Қазақша   Русский

RSS-лента

Құрметті ақтөбеліктер!

 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп берулері өтіп, соның барысында өңірлердің жүргізген реформаларының, әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылады және келешекке міндеттер айқындалады.

Ақтөбе қаласындағы атқарушы органдардың 2015 жылғы жұмысы мемлекеттік, өңірлік және қалалық бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы негізгі міндеттер мен бағыттарды, облыс әкімінің тапсырмаларын, тұрғындардың әлеуметтік игілігі мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге тартылған дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталды.

Өткен 2015 жыл, сөз жоқ, оңай болған жоқ. Жаһандық экономикалық дағдарыс пен шиеленіскен саяси қарама-қайшылық жағдайларында теріс көріністер тұтастай алғанда еліміздің және ішінара  сондай-ақ біздің өңірдің де әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етті.

Осындай жағдайларда еліміз бен өңірлер экономикасының қуатты қозғаушысы жаңа жаһандық шынайылықта еліміздің әрі қарайғы өсуін, реформалардың жүргізілуін және дамуды қамтамасыз етуге тартылған айқын әрекеттер жоспары болды, ол Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында тұжырымдалған.

Осы басты стратегиялық құжатта Ұлт Көшбасшысы әлемдік экономиканың дағдарысы жағдайларында экономикалық ахуалды тұрақтандыруға, құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталған міндеттерді анықтады. Жергілікті атқарушы органдар мен барлық қоғам алдына нақты міндеттер қойылды.

Ең алдымен, бұл қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық және әлеуметтік саясат, сондай-ақ, ұзақ мерзімді перспективада елді одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс.

Сонымен бірге, біз ҮИИД, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы», «Бизнестің жол картасы-2020», «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» көлік-логистикалық, индустриалдық және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, ТҮКШ жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту және бірқатар басқа да бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруға тиіспіз.

Президент Жолдауында қойылған міндеттерге сай, біз 2016 жылға болжанған жоспарларды жүзеге асыруға сеніммен қараймыз.

Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай отырып, әлеумдік экономикадағы тұрақсыздық пен нарық жағдаяттарының өзгеруіне қарамастан, тұтастай алғанда, қаламыздың дамуындағы оң өзгерістер сақталып отырғанын атап өту қажет.

ЭКОНОМИКА

   Ақтөбе қаласы тұрғындарының саны 2015 жылдың 1 желтоқсанына  449,5 мың адам, соның ішінде ауыл тұрғындары – 52,5 мың адамды құрады.

Өндірілген өнеркәсіптік өнімдер көлемі  2015 жыл ішінде 265,4 млрд теңге, 2014 жылғы деңгейден нақты көлем индексі – 101,5% құрады.

Негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 2015 жыл ішінде 114,3 млрд теңге құрайды, соның ішінде:

- кәсіпорындардың жеке қаражаттары - 75,4 млрд теңге, немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 65,9%-ы;

- бюджет қаражаттары – 20 млрд теңге, немесе 17,5%, соның ішінде: республикалық бюджеттен – 12,7 млрд теңге (11,1%).

- қарыз қаражаттары (банктер кредиттері) – 18,9 млрд теңге, немесе 16,5%.

Инвестициялардың технологиялық құрылымында негізгі үлесі 60%-дан астамы құрылыс-монтаж жұмыстарына, 40%-ы – машина, құрал-жабдықтарға және өзге де шығындарға келеді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жыл ішінде 52,6 млрд теңгені құрайды.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2015 жыл ішінде 391,8  млрд теңгені құрайды.

2016 жылғы 1 қаңтардағықала бюджетінің жеке табысы 92,5%-ға орындалып, 23,2 млрд теңгені құрады (трансферттер мен несиелерді есептемегенде).

         Ақтөбе қаласыбюджетінің шығыстары 42,2 млрд теңге немесе 99,9% құрады.

Ақтөбе облысы бойынша инфляция 2015 жыл ішінде 12,2% (ҚР бойынша – 13,6%) құрады. Соның ішінде тауарлардың азық-түлік тобы бойынша - 10,3%, бұл республика бойынша көрсеткіш деңгейінен 0,6%-ға төмен.

2015 жыл ішінде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 40,9 мың бірлікті, соның ішінде әрекет етуші кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 33,7 мың бірлікті құрады.

2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласының 124 кәсіпорнына мемлекеттік қолдау көрсетілді, немесе облыс кәсіпкерлеріне көрсетілген қолдаудың жалпы санының 63%-ы. Соның ішінде, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 6,3 млрд. теңге сомасына 80 жоба, кепілдік беру бойынша – 385,0 млн. теңге сомасына 43 жоба.

Көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары 3,0 мыңнан астам жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді, қала кәсіпорындарында қосымша 643 жаңа жұмыс орны ашылды.

2015 жыл ішінде әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүйелі түрде мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілді. Осы мақсаттар үшін кең көлемде тауар бағасы нарықтағыдан айтарлықтай төмен өткізілетін ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкелері, тұрақтандыру қоры өнімдерінің тауарлы интервенциялары қолданылды.

2015 жылдың басынан бері 35 ауылшаруашылық жәрмеңкелері, соның ішінде, ауылдық округтерде 13-і және коммуналдық базарда 22-і өткізілді. Барлығы жалпы сомасы 183,1 млн.теңгеге 202,6 тонна көлемінде барлық түрдегі ет, 18,0 млн. теңгеге 313,3 тонна картоп, 20,8 млн. теңгеге 322,0 тонна көкөніс сатылды.

Нәтижесінде өткен мерзімде қаланың бөлшек саудасында мониторинг жүргізілетін өнімге  бағалардың күрт негізсіз ауытқуына жол берілген жоқ.

2015 жылдың 11 айы ішінде тұтыну бағасының индексі біздің өңірде 111,2% құрады, бұл ҚР бойынша көрсеткіштен 1,1 %-ға (112,3%) төмен. Бұл республикадағы баға саясатының тұрақтылығы бойынша 4 орын.

2015 жылдың желтоқсанында Ақтөбе қаласының әкімдігі мен ірі бөлшек сауда кәсіпорындары, сондай-ақ азық-түлік базарлары арасында жаңа өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған Меморандум аясында ірі сауда желілері («Анвар», «Дина») отандық тауар өндірушілердің әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 33 позициясына тауардың кіріс бағасының 10%-нан аспайтын сауда үстемесін қолданумен шектеледі. Отандық тауарлар болмаған жағдайда 10%-дан аспайтынсауда үстемесі басқа өндірушілер мен жеткізушілерге де қолданылады.

Картоп пен көкөніс өнімдеріне сауда үстемесі 15%-дан аспайды, аталған отандық өнім болмаған жағдайда 15%-дан аспайтын сауда үстемесі басқа өндірушілер мен жеткізушілерге де қолданылады.

Жергілікті тауар өндірушілер ( «Рамазан» ЖШС, «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС, «Айс плюс» ЖШС, «Молочные истории-А» ЖШС, «Агрофирма «Тау» ЖШС, жылыжай шаруашылықтары мен ет өндірушілер) Ақтөбенің ішкі нарығын басым тәртіпте өз өнімдерімен қамтамасыз ету туралы міндеттеме қабылдады. Азық-түлік сауда базарлары («Орталық базар», «Алтай», «Ануар», «Арай», «Табыс» коммуналдық базары, «АгроОптСервис» көтерме базарлары) өз кезегінде жалға алушылар үшін қызметтерді негізсіз көтеруге жол бермеуге (сауда орындары мен жайларды жалдау, басқа да қосымша қызметтер), сауда орындарын Ақтөбе облысының тауар өндірушілеріне басым тәртіпте беруге міндеттеме алады.

Өз тарапынан қала әкімдігімен әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін ішкі нарықта,  соның ішінде Ақтөбе қаласының желілік дүкендерінде жылжыту жөніндегі барлық бастамаларына ақпараттық қолдау көрсетіледі.

Бұдан басқа, жергілікті өндірушілерге қаланың орталық аудандарында сауда автодүкендерінің санын көбейту бойынша кең мүмкіндіктер қарастырылған, бұл тұтынушыларға тауарларды кең көлемде өндірушінің бағасымен алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қаланың түрлі бөліктерінде 40 автодүкен орнатылған («Рамазан», «Айс-плюс», «Бал-Юн», «Рокос» ЖШС, ЖК «Абрамян»).

ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласында Қазақстанның индустрияландыру Картасына кірген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша белсенді және мақсатты жұмыс жүргізілуде.

ҮИИД Бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала бойынша 40 инвестициялық жоба (2010-2014 жылдардағы мерзім ішінде) пайдалануға берілді, 3,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Өнім өндірушілердің 100%-дық межесіне көрсетілген компаниялардың 65%-ы  қол жеткізді. Аталған мәселе әкімдіктің тұрақты бақылауында тұр. Жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп отырады және пайдалануға берілген өнеркәсіп нысандарының шығаратын өнімдерін көбейтуге көмек көрсетіліп отырады.

2015 жылы қала бойынша 3,3 млрд. теңге сомасына 5 жаңа өнеркәсіп нысандары пайдалануға беріліп, 400 жаңа жұмыс орны құрылды.

Аталған нысандардың іске қосылуы құрылыс индустриясы, металлургия, тамақ өнімдері өндірісі саласындағы тауарлар мен бұйымдар өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.  

Қазіргі уақытта индустриалды аймақ аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық және дайындық жұмыстарын алғашқы  4 компания жүргізуде. Инвестициялық жобаларға капитал салудың жалпы сомасы 24,8 млрд теңге құрайды («Ұлан компаниясы», «МР Ойл Газ Энерджи Инвестмент ЛТД», «Спецтехника», «Талан текнолоджи» ЖШС). Басқа да инвестициялық жобалар жүзеге асырылу сатысында:

1. Мұнай қалдықтары қоспасынан дизель отыны мен мазут өндіру және қайта өңдеу, сондай-ақ теміржол цистерналарын ішкі жуу және сыртқы сырлау жөніндегі инновациялық кешен - «КазОйлГрупп 2009» ЖШС.

2. Тікежікті электрмен дәнекерленген құбырлар мен иілген профильдер өндірісі – «Казтеплоэнергомонтаж» ТС.

3. Ірі панельді үй құрылысының комбинаты – «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС.

4. «ASBI SAT GROUP» ЖШС озық технологияларын қолдану арқылы темір-бетон бұйымдарының өндірісін кеңейту .

2016 жылы Индустрияландыру картасы бойынша қалада жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, мұнда 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

АГРОӨНЕРКӘСІП СЕКТОРЫ

Есепті 2015 жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 14,8 млрд теңгені құрады.

Бүгінде қалада 101 ауыл шаруашылық құрылымдары, соның ішінде 87 шаруа қожалығы, 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 3 өндірістік кооператив және 1 мемлекеттік қазыналық кәсіпорын әрекет етеді.

Ақтөбе қаласы бойынша ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлердің жалпы аумағы 96,2 мың га құрайды, оның ішінде 57,9 мың га 126 шаруа қожалықтарына, 38,3 мың га басқа меншік түріндегі 41 ұйымға (ЖШС, АҚ және ТК) бекітілген.

2015 жылы қала шаруашылықтарымен 18,6 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Шаруашылықтармен және  қала тұрғындарымен көкөніс-бақша дақылдары мен картоп жинау жұмыстары жүргізілді. Барлығы 1,4 мың тонна астық, 400 тонна майлы дақылдар және 53,0 мың тоннадан астам картоп пен көкөніс жиналды.

2015  жылы 50 жер пайдаланушыдан қаланың босалқы жеріне ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылмаған 53,5 мың га жер  қайтарылды.

Сонымен бірге, жерді пайдаланушылардың жерлерді мақсатты пайдалану бойынша жауапкершілігін арттыру мақсатында қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы кезекті сессиясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін 10 есеге арттыру туралы шешім қабылданды.

2015 жылдың басынан бері 2,1 млрд.теңге сомасына ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша 9 инвестициялық жобаға өтінім берілді, соның ішінде 6 жоба жүзеге асырылып, пайдалануға берілді, сонымен бірге, Благодар ауылдық округінде 495,0 млн. теңге сомасына 3 жоба, Қурайлы ауылдық округінде 257,0 млн. теңге сомасына  2 жоба және «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС-і, қуаты айына 1000 тн макарон фабрикасының құрылысы жүргізілді, инвестиция сомасы 300,0 млн теңгені құрады.

2016 жылдың бірінші тоқсанында 3 жоба пайдалануға берілетін болады («Айбек» ӘКК ет-консерві цехы, 2 сүт өңдейтін кәсіпорын).

Қазіргі таңда 9,5 га аумағында «Изетгринхаус Казахстан» ЖШС жылыжайының құрылысы жүргізілуде, аталған нысанның пайдалануға беру мерзімі 2017 жылға жоспарланған. Жобаның сметалық құны 3,4 млрд теңгені құрайды, 75 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Келешекте 100 га аумақта барлық инфрақұрылымдары бар аграрлы-индустриалды аймақ құру жоспарлануда, мұнда жылыжай кешендері, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар орналасатын болады. Бұл аграрлы-өнеркәсіп саласының дамуына қуатты серпін береді.

2015 жылы қаланың ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерімен тірілей салмақта 7,0 мың тонна ет, 25,4 мың тонна-сүт, 122,6 млн дана жұмыртқа, 91,6 тонна-жүн өндірілді.

2014 жылмен салыстырғанда малдың барлық түрлерінің саны өсті, соның ішінде:

 * ІҚМ – 5,7%-ға өсіп, 11,0 мың басты құрады, соның ішінде сиыр – 6,8 мың бас немесе 19,0%;

* қой мен ешкінің саны 2014 жылғы деңгейде сақталды– 28,6 мың бас;

* жылқы – 2,1 мың бас, 5,6%-ға көбейді;

* ұқсас өсім шошқа, түйе және құс бойынша 2014 жылғы деңгейден 1,1%-дан 7,2%-ға дейін байқалады.

Мал шаруашылығы саласын аса сапалы деңгейге көтеру мақсатында қала шаруалары «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» сияқты мал шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға көбірек қатысуда. 2011 жылдан бастап қала шаруашылықтарымен 170,0 млн. теңгеден астам сомаға 988 бас аналық ІҚМ алынды.

Есепті жылы төрт бағдарлама бойынша 74,0 млн. теңгеден астам сомаға 296 бас мал алынды.

Ағымдағы 2016 жылға қала шаруашылықтарымен «Ақтөбе несие» несиелік серіктестігіне 20,0 млн теңгеден астам сомаға «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 584 бас қой және «Сыбаға» бағдарламасы бойынша                  42 бас ІҚМ сатып алуға өтінім берілді.

2015 жылы қала шаруашылықтарымен асыл тұқымды мал алу жөніндегі шығындарды өтеуге, селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізуге және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің шығындарын өтеуге жалпы сомасы 400,0 млн теңгеден астам субсидия алынды.

Мал қыстатуды ойдағыдай өткізу үшін қала шаруашылықтарымен 47,1 мың тонна шөп, немесе жоспарланған көлемнің 105,0%-ы дайындалды. Қазіргі таңда мал қыстату кедергісіз өтуде және мал өсірушілер малдарды төлдетуге дайындалуда.

Ағымдағы 2016 жылдың басынан бастап қалалық әкімдік ауылдық округтер тұрғындарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізудің отбасылық нысанына қолдау көрсету мақсатындағы шараларды ұйымдастыру бойынша ауыл шаруашылығы саласында пилоттық жобаны жүзеге асыруға кірісті. Бүгінде аталған жоба бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, мұның мәні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АФ көмегімен жеңілдікпен несие алу арқылы ауылда шағын-бордақылау алаңдарын, сүт-өнімдері фермаларын және шағын жылыжайларды ашу үшін ауылдықтарды тарту.

2015 жылы республикалық бюджеттен ветеринариялық жұмыстарды жүргізу үшін 49,4 млн. теңге бөлінді. 2014 жылдың басынан бері ауылдық округтермен бірге қала бойынша 5 005 бас - мүйізді ірі қараны, 8 755 - мүйізді ұсақ малды, 502 - жылқыны, 460 - шошқаны және 30 бас түйені бірдейлендіру жүргізілді. 2015 жылдың басынан бері қалада 18 525 бас мүйізді ірі қараға, 28 169 бас мүйізді ұсақ малға бруцеллез ауруына тексеру жүргізіліп, соның ішінде 193 бас ірі қарада және 426 бас ұсақ малда бруцеллез ауруы анықталды.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

«2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2015 жылдың есепті мерзімі ішінде Ақтөбе қаласы бойынша меншіктің барлық түрі бойынша 409,88 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2014 жылдың ұқсас мерзіміндегі көрсеткішінен 14,5%-ға көп.

Сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй құрылысы аясында бюджет қаражаты есебінен «Нұр-Ақтөбе» тұрғын массивінде 5 үйдің құрылысы аяқталды. 3 үй тұрғынүйқұрылысжинақтау жүйесі бойынша несиелі тұрғын үй, 2-уі жас отбасылар мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға  арналған жалдамалы  үй. Іске қосылған тұрғын үйдің жалпы ауданы - 71,94 мың шаршы метр. Бұл үйлерді беру 981 отбасыны пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Соның ішінде:

- «Тұрғынүйқұрылысжинақ» жүйесі бойынша несиелі тұрғын үй:

540 пәтер жалпы ауданы – 39,53 мың шаршы метр;

- кезектегілерге арналған жалдамалы тұрғын үй:

207 пәтер жалпы ауданы – 16,78 мың шаршы метр;

- жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй:

234 пәтер жалпы ауданы – 15,63 мың шаршы метр.

2016 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға берілетін 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржысынан несиелеу есебінен несиелі тұрғын үйдің  тағы да 10 блок-секциясының (18 А, Б, В, Г және 38 А, Б, В тұрғын үйлер, барлығы 540 пәтер, жалпы ауданы – 33,6 мың шаршы метр) құрылысы басталды.

Қаладағы тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі жылумен жабдықтаудың, сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың және электрмен жабдықтаудың жаңа инженерлік желілерін, сонымен қатар кәріз желілерінің құрылысын қажет етеді.

Есепті жылы қаламыздың аудандары мен ауылдық елді-мекендердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жобалау және салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

2015 жылы тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік желілер құрылысы бойынша 8 инвестициялық жобаның, су құбыры желілерінің құрылысы бойынша 5 жобаның, электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша 1 жобаның, жылумен жабдықтау желілері бойынша 2 жобаның, кәріз желілері бойынша 2 жобаның және газбен жабдықтау бойынша 3 жобаның жүзеге асырылуы аяқталды.

Есепті мерзім ішінде барлығы:

- 3,8 км - электрмен жабдықтау желілері;

- 56,3  км - газбен жабдықтау желілері;

- 85,2 км  - сумен жабдықтау желілері;

- 5,5 км - кәріз желілері;

- 16,8 км - жылумен жабдықтау желілері пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржысынан несиелеу есебінен 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Қазіргі таңда пәтерлер саны 1728 болатын 9 тұрғын үй құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, соның ішінде 4 үйді, 657 пәтерді «ҚИК» АҚ арқылы салу қарастырылуда.

ҚАЛА ТІРШІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2015 жылы қысқы жылыту маусымына жоспарлы дайындық жүргізілді. Коммуналдық кәсіпорындармен жылу және газ желілерін, сумен жабдықтау және су тарату нысандарын, сондай-ақ, энергетикалық құрал-жабдықтар мен тарату құрылғыларын жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласының тұрғын үй қорын 1615 көп қабатты тұрғын үй құрайды, соның ішінде:

- 698 үйге қызмет көрсету 114 ПИК, ТК және ЖШС-пен жүргізіледі;

- 543 үйге қызмет көрсету кондоминиум нысандарымен жүргізіледі;

- 374 үйді басқару қоғамдық бастамаларда жүргізіледі.

Аталған үйлер бойынша тұрғын үйдің меншік иелерімен үйлерге әрі қарай техникалық қызмет көрсету үшін басқару нысанын ұйымдастыру жөнінде жиналыстар өткізіледі.

Тұрғын үйлерді 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымына дайындау барысында қалада штаб құрылып, тұрғын үй қорын қыс мезгіліне дайындау кестесі бекітілді. Жүргізілген ұйымдастыру шаралары, сондай-ақ атқарылған дайындық жұмыстары көп қабатты тұрғын үй қорын  жылыту маусымына уақытылы  дайындауға мүмкіндік берді. ПИК төрағаларының есепті кездесулерінде қабылдаған хаттамалық шешімдерінің нәтижелері бойынша тұрғындардың мақсатты қаржыларын жинау есебінен және жасалған жоспарлар бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді:

-         82 үйдегі инженерлік желілердің күрделі жөндеуі;

-         438 үйдегі сантехникалық жүйенің ағымдағы жөндеуі;

2016 жылы мақсатты қаржыларды жинау есебінен тұрғын үй қорында

келесідей жұмыстар түрлері жоспарланды:

-         30 үйдегі шатырлардың жөндеуі;

-         70 үйдегі инжинерлік желілердің күрделі жөндеуі;

-         295 үйдегі ағымдағы жөндеу.

Алдағы жұмыстар көлемі ағымдағы жылдың 15 ақпанынан 1 сәуірі аралығына жоспарланған ПИК төрағаларының тұрғындар алдындағы есеп беру және сайлау жиналыстарында қаралып, бекітілетін болады. Есеп берулер кестесі «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланатын, сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімі аппартының сайтында орналастырылатын болады.

«ТКШ 2011-2020 жылдарға дейінгі жаңғырту Бағдарламасын» жүзеге асыру аясында 2015 жылы 15 көп пәтерлі тұрғын үй бойынша жалпы сомасы 241,6 млн. теңгеге (республикалық бюджет қаржысы есебінен 142,4 млн. теңге сомасына, бұрын өткізілген жөндеу жұмыстарынан қайтарымды қаржы есебінен 99,2 млн. теңге сомасына) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы республикалық бюджеттен бағдарламаны қаржыландыру қарастырылмаған. Үйлерді жөндеу және жаңғырту 160 млн теңге сомасындағы қайтарымды қаражаттар есебінен жүргізілетін болады. Бұл шамамен 4-6 көп пәтерлі тұрғын үй.

Сонымен қатар тікелей қаланың өзіндегі кәріз және су құбыры желілерін қайта жарақтандыру мәселелеріне үлкен көңіл аударылады.

Қалалық коммуналдық кәсіпорындармен күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары әзірленген іс-шараларға сәйкес тарифтерде және бекітілген инвестициялық бағдарламаларда көзделген қаражат есебінен жоспарлы тәртіпте жүргізілді. 2015 жылы қала бойынша келесідей жөндеу жұмыстары жүргізілді:

«Трансэнерго» АҚ

2015 жылы 2,3 км жылу желілеріне күрделі жөндеу, магистралды және кварталішілік желілерге ағымдағы жөндеу жүргізілді, сонымен қатар 14,4 км жылу желілерінің құбырлары алмастырыла отырып, толық қайта жаңартылды. Жоғарыда аталған барлық жұмыстар жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады.

 «Ақбұлақ» АҚ

2015 жылы 9,1 км сумен жабдықтау және су тарату желілерін алмастыру жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлерге сырттан кіретін су құбырлары желілерінің 6,5 км алмастырылды, су құбырларының желілерінің 922,0 км хлорландыру жүргізілді, 51 бірлік өрт гидранттары жөнделіп, алмастырылды, 30 су тарату колонкаларын алмастыру жүзеге асырылды, сондай-ақ, 15 км-ге жуық қысымды және өздігінен ағатын кәріз коллекторларына шаю жүргізілді.

2016 жылға ұзындығы 64,8 км болатын су құбыры желілерін қайта жарақтандыру және 39,3 км кәріз желілерін жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Ақтөбе қалалық электр желілері басқармасы

2015 жылы 92,63 км әуе және жер асты электр беру желілерін күрделі жөндеу, әртүрлі кернеудегі электр станцияларының 28 бірлік аралық қайта жарақтандыру орындалды.

2016 жылы 82,01 км электр беру желілерін күрделі жөндеу және 38 аралық электр станцияларын күрделі жөндеу және қайта жарақтандыру жоспарланған.

 «ҚазТрансГазАймақ» АҚ

2015 жылы 4,8 км жоғары, орта және төмен қысымды жер астындағы, жер бетіндегі газ құбырларын қайта төсеу, қала аудандарын шығыршықтау үшін ұзындығы 1,6 км газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жүргізілді. 2016 жылға 11,5 км жоғары, орта және төмен қысымды жер астындағы, жер бетіндегі газ құбырларын қайта төсеу; 6,1 км газ құбырын шығыршықтау; 1 дана мөлшерінде ГБП ПГБ-ға алмастыру; 1 дана мөлшерінде ГБП-ны ГРПШ-ға алмастыру жұмыстары, сондай-ақ 1 дана мөлшерінде Ақтөбе қаласындағы АГРС-300 құрылысы жоспарланған.

Қала маңында 641 үй маңы аумағы бар, олардың 364 ауласы жөндеуді қажет етеді. Жыл сайын 120 аула аумағына жөндеу жүргізу жоспарлануда. Осы жылы алғашқы кезекте жөндеуге жататын аулаларды тексеру жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын қолайлы ауа-рауы басталысымен, уақыттың көктемгі кезеңінде бастау жоспарлануда. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен ақшалай қаржы қарастырылған.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Қала аумағындағы автомобиль жолдарының желісі 621 км жолдан тұрады, олардың 266,4 км-нің (42,9%) асфальт-бетон жамылғысы бар.

Қазіргі уақытта 369,9 км немесе 59,3% автомобиль жолдары қанағаттанарлық және 251,1 км немесе 40,4%-ы қанағаттанғысыз жағдайда.

- 2015 жылы жалпы ұзындығы 24 км көшелердің 25 учаскесінде жөндеу, қайта жарақтандыру және салу жұмыстары басталып, аяқталды.

Сондай-ақ, өткен жылы 8 жоба бойынша жұмыстар басталды, оларды аяқтау 2016 жылға жоспарланған, жалпы ұзындығы – 11 км. Олар келесідей нысандар:

- Сәңкібай батыр даңғылынан Самара-Шымкент тас жолына  дейінгі ұзындығы 2 км автомобиль жолын (Ә.Молдағұлова даңғылы, Бәйішев көшесі) қайта құру;

- Шымкент-Самара тас жолының ұзындығы 723 км-нен Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі ұзындығы 1 км автомобиль жолын күрделі жөндеу;

- ұзындығы 6 км Қонаев, 101 атқыштар бригадасы, Иманов көшелері мен Әбілқайыр хан даңғылын күрделі жөндеу.

Сонымен бірге, ұзындығы 2 км «Нұр Ақтөбе» тұрғын массивіне автомобиль жолын салу және Сазды кентіндегі Бауырластар-1, 2 тұрғын массивтеріне кіретін жолдар салу жұмыстары басталды.

Қаланың көше-жол желілеріндегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1 115 жол белгілері, 18 жасанды-жол бұдыры және 6 бағдаршам нысандары орнатылды.

Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру аясында ұзындығы 11,4 километр жаяу жүргіншілер жолдарын, ұзындығы 3,6 километр суағар кәрізінің жүйелерін орнату және 4 көшені (Асау-Барақ, Есет батыр, М.Мәметова көшелері және Жанқожа батыр көшесі мен К.Нокин даңғылының қиылысы) жарықтандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

АБАТТАНДЫРУ

Қала аумағын таза және тәртіпте ұстау, жинау сапасын жақсарту үшін 2015 жылы бюджет қаражаты есебінен  көшелердің 641 км, сондай-ақ, қала гүл бақтар мен саябақтарға санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда қаланың барлық аудандары қалдықтарды шығарудың бірыңғай жүйесімен жабдықталған. Әкімдік пен ішкі істер органы қызметкерлерінің қатысуымен қаланың санитарлық жағдайына жүйелі түрде тексеру жүргізіледі.

Қала көшелерін қысқы және жазғы мезгілде күтіп-ұстауды 3,4 миллион шаршы метрден астам аумақта (200 көше) 14 арнаулы кәсіпорындар іске асырады, оларда 400-ден астам адам жұмыс істейді және 240 бірлік арнаулы техника тартылған.

2015 жылдың қыс мезгілі басталғалы 100 мыңнан астам тонна қар шығарылды. 2015 жылы қала аумағында 1 қар полигоны жұмыс істеді, ол тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының аумағында орналасқан. Арақашықтықтың ұзақ болуына байланысты және қала көшелерінен қар шығару уақытын қысқарту үшін қосымша тағы да 2 полигон ұйымдастырылды (Ақжар-2 кенті ауданы мен Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты бағытында).

Қар шығару жұмыстары жалғасатын болады. Басты назар су басатын аймақтарға бөлінетін болады.

Қала аумