны бар өнімдерді шығаруға байланысты жаңа қайта өңдеу өндірісін кезең-кезеңмен ашу және сыртқы рынокқа оның экспортын кеңейту болып табылады.

Экономиканың басым секторларына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау мақсатында, сол сияқты әлемдік стандарттарға жауап беретін осы заманғы өнеркәсіптік-өндірістік кешендерді құру үшін Ақтөбе қаласының  индустриалды аймағын құру үшін жұмыс жүргізілуде.

«Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ атына рәсімделген, жалпы ауданы 200 га жер учаскесі бөлінді. Өндірістік инфрақұрылымды жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Индустриалды аймаққа құрылыс индустриясының 15-тен астам өнеркәсіптік объектілерін орналастыру жоспарлануда, оларды жүзеге асыруға 5 мыңнан астам жұмыс орындарын аша отырып, 500 млн.-ға жуық АҚШ доллары тартылатын болады.

Соның ішінде, индустриалды аймақта 2015-2017 жылдары 3 ірі жоба жүзеге асырылатын болады:

- қуаты жылына 90,0 мың тонналық электрмен пісірілетін тік жікті құбырлар өндірісі жөніндегі зауыт;

- қуаты жылына 200,0 мың дана анкерлі бекітпелер өндірісін кеңейту;

- қуаты жылына 500 мың тонналық металл құрастырмалар, 438 мың текше метр тауарлы бетон, 100 мың текше метр ТББ, 219 мың тонна асфальт-бетон болатын өндірістік-өнеркәсіптік кешен.

«Ақтөбе қаласында индустриалды аймақты құру» жобасын жүзеге асыру арқасында өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі, сауда, көлік, коммуналдық шаруашылық, логистика және өңірдегі басқа да қызмет түрлері дамитын болады, бұл тұрғындардың тұрмыс сапасын жүйелі түрде арттыру үшін алғышарттар жасайды.

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК СЕКТОР

Есепті 2014 жыл ішінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 12,1 млрд. теңгені құрады.

Бүгінде қалада 148 ауыл шаруашылығының құрылымдары, соның ішінде, 130 шаруа қожалығы, 13 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 4 өндірістік кооператив және 1 мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жұмыс істейді.

Ақтөбе қаласында егіс алаңдарының құрылымдарын әртараптандыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде. 2014 жылы қала шаруашылықтары, жалпы алғанда 2,8 мың гектарға егіс екті. Негізгі назар егістік мал азығы дақылдарын 4,3 мың га көбейтуге аударылды – бұл 2013 жылғы деңгейден 26 %-ға көп.

Дегенмен мамыр, маусым және тамыз айларындағы топырақтың және ауаның құрғақтығы өз түзетулерін енгізді — жазғы егіс дақылдарының үлкен бөлігі өспей қалды және есептен шығарылды. Жалпы алғанда ағымдағы жылы шаруашылықтардың барлық санаттарында 8278 га егіс есептен шығарылды. Барлығы 1858 тонна астық бастырылды, орташа шығымдылық 3,5 ц/га құрады.

Күздік дақылдарды жинау оңтайлы мерзімде өтті. Күзгі дақылдарды жинау алаңы 450 га құрады, 550 тонна бастырылды, орташа шығымдылық – 12,2 ц/га.

Қала шаруашылықтары мен тұрғындары көкөніс-бақша дақылдары мен картоп жинауды өткізді. 1709 га ауданнан барлығы 30,1 мың тонна картоп, 1300 га ауданнан 22,6 мың тонна көкөніс, 34 га ауданнан 517 тонна бақша дақылдары жиналды, бұл 2013 жылғы деңгей мен көлемге сай келеді.

Қорғалынған топырақта көкөніс өсіру ауданын көбейту мақсатында қалада жылыжай өндірісі даму алды. Бүгінде қалада 8 га аумақта 4 жылыжай жұмыс істейді. Ауданы 12 га жерде тағы да 4 жылыжай салу және кеңейту жүргізілуде. Ағымдағы жылы жұмыс істеп тұрған жылыжайлар қала тұрғындары үшін 1775 тонна көкөніс өнімдерін өндірді.

2014 жылы мемлекеттен өсімдік шаруашылығын қолдауға ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге жанар-жағармай, гербицидтер, тұқымдар мен басқа да материалдық-тауарлы құндылықтарды алуға субсидиялау арқылы 81,8 млн. теңге төленді.

Қала бойынша шартты 12,7 мың бас ауылшаруашылық жануарлары 2014-2015 жылдарға қыстатуға кірді. Осы бас малдарға тұрақты қыстату үшін 49,9 мың тонна шөп керек. Бүгінде жоспарланған қысқы азықтың толық көлемі әзірленді.

2014 жылы жедел мәліметтер бойынша ет өндірісі тірілей салмақта 8999,9 тонна немесе 100,0%, сүт – 24891,4 тонна немесе 103,0%, жұмыртқа – 121,2 млн. дана немесе 100,0%, жүн  89,4 тонна немесе 101,0%,  құрайды.

Қала маңында сүт кластерін одан әрі дамыту және осы заманғы сүт-тауарлы ферманы құру мақсатында «Матай» ш/қ қуаты 400 бас ферма үшін сүт бағытындағы мал әкелу жоспарланған.

«Еңбек» және «Анисан» шаруа қожалықтары 50 бас сиырдан шағын СТФ ашу үшін «Ырыс» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несиелік қаржы алды. Осы фермалар маңынан суаруды қолдана отырып, мал азығы өндірісін қарқынды дамыту қарастырылуда. Шаруашылықтар мал азығын өсіру және жинау жөніндегі ауыл шаруашылығы техникаларын алуда.

«Мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2014 жылы шаруа қожалықтары 144 бас аналық мүйізді ірі қара мал сатып алу үшін 28,8 млн. теңге сомасына несиелік қаржы алды.

Есепті мерзім ішінде қала шаруашылықтары МІҚ тұқымын түрлендіру бойынша селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу және ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды мал басының үлесін көбейту үшін 16 бас герефордты және қазақтың ақбас сиыры тұқымының асыл тұқымды бұқаларын, 226 түрлі тұқымдас 226 бас асыл тұқымды қашарлар және 58 бас асыл тұқымды жылқы сатып алды.

2014 жылғы маусым айынан бастап қала шаруашылықтары Ресей Федерациясына етті экспорттауды бастады. Қала шаруашылықтары жоспардағы 45 тоннаның орнына 45,3 тонна сиыр етін экспорттаған.

Мал шаруашылығына көрсетілген мемлекеттік қолдау айтарлықтай өсті. Мал шаруашылығы өнімдерін өткізуді субсидиялаумен және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытумен қатар 2014 жылдан бастап «Агробизнес — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын дамытуда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің инвестициялық салымдарын субсидиялау басталды, мұнда Ақтөбе қаласы бойынша 7 шаруашылық 289,9 млн. теңге алды.

2014 жылы республикалық бюджеттен ветеринарлық жұмыстарды жүргізу үшін 20,0 млн. теңге бөлінді. 2014 жылдың басынан бастап қалада туберкулезге 26,0 мың бас, бруцеллезге 16,3 мың бас мүйізді ірі қара, бруцеллезге 20,5 мың бас қой тексерілді, қараталаққа қарсы 15,0 мың бас МІҚ, 26,0 мың бас қой егілді. Тұрғындардың жеке аулаларында және ауыл шаруашылығы құрылымдарында ауру малдар ұсталған ауданы 10,4 мың шаршы метр жайға залалсыздандыру жүргізілді.

ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК

ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, қаланың шағын және орта бизнесін дамыту 2014 жылы 9369 жаңа жұмыс орнын ашуға немесе өткен мерзімнің сәйкес деңгейіне 100,0% мүмкіндік берді, 2014 жылғы жоспар 105,0%-ға орындалды.

2014 жыл бойына 13 қалалық бос орын жәрмеңкелері өткізіліп, оған қаланың 256 ұйымы қатысты. Жыл қорытындысы бойынша ұсынылған бос орындарға 574 адам қабылданды.

2015 жылғы 1 қаңтарда жұмыссыздарды және әлеуметтік қолдауға мұқтаждарды жұмыспен қамту мақсатында 4447 жұмыссыз жұмыс орындарымен қамтылды, олардың ішінде 3912 адам тұрақты жұмысқа және 535 адам қоғамдық жұмысқа орналастырылды.

2015 жылғы 1 қаңтардағы тіркелінген жұмыссыздық деңгейі 0,2% құрады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2014 жылға республикалық бюджеттен 120,8 млн. теңге бөлінді.

Осы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2014 жылы 14 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 175 адам жұмысқа орналастырылды немесе 102%.

Екінші бағыты бойынша 2015 жылғы 1 қаңтарға 20 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыды, 30,0 млн. теңге сомасына 13 қатысушыға шағын несие бөлінді.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсету» бойынша 2015 жылғы 15 қаңтарға:

- жоспардағы 200 адамның орнына 339 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды немесе 170%. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысын аяқтаған 411 қатысушыдан 308 адам немесе 75% тұрақты жұмысқа орналастырылды.

- жоспардағы 400 адамның орнына Жастар практикасына 490 жұмыссыз түлек жіберілді немесе жоспардағыдан 122%. Жастар практикасын аяқтаған 573 адамнан 510 адам тұрақты жұмысқа орналасты немесе 89%.

2014 жылы аспазшы, кондитер, бақылаушы-кассир, қазандық операторы, электр-монтажшы, газ-электрмен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша 65 адам, олардың ішінде кәсіптік оқуға – 30 адам, қайта даярлауға – 30 адам, біліктілігін көтеруге 5 адам жіберілді. Жыл басынан бері кәсіптік даярлықты 226 қатысушы аяқтады, олардың ішінде 2015 жылғы 1 қаңтарға 168 адам немесе 74 % жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы құрамында 155 адам бар 39 аз қамтылған отбасыға 3,7 млн.теңге сомасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

18 жасқа дейінгі балалары бар 1458 отбасыларға (3765 балаға) 47,8 млн. теңгеге жәрдемақылар тағайындалды. Жұмысқа орналастыру, еңбекке қабілетті адамдарды оқыту және қайта оқыту жөніндегі жұмыстар жүргізілетіндіктен, өткен жылмен салыстырғанда аз қамтылған отбасылар саны төмендеді.

Мүгедектермен жүйелі жұмыстар жүргізіледі, олардың саны қазіргі уақытта қалада 1 0099 адам құрайды.

Өткен жылы өңірде 2014 жылға арналған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың Жұмысқа орналастыру картасы бекітілді. 2014 жыл қорытындысы бойынша 335 мүгедек жұмысқа орналастырылды, бұл жоспардың 76,0% құрайды.

Мүгедектерді осы заманғы жағдайларға бейімдеу және сауықтыру мақсатында 221 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылды, 49 мүгедек қоғамдық жұмыстарға жіберілді, «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 9 мүгедек Жастар практикасына, 28 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жөндеу жұмыстарына 8 мүгедек жіберілді, 20 мүгедек тұрақты жұмыс орындарына мемлекеттік қолдау шараларынсыз алғашқы жолыққаннан еңбекке орналасты.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ

Құрылыс жұмыстарының көлемі 76,2 млрд. теңгеден астам, табиғи көлем индексі 113,4% құрады.

Барлық меншік түріндегі тұрғын үйді іске қосу 357,9 мың шаршы метрді құрады.

2014 жыл ішінде барлығы «Нұр Ақтөбе» жаңа тұрғын массивінде тұрғын үйдің 16 блок-секциясы пайдалануға берілді, бұл жалпы ауданы 55199,6 мың шаршы метрлік 918 пәтерді құрайды. Оның ішінде, 486 пәтер «Тұрғынүйқұрылысжинақ» жүйесі бойынша, жас отбасылар үшін 216 пәтерлік жалдамалы тұрғын үй және жергілікті атқарушы органдардағы кезекте тұрғандар үшін 216 пәтер.

2015 жылы тұрғын үйдің 18 блок-секциясын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл — жалпы ауданы 59257,4 мың шаршы метрлік 981 пәтер.

Одан басқа, Ақтөбе қаласында коммерциялық құрылыстың тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде. Есепті мерзім ішінде қалада 177,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2013 жыл ішіндегіден 28%-ға көп.

Қаладағы тұрғын үй құрылысы көлемінің өсімі жылумен сумен газбен және электрмен жабдықтаудың, сол сияқты кәріздің жаңа инженерлік желілерін салу қажеттігіне әкеледі.

2014 жылдың басынан бастап қаламыздың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жобалау және салу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Есеп беру жылында Қызылжар-3 селосын электрмен және газбен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша, Мағаджан селосын және Ақжар селосының ескі бөлігін электрмен жабдықтау желілерін қайта жарақтандыру, Новый селосының жаңа құрылыс ауданын («А», «В» және «Бірлік» кварталдары) сумен жабдықтаудың алаңнан тыс және кварталішілік желілерін, сондай-ақ, Заречный-3 кентіндегі (1-кезек) және (3-кезек) сумен жабдықтау желілерін салу бойынша 2013 жылы басталған жұмыстар аяқталды. Жоғарыда аталған барлық объектілер пайдалануға берілді.

2014 жыл ішінде қала бойынша 34,8 км газбен жабдықтау желілері, 124,6 км электрмен жабдықтау желілері және 201 км сумен жабдықтау желілері пайдалануға берілді.

Нәтижесінде 3 елді мекен және 3 тұрғын массив газбен жабдықтаумен қамтамасыз етілді. 11 елді мекенде және 4 тұрғын массивте электрмен жабдықтаудың, 14 елді мекенде және 1 тұрғын массивте сумен жабдықтаудың  жаңа желілері  салынып, бұрыннан барлары қайта жарақтандырылды.

Одан басқа, 2014 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 25 объектісіне жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталды.

2015 жылы мынадай объектілер құрылысын бастау жоспарлануда:

- Жаңақоныс ауылын («В» кварталы) электрмен жабдықтау желілері;

- «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданын газбен жабдықтау үшін газ шығынын есептеу торабы;

- К.Нокин ауылын сумен жабдықтау желілері;

- «Рауан» тұрғын массивін сумен жабдықтау желілері;

- Украинка кентін (ескі бөлігі мен жаңа құрылыстар ауданы) сумен жабдықтау желілері;

- Қарғалы селосындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жарақтандыру.

Тікелей қаланың өзіндегі кәріз және сумен жабдықтау желілерін қайта жарақтандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. 11 және 12-шағын аудандардағы су құбыры желілерін қайта жарақтандыру жүзеге асу сатысында, олар 30 жыл бойына ауыстырылған жоқ. 13,8 км су құбыры желілерін пайдалану мерзімі кемінде 50 жыл болатын ұзақ мерзімді пластикалық құбырларды қолдана отырып, 250-ден 400 мм-ге дейінгі диаметрге алмастыру жүргізілуде.

Қаланың 23 учаскесінде, соның ішінде, Құрмыш, ҚСЗ, қаланың ескі бөлігі мен шағын аудандарда жалпы ұзындығы 37,2 км көшедегі су құбыры желілерін қайта жарақтандыру жүргізілуде.

Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі диаметрі 600 мм магистральды су таратқышты қайта жарақтандыру аяқталды. Тек осы су құбыры ғана авариялық жағдайға байланысты соңғы 4 жылда 15 рет  жарылды. Жарылған кезде жақын үйлерді су басу оқиғалары болды.

Өнеркәсіптік аймақ ауданында «Алатау» СКК-нен 11 КСС-ға дейін диаметрі 1,5 метрлік өздігінен ағатын коллекторды қайта жарақтандыру жұмыстары басталды, ол 2015 жылы аяқталады. Бұл жұмыстарды жүргізу Ақтөбе қаласы үшін стратегиялық маңызы бар және бұл жобаны жүзеге асыру қаланың су тарату жүйесінің қауіпсіз және авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы жұмыстарды аяқтау ауызсудың шығынын барынша азайтуға, су құбыры мен кәріз желілеріндегі авариялық жағдайларды төмендетуге және тұрғындарды сумен жабдықтаумен және су таратумен сапалы әрі үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

11 және 12-шағын аудандардағы құрылыстардың аяқталуына және бар жылу желілеріне жаңа тұтынушыларды, дәлірек айтсақ, «Болашақ», «Кеңдала» ықшам аудандарын қосуға, сондай-ақ, 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойындағы сорғы станциясынан теміржол және 12-шағын аудандағы №42 үй ауданындағы жылу камерасына дейінгі магистралды жылу желілерінің қанағаттанғысыз жағдайына байланысты осы магистральды, дәлірек айтсақ, қосылатын жерден Шәйкенов көшесі ауданындағы жылу камерасына дейін  құбырлар диаметрін 726 мм-ден 820 мм-ге дейін үлкейте отырып, қайта жарақтандыру жүргізілді. Қайта жарақтандырылатын желілердің жалпы ұзындығы 6400 метр құрайды. ҚНжТ соңғы талаптарына және қуат үнемділігі мен қуат тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкес жобада жер астына төсеу үшін полиэтиленнен гидроқорғаныш жабыны бар пенополиуретан маркалы зауыттық оқшаулағышы бар болат құбырларды қолдану көзделген. Қорғаныш қабықшасының бүлінген жерін анықтау үшін және жылу оқшаулағыш қабатының бақылау жүйесімен әзірленген құбыр өнімі қолданылады. ППу-да оқшаулағыш құбырларын қолдану құбырларды пайдалану мерзімін 25 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл қарапайым құбырларды пайдалану мерзімін айтарлықтай арттырады, ал жедел-дистанциялық бақылау жүйесінің болуы жер қазу жұмыстарын жүргізбей, құбырлардың бүтіндігіне бақылау жүргізеді.

Мұндай жұмыс қалада соңғы 30 жылда бірінші рет жүргізілгенін, 7-ден 8 айға дейін жұмыстарды жүргізудің нормативтік мерзімі кезінде бұл жұмыстар кестеден айтарлықтай бұрын аяқталғанын айтып өту керек.

Республикалық қаржыландыру қаржысы есебінен 312-атқыштар дивизиясы даңғылында орналасқан магистральды жылу желілерін қайта жарақтандыру жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді. 1,4 км-дей жылумен жабдықтау желілері ауыстырылды.

2014 жылы «Трансэнерго» АҚ қазандықтарынан бастап жылу бөлу желілерін қайта жарақтандыру жұмыстары басталды. Жоспарланған құбырларды ауыстырудың жалпы көлемі әртүрлі диаметрде 5,3 км, 2014 жылға қаржыландыру 341 млн. теңге құрайды. Бұл жұмыстарды аяқтау 2015 жылдың 1-жартыжылдығына жоспарланған.

Ақтөбе қаласының қарқынды өнеркәсіптік дамуын ескере отырып, 2013 жылы ПС 220 кВт «Ақжар-2» аралық станциясының құрылысы аяқталды. Тұтастай алғанда, «Нұр Ақтөбе» жаңа ауданының, жақын елді мекендердің, Ақжар, Ақжар-2, Қызылжар-1, 2, 3, Рауан, Заречный-1, 2, 3, 4 және басқа да бірқатар елді мекендердің қуат жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретіндіктен осы объектінің қала үшін стратегиялық маңызы бар, өнеркәсіп өндірісі кәсіпорындарын, ал бұлар – рельс-арқалық зауыты, индустриалды аймақ кәсіпорындары және басқаларын электрмен жабдықтауды тұрақты қамтамасыз етеді.

Осы жобаны қисынды аяқтау үшін және «Ақтөбелік 41-разъезд – Сельмаш 1-2» ВЛ110 кВ құрылысын жүзеге асыру сатысында қаланың барлық торапты аралық станцияларын шығыршықтау мақсатында «ПС Ақжар-2 – 41-разъезд», «Ақтөбелік – Қаратоғай» құрылысы аяқталды.

Осы жобалар аясында жоғары вольтты әуе желісін су-жасыл гүлзар аймағынан шығару көзделген.

Жаңа әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын анықтайтын фактор ретінде тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғырту болып табылады.

2014 жылы 18 көпқабатты үйлер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды және 10 үй бойынша жалпы сомасы 579,1 млн. теңгеге лифті жабдығын жаңасына алмастыру жұмыстары жүргізілді, олардың ішінде 469,1 млн. теңге республикалық бюджет қаржысы есебінен, ал қалған 110,0 млн. теңге  — «Табыс Ақтөбе» ЖШС арнайы есебіне жиналған пәтердің меншік иелерінің қайтарымды қаржысы.

Тұрғындар арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 8 үйге автоматтандырылған жылу пункттері және 2 үйде жылуды есептеудің жалпы үйлік құралдары орнатылды.

Қаланың 17 объектісі бойынша энергетикалық аудит өткізілді және қорытындылары алынды.

Энергетикалық аудиттің негізгі мақсаты қуат үнемдеу мүмкіндіктерін іздестіру және қуат ресурстарын тиімді пайдаланудың бағыттарын анықтауда шаруашылық субъектілеріне көмектесу болып табылады.

Қуат аудиті екі сатыда: жөндеу жұмыстары басталғанға дейін және барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

2014 жылы автомобиль жолдарының 40 учаскесі, оның ішінде 2013 жылы басталған 11 объекті және 2014 жылдың 18 жаңа объектісі жөнделінді. Тағы да 2014 жылы басталған 11 объектіні жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылы аяқтау жоспарлануда.

Есеп беру жылында 2013 жылдан ауысқан барлық объектілер түгелдей аяқталды.

Олар  — Некрасов, Уәлиханов, Әз-наурыз, Вокзал маңы ауданы, Садовое кентіндегі Парасат көшесі, Қызылжар кентіндегі Безымянная көшесі, Әуеқалашығы ауданындағы жол және «Жастар» шағын ауданынан Жаңақоныс кентіндегі «Б» кварталы бағытындағы жол.

Сондай-ақ, Әуеқалашығындағы теміржол өткелі ауданындағы автомобиль жолын теміржол өткелін кеңейте отырып, күрделі жөндеу аяқталды.

Бәйішев көшесінен «Батыс-2» тұрғын массиві бағытындағы бұрылысқа дейінгі Ә.Молдағұлова даңғылы бойындағы автомобиль жолын күрделі жөндеу аяқталды. Нәтижесінде «Обл МАИ» ауданындағы жолдың жүретін бөлігі екі есе кеңейіп, бүгінде оның ені 14 метр құрайды. Одан басқа, түнгі жарықтандыру орнатылып, тротуар жайластырылды.

К.Нокин даңғылынан 312-атқыштар дивизиясы даңғылына дейінгі М.Мәметова көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жүретін бөлігі кеңейтіліп, Сазды өзенінің бойындағы көлік қоятын қатар ұйымдастырылды. Егер бұл учаскеде бұрын 70-ке жуық стихиялы қоятын жер болса, жобаны жүзеге асырғаннан кейін көлік қоятын жер 320-ға дейін өсті, бұл «Мега Шығыс» СҮ ауданындағы үнемі болатын автокөлік кептелісі мәселесін шешуге көмектесті.

Сондай-ақ, 2014 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында Кеңес Одағының Батырлары атақтарын алған барлық көшелерге тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, 7 көше күрделі жөнделінді, олар —  Вавилов, Гастелло, Панфилов, Бөкенбаев, Ешбаев, Наумов және Чайкина көшелері.

Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін қазіргі уақытта Кеңес Одағының Батырлары атақтарын алған көшелерді күрделі жөндеуге қосымша 23 жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі Әбілқайыр хан даңғылындағы және 312-атқыштар дивизиясы даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі Ә.Молдағұлова даңғылындағы автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізу кезінде қиыршықтас-шайырлы асфальт технологиясы қолданылды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы ауылдық округтердегі автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге ерекше көңіл аударылды. Дәлірек айтсақ, Құрашасай, Кірпішті, Россовхоз, Лесное, Қызылжар кенттеріндегі және Оңтүстік-Батыс-2 ауданындағы автожолдар күрделі жөнделініп, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, есеп беру жылында ауыспалы объектілер бойынша жұмыстар жүргізілді, оларды аяқтау 2015 жылға жоспарланған, бұлар:

- Абай даңғылынан Бейбітшілік даңғылына дейінгі Есет батыр көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу;

- Сәңкібай батыр даңғылынан Самара-Шымкент тасжолына дейінгі автомобиль жолын қайта жарақтандыру. Осы объекті бойынша Ә.Молдағұлова мен Сәңкібай батыр даңғылдарының қиылысында қосымша оңға бұрылыстары  бар 6 жолақты қиылыс ұйымдастырылатын және бағдаршам объектілері орналастырылатын болады. сол Бәйішев көшесі бойымен «Табыс» базарына дейін автожол 4 жолаққа дейін кеңейтілетін болады.

- Самара-Шымкент тасжол 723 км-нен Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі автомобиль жолын күрделі жөндеу. Бұл жобада 4 жолақты жол қозғалысын ұйымдастырып және бөлу жолағын орната отырып, жүретін бөлігін кеңейту көзделген.

- К.Нокин мен Жанқожа батыр көшелерінің қиылысындағы автомобиль жолын күрделі жөндеу. Жобада оңға бұрылысты орнату көзделген, бұл көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді және осы қиылыстағы үнемі кептелістер проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сол сияқты, көшені жарықтандыру тіректері орналастырылады.

Осы қиылыстағы көлік ағынын азайтуды жоспарлы шешу үшін Кірпішті кентіне елек өзені арқылы көпірді қайта жарақтандыру жоспарлануда. Тротуарларды тарылту есебінен 4 жолақты қозғалыс ұйымдастырылады.

- Асау-Барақ көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі Шернияз көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу.

Жоспарға сәйкес Асау-Барақ және Қонаев көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жобада 4 жолақты қозғалысты ұйымдастыра отырып, Қонаев көшесіндегі автожолды кеңейту көзделген. Ал Асау-Барақ көшесіндегі жол төсемі 9 метрге дейін кеңейтіледі.

Іс-шаралар кешенінде автомобиль жолдарын күрделі жөндеу кезінде тротуар мен жауын кәрізін орната отырып, мәселелерді шешу, сол сияқты жарықтандырудың осы заманғы металл тіректері орнатылуда, олар қаланың эстетикалық түрін жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейіне ықпал етеді.

Бөлінген ақшалай қаржы шегінде 2015 жылы аула аумақтарындағы жолдарды жөндеу бағдарламасын жүзеге асыру өз жалғасын табады.

Бүгінгі күні әзірленген жобаға сәйкес 262 аула аумақтарындағы жолдар жөнделінді. Сондай-ақ, есепті жылы қаланың ескі бөлігіндегі аула аумақтарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстар аяқталып, қалған көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр .

Арынов және Мирзоян көшелеріндегі кептелістерді шешу үшін 2014 жылы «Сельмаш» ауданындағы Арынов көшесі бойындағы өтпе құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді және қазіргі уақытта «Алматыдорпроект» ЖШС жобалау институты жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде.

Өтпе құрылысы 2 сатыда өтетін болады. 1-ші сатыда қатарлас өтпе құрылысы бойынша жұмыс жүргізіледі, сонымен бірге бар өтпе бойынша автокөлік құралдарының қозғалысы көлік кептелісін болдырмау үшін кәдуілгі тәртіпте іске асырылады.

2-ші сатыда жаңа өтпені сала отырып, бар өтпені бөлшектеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Өтпенің жалпы ұзындығы 139,1 метр, қозғалыс жолақтарының саны 4-ті құрайды.

Әзірленген ТЭН-ге сәйкес осы аудандағы тұрғын үйлерді бұзу көзделмеген. Дегенмен қараусыз қалған ғимарат бөлшектелінетін болады.

Өтпені пайдалануға бергеннен соң көлік құралдарының қозғалысы өзгертіледі.

Бүгінгі күні өтпені пайдалануға бергеннен кейінгі көліктік ахуалды реттеу жөніндегі дайындық  жұмыстары жүргізілуде, Арынов, Трудовая және Промышленная көшелерін кеңейту жоспарлануда.

КӨРКЕЙТУ

Қала аумағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу әрқашан да басым міндеттер қатарына кіреді.

Санитарлық-күту жұмыстарын 11 мердігерлік ұйым  жалпы ауданы 5,6 млн.шаршы метр болатын 170 объектіде жүргізеді.

2013 жылы қала аумағында жалпы ауданы 71733 шаршы метр жерге көгал шөбі және 14441 шаршы метрден астам жерге гүлзарлар отырғызылды.

Жолдарды жазда күтіп ұстау жұмыстарына 80 бірлік арнайы техника, соның ішінде 13 суаратын-жуатын машина, 17 сыпыратын және 13 арнайы жинау машиналары тартылды.

Қалалық жолдарға қызмет көрсету үшін мемлекеттік кәсіпорындардың автомобиль паркін жаңалау мақсатында вакуумды сыпырып-жуу және құрамдастырылған жуу машиналары алынды.

Қоқыстың өздігінен жануы мен түтінденуінің алдын алу, техникалық сумен қамтамасыз ету мақсатында жер учаскесі бөлінді және полигонға жақын жерден ұңғымаларды бұрғылау жөніндегі іс-шаралар өткізілді.

2014 жылы көгалдарды күту жөніндегі шығындарды оңтайландыру үшін 6 учаскеде спринклерлік жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді.

Суарудың спринклерлік жүйесін орнату, бірінші кезекте тиімді де біркелкі суаруды қамтамасыз ететіндіктен суды үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден, бұл жүйе қазіргі уақытта суару жүргізілетін сутасығыш көліктердің қауырт шақта қаланың бірқатар магистралды көшелерінде болмауына мүмкіндік береді.

Ғылыми ұсыныстарды ендіру және қалаішілік учаскелерді көгалдандыруды жоспарлы дамыту мақсатында Ақтөбе қаласының жасыл желегін құру және күту жөніндегі ұсыныстар тұжырымдамасы әзірленді. Соған сәйкес жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және қаланың жекелеген учаскелерінде ірі шамалы аудандастырылған ағаштарды көктемгі отырғызу жоспарланды.

Жауын арналарын күтуге және орнатуға аз көңіл бөлінбейді. Бүгінгі күні Шәйкенов, Иманов, Алтынсарин және Ломоносов көшелеріндегі су бөлу жүйелерін қайта жарақтандыру өткізілді.

Қуат үнемдеу бағдарламасын орындау үшін 2013 жылы барлық сыртқы көше және сәнді жарықтандыру объектілері бойынша электр қуатын есептейтін 160 бірлік көп тарифті аспаптар орнатылды. Объектілер саны көбейгенмен тұтыну өткен жылғы деңгейде қалды.

Ә.Молдағұлова мен Сәңкібай батыр даңғылдары қиылысындағы  және М.Мәметова көшесіндегі Сазды өзенінің бойындағы жаңа скверлерді сыртқы жарықтандыру кезінде қуат үнемдейтін сәнді жарық-диодты шамдар қолданылды.

Алынған шаралар нәтижесінде жарық нүктелерінің көбейгеніне қарамастан көшені жарықтандыру үшін ақы төлеудегі үнем 2014 жылы 17,2 млн. теңге құрады.

Қуат үнемдеу жүйесі жолдағы жаяу жүргіншілер белгілерін жарықтандыру кезінде де кеңінен қолданылады. Орнатылған жаңа жаяу жүргіншілер өтпелері күн батареяларындағы жарық қондырғыларымен жабдықталған, олар сары жыпылықтау тәртібінде тәулік бойы жұмыс істейді. Сөйтіп, жүргізушілердің назарын аудару есебінен осы учаскелердегі жол-көлік оқиғаларын барынша азайтады.

2014 жылы қалада «Жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін» немесе ЖҚБАЖ енгізу басталды.

ЖҚБАЖ — жол қозғалысын басқаруды қала көлемінде ұйымдастыру үшін кешенді шешім.

Бұл жүйе қаланың көше-жол желілеріндегі бағдаршам объектілерінің жұмысын компьютер экранында, соның ішінде олардағы ақауларды онлайн тәртібінде көруге мүмкіндік береді. Бүгінде осы жүйе Ақтөбе қаласының ІІБ ОЖБ-ға қосылған.

Сонымен қатар, бағдаршам объектілерінің тіректерін ауыстыру жұмыстары да жүргізілуде. Жұмыстар барысында кері есеп таблосын және анимацияларды қоса отырып, бағдаршам бастарын қайта жарақтандыру жүргізіледі. Бүгінгі күні қаланың 8 қиылысындағы шамды бағдаршамдар осы заманғы жарық-диодты бағдаршамдарға алмастырылды.

Одан басқа, 2014 жылы қала аумағында көшелер атауларының көрсеткіштері бар 28 жаяу жүргіншілер бағдаршамдары орнатылды.

Қаланы сәнді безендіру жұмыстары жалғасуда. Осы мақсаттарда соңғы екі жыл ішінде қаланың түрлі учаскелерінде 61 сәулеттік композициялар мен шағын сәулеттік нысандар орнатылды.

2014 жылы 19 аула аумақтарында балалардың ойын алаңдарын орнатуға қалалық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді. Жобада әткеншек, карусель сияқты бірқатар ойын элементтерін орнату және балалар алаңдарын қоршау көзделген.

2014 жылы маусымда Ә.Молдағұлова даңғылындағы сквер пайдалануға берілді. Жаңа сквер 12 мың шаршы метрден астам ауданға орналасқан, сквер периметрі бойында веложолдың асфальт-бетон жабыны орындалды және аумақты көгалдандыру жүргізілді және қыдыру аймақтары мен шағын сәулеттік нысандар көзделген.

Одан басқа, 12-шағын ауданда, Сазды өзенінің бойындағы М.Мәметова көшесінде  жаңа сквер құрылысы аяқталды. Аймақтардың функционалдық мақсаттарын ескере отырып, сквер учаскесінің кешенін аймаққа бөлу орындалды. Белсенді демалыс аймақтары, балалардың ойын аймағы, сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру аймағы және скейтпарк қарастырылған.

Дене шынықтыру-сауықтыру аймағында «Воркаут» үшін кәсіптік спорттық жабдық орнатылды. «Воркаут» — бұл өзіне көшедегі спорт алаңдарында, дәлірек айтсақ, белағашта, қоссырықта, швед қабырғаларында, көлбей баспалдақта және өзге де конструкцияларда түрлі жаттығулар орындауды қосатын көше фитнесі.

Спорттың осы түрінің бағыты барлық дамыған елдерде танымал болып келеді. Әрі қарай осындай спорттық жабдықтарды қаланың басқа да аудандарында  орнату жоспарлануда.

БІЛІМ САЛАСЫ

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі білім саласы болып табылады.

Соңғы үш жылдағы мекемелерді қаржыландыру ырғағын талдау осы саланы дамытуға бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлінетінін растайды. 2014 жылы қаланың білім саласын қаржыландыру көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 6,6%-ға көбейді және 13 млрд. теңгеге жуық құрады, бұл — барлық қалалық бюджет шығыстарының 64%-ы.

Қалада ұйымдастырылатын оқытумен және тәрбиемен барлығы 71000 астам бала мен жасөспірім қамтылған.

«Балапан» республикалық бағдарламасы аясында мектепке дейінгі білім ұйымдарының желісі кеңейтілуде. Қолдағы бар босатылған жайлар мен жаңа мекемелер құрылыстары есебінен 2010 жылдан бастап 4007 орын іске қосылды.

Біздің қаламызда жеке балабақша желісі дамуда, егер 2013 жылы 20 жеке бақша болса, 2014 жылдың соңында олар 27 болды. Мемлекеттік білім тапсырысы 3737 орынға 23 жеке балабақшада орналастырылған.

2014 жылы 830 орынға 9 жеке балабақша іске қосылды ( «Аманат Балақай» — 60 орындық, «Малика-3» —100 орындық, «Малика-4» — 100 орындық, «Бақыт» 100 орындық, «Ақдәурен» 90 орындық, «Самғау» – 100 орындық, «Райгүл» – 100 орындық, «Ханзада» – 120 орындық, «Жайна» – 60 орындық).

Сол сияқты 2014 жылғы желтоқсанда «Авиатор-2» ауданында 320 орындық №45 «Алтын бала» бөбекжайы ашылды.

Осылайша, 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2014 жылдың соңында 49,2% (2013 жылдың басында – 47,8%) құрады.

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 80,0% (2013 жылдың басында – 76,4%) құрайды.

Облыстық физика-математика мектебінің ғимаратын балабақша үшін қайта жарақтандыру жүргізілуде. Бұл объектіні іске қосу ағымдағы жылға жоспарланған.

Одан басқа, қазіргі уақытта «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 320 орындық, Заречный-1 кентінде 150 орындық және Заречный-4 кентінде 150 орындық балабақшалар салу сатысында. Объектілерді пайдалануға беру 2015 жылдың екінші жартыжылдығында.

Елбасының 2015 жылы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейін 75%-ға дейін, ал 2020 жылы 100%-ға дейін жеткізу жөнінде міндет қойғанын ескере отырып, бізге осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет.

Бүгінде білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі оқушылардың білімін сыртқы бақылау – Ұлттық Бірыңғай тестілеу болып қалады.

2014 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 88,6 болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,3 баллға жоғары (2013 жылы – 84,3, 2012 жылы 84,7).

2014 жылы «Алтын белгі» аттестатын алуға 118 үміткердің 70-і немесе 59,3%-ы өздерінің білімдерін дәлелдеді. ( 2013 жылы 115 үміткердің 56-сы немесе 48,7%). «Алтын белгі» аттестатын растамаған 48 үміткердің 13-і «бес» деген бағаға бір балл жетпеуіне байланысты үздік аттестатын алды.

Үздік аттестатына үміткердің 55 адамның 21-і өздерінің білімдерін растады, ол 38,2% құрайды. (2013 жылы 36,1%).

Жалпыға бірдей орта біліммен қамтамасыз ету, сонымен қатар қала маңында орналасқан бау-бақшаларда және мектептері жоқ аз қоныстанған елді мекендердегі халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында оқушыларды тасымалдауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп отырады. Ақтөбе қаласында 2720 оқушыны 22 мектепке тасымалдау ұйымдастырылған. Ол қажеттіліктің 100% құрайды.

Ерекше назар 12 жылдық оқу моделіне көшуге дайындыққа, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және білім мекемелерін заманауи оқу кабинеттермен жабдықтауға бөлінеді.

Жалпы білім беретін мектептерде жаңа буынды пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарлы жүріп жатыр. 2014 жылы қала мектептеріне қосымша 22 химия кабинеті сатып алынды.

Қазіргі уақытта мектептерде 61 физика кабинеті, 45 мультимедиялық кабинет, 26 биология кабинеті, 50 химия кабинеті және 180 интерактивтік тақтайшалар орнатылған.

12 жылдық білім беруге көшу кезінде негізгі проблемалық мәселелердің бірі орта және төменгі сыныптардың тығыздығына байланысты мектептер санын арттыру болып табылады.

Аталмыш мәселені шешу мақсатында «2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім саласын дамыту туралы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылдың соңына 9 мектеп пайдалануға берілді.

Атап айтсақ, 2012 жылы 5 мектеп ғимараты: Садовое ауылындағы  100 орындық мектеп (№ 54 ОМ), Ақжар-2 тұрғын массивіндегі 150 орындық  мектеп (№45 ОМ), Заречный-2 ауылындағы 150 орындық мектеп (№46 ОМ), Гүлдер ауданындағы 600 орындық мектеп (№8 ОМ) және Оңтүстік Батыс ауданындағы 600 орындық мектеп (№10 ОМ).

2013 жылы жаңа 150 орындық Құрашасай орта мектебі пайдалануға берілген болатын. Бұл өз кезегінде оқушылардың білім алуына заманауи жағдай туғызып, Құрашасай ОМ үш кезеңдік оқуды жоюға мүмкіндік берді.

2014 жылы Ақжар-2 тұрғын массивіндегі 320 орындық мектептің, Заречный-4 ауылындағы 1000 орындық мектептің және 12-шағын аудандағы 600 орындық мектептің құрылысы аяқталған болатын.

Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің, Жаңақоныс ауылындағы 600 орындық мектептің және Россовхоз ауылындағы 270 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Жыл сайын мектептердің, балабақшалардың және мектептен тыс ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отырады.

2014 жылы 26 білім нысандарына, соның ішінде 12 мектеп, 9 балабақша және 4 мектептен тыс ұйымдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында №4 орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Білім нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудегі басымдылық шатырларды және жылыту жүйесін жөндеуді қажет ететін ғимараттарға беріледі.

Одан басқа, 2014 жылы 26 білім нысандарына, соның ішінде 20 мектеп және 6 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта білім мекемелерімен жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған.

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ

Ақтөбе қаласында мәдениет саласы да тұрақты дамуда. Бүгінгі күні қалада  19 мәдениет мекемесі бар, оның ішінде 10 қала аумағында және 9 ауылдық округтерде орналасқан.

Көркемөнер ұжымдарын және кәсіпқой шығармашылықты дамыту мақсатында 2014 жылы қала аумағында 685 мәдени-жаппай шаралар өткізіліп, ондағы қатысушылардың саны 578 715 адамды құрады.

Жастар саясатын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында бүгінгі күні мәдени мекемелерде 449 қатысушылар, оның ішінде 307 жастар өкілдерін құрайтын 31 үйірме жұмыс жасайды. «Халықтық» атағы бар 8 ұжым және «Үлгілі» атағы бар 1 ұжым облыстық, қалалық шараларға белсенді қатысады, сонымен қатар республикалық, халықаралық фестивальдер мен сайыстардың жүлдегерлері атанған.

Қалада спортты дамыту үшін спорттық инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру және олардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға  бағытталған ұйымдастырушылық шаралары  қабылданып жатыр.

Егер 2013 жылы қала аумағында 59 спорт түрлері бойынша 460 спорт нысандары болса, 2014 жылы олардың саны 18 нысанға артып отыр.

Спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін республикалық бюджеттің қаражаты есебінен  қазіргі уақытта жалпы ауданы 4460 шаршы метрді құрайтын Қарғалы балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы жүріп жатыр, сонымен қатар жасанды жамылғысы бар спорт алаңдарының құрылысы жалғасуда.

2011-2014 жылдар аралығында қала аумағында білім мекемелерінің жанында және тұрғын үйлердің аулаларында заманауи стандарттарға сәйкес келетін жасанды жамылғысы бар 67 спорт алаңдары салынды.

Тұрақты дене шынықтыру және спортпен айналысатын қала тұрғындарының саны 27,3% құрайды. Қазіргі уақытта қала аумағында 25 ашық мұз айдындары жұмыс жасауда.

Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер сапасын жақсарту және денсаулық сақтау нысандарының санын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе қаласы бойынша туу көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға артқан. 2014 жыл бойынша өмірдің ұзақтығы 71,1 жасты құрап отыр.

2013 жылмен салыстырғанда сәбилердің өлімі 6,4%-ға азайған.

Барлық әлеуметтік сипаты бар аурулар бойынша оң жетістіктер байқалады.

ҚОҒАМДЫҚ–САЯСИ ЖАҒДАЙ

Ақтөбе қаласындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып саналады.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында 16 діни бірлестік және 9 ҚМДБ тіркелген.

Аталған діни бірлестіктерде 21  діни ғимарат бар, оның ішінде: 9 мұсылмандық, 3 провославтық, 8 христиандық-протестанттық, 1 рим-католик.

Ақтөбе қаласында 8 республикалық саяси партия филиалдары жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында 200-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, соның ішінде 60-қа жуығы белсенді жұмыс атқарады.

Ақтөбе қаласында 19 ұлттық-мәдени орталық өз жұмысын жүзеге асырады. Қала бойынша ұлтаралық жағдай тұрақты.

Партия, қоғамдық бірлестіктер және ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді жұмылдырылып отырады.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында 25 ақпараттық-насихаттау тобы құрылды.

2014 жылда барлығы 300 мемлекеттік органдар мен мекемелерде, АҚ-да, ЖШС-да және қаладағы т.б. ұйымдарда 15 000 адамның қатысуымен кездесу өткізілді.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

2014 жылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес жалпы тіркелген қылмыстар 17,5%-ға азайып отыр. 2013 жылмен салыстырғанда өткен жылы қылмыстарды ашу 6,1%-ға артып отыр.

Қала көшелерінде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу мақсатында өткен жылы 46 жедел-профилактикалық шаралар өткізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындарда болған қылмыстар 7,1%-ға және көшелердегі қылмыстар 11,6%-ға азайып отыр.

Проблемалық мәселелердің бірі пәтерлердегі ұрлық болып табылады. Аталмыш қылмыстың алдын алу мақсатында ПИК басшыларымен көпқабатты тұрғын үйлердің подъездеріне коды бар темір есіктер орнату, бейнесі ПИК мониторына шығатын бейнекамералар қондыру мәселелері бойынша бірнеше кездесулер өткізілген болатын.

Нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйлердің 5480 подъездері темір есіктермен, 1260 электрон кодты қондырғылармен, 4313 домофондармен жабдықталып, әрекеттестікке 73 консьерж жұмылдырылған.

Сонымен қатар, іс жүзінде қылмыстарды ашуда және алдын алуда сыртқы бейнекамераларының тиімділігі көрініп отыр. Қазіргі уақытта қала көшелерінде 118 бейнекамералар орнатылған. Олардан келетін ақпарат тікелей қалалық ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығына   түседі.

2014 жылы сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен барлығы 10 187 құқықбұзушылықтар, соның ішінде 7861 жол жүру ережесін бұзушылық анықталып отыр.

ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТ КЕЛБЕТІ

2014 жылы әртүрлі нысандар бойынша 606 материалдары қаралған қала құрылысы кеңесінің 33 отырысы өткізілді.

Қала құрылысы нормаларын сақтау, автокөлік тұрақтары үшін орындар санын есепке алу, қазіргі заманауи құрылыс және өңдеу — материалдарын қолдану, аумақтарды аймақтандыру жобаларды қарау кезіндегі негізгі талап болып табылады.

Қала құрылысы кеңесі жұмысы нәтижесінің оң үлгілерінің бірі Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан жаңадан құрылыстары жүргізіліп жатқан сауда және ойын-сауық орталықтар ғимараттары. Бұл жерде әртүрлі қазіргі заманауи қасбетімен мейрамхана және тұрмыстық қызмет көрсету нысандарының ауқымды құрылысы байқалады.

Қала құрылысы кеңесі отырысында, осығын қоса «Ақтөбе қаласының аумағында жарнаманы дамыту концепциясы» қаралды.

2014 жылы жарнамалық құрылымдар орналастыруға 247 рұқсат қағаздары келісілді және берілді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама нормаларында бұзушылық жібергендіктеріне байланысты 18 жарнама құрылымы жойылды.

2014 жылдан бастап бизнес нысандарының жасап жатқандарын қайта құруға және жаңаларын ашуға қатысты 56 қаулы дайындалды,  бағыты әртүрлі нысандарды жобалауға қатысты 452 сәулет-жоспарлау тапсырмалары дайындалды және берілді. Қала аумағында есептік кезеңде  кәсіпкерлік қызметінің 135 нысандары  пайдалануға берілді.

Ескі құрылысты көпқабатты тұрғын үйлер қасбеттерін көркемдік өңдеу жұмысы жалғасуда. Осылай, 2012 жылы 4 көпқабатты тұрғын үй жөнделді, 2013 жылы 8 тұрғын үй, 2014 жылы 9 тұрғын үйлердің жұмыстары аяқталды. Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы №72, 58, 69, 68, 70, 78, 79, 82 және 87 үйлер едәуір жаңартылды.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Қала әкімдігімен жер қатынастарын реттеу бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі. Бау-бақша ұжымдарын түгендеу жұмыстарын жүргізу  барысында 848 пайдаланылмаған немесе мақсатсыз пайдаланылған жер учаскелері анықталды. Бұл жер пайдаланушылар бойынша материалдар сәйкес шаралар қабылдау үшін аумақтық жер инспекциясына бағытталды.

Жерді тиімді және ұтымды пайдалану сұрақтары бойынша Елбасының тапсырмасын орындау барысында жеке тұрғын үй құрылысына арналған және ауылшаруашылық бағытындағы жер учаскелерін түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Есептік кезеңде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қаланың жер қорына 2737 га ауылшаруашылық бағытындағы жерлер қайтарылды.

Мақсатты бағыты бойынша пайдаланылмаған жеке тұрғын үй құрылысына берілген 41 учаскі анықталды. Барлық анықталған фактілер бойынша сәйкес шаралар қабылданды. Түгендеу жұмыстарын жүргізу кезінде 1513  тұрғын массивтеріндегі бос жер учаскелері анықталды.

ҚАЛАНЫҢ ТІРШІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүйелі өткізілді. Коммуналдық мекемелерде жылу жүйелеріне, сумен қамтамасыз ету және суды бөлу нысандарына жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, энергетика жабдықдықтарын, анықтағыш құрылғыларды және қаланың иесіз желілерін жөндеу.

«Ақтөбе жылу-электр орталығы» АҚ 2014-2015 жылдың күзгі және қысқы кезеңіне дайындық мақсатында негізгі құралдардың 13 бірлігі бойынша жөндеу жұмыстары орындалды, бұл — кәсіпорынның негізгі құралдарының 81 пайызы.

2014 жылы қаланың жылумен қамтамасыз ету нысандарының жылыту маусымына дайындау бойынша іс-шараларға сәйкес, «Трансэнерго» АҚ тарифімен қарастырылған жалпы ұзақтығы 6,8 км құрайтын 1,96 млрд. теңге сомасындағы жоспарланған жылыту желілерін күрделі жөндеу және қайта құру аяқталды.

Одан басқа, жалпы ұзақтығы 8,3 км құрайтын 1,2 млрд. теңге сомасындағы жылу жүйесінің қайта құруына республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша қаражат бөлінді.

Жылыту кезеңіне дайындық қарсаңында 23 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөңдеу жүргізілсе, 722 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету қатаң бақылауда.

2014 жылдың 16-18 қыркүйек аралығында жылу жүйесінің тығыздығы және беріктігін анықтау мақсатында гидравликалық сынақ жүргізілді. Осының қорытындысы бойынша 17 әлсіз орын анықталып, толықтай жойылды.

АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫМЕН ЖҰМЫС

Қала әкімі аппаратына 2014 жылы 18 706 арыз-шағым келіп түсті, оның ішінде 17 464 жазбаша және 1242 ауызша.

Қазіргі таңда реестрге сәйкес қалалық 10 мемлекеттік мекемелермен және 5 ауылдық округтермен мемлекеттік қызметтердің 61 түрі көрсетіледі.

Қала тұрғындарының ыңғайы үшін мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік органдардан және халыққа қызмет көрсету орталығынан басқа www.egov.kz.  веб-порталы арқылы да алуға болады.

Құрметті ақтөбеліктер!

Қазақстан Республикасының өмірінде маңызды оқиғаларға толы 2015 жыл басталды. Біз еліміздің Конституциясының 20 жылдығын және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына 20 жыл толуын мерекелейтін боламыз. Сонымен қатар, ағымдағы жылы екі маңызды оқиға бар — Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы және Қазақ елінің мемлекеттігіне 550 жылдық мерекесі. Бұл маңызды оқиғалар қоғамдағы келісімге және діни бірлесудің одан әрі нығаюына септігін тигізіп, біз Отанымыздың әрі қарай дамып, гүлденуіне бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50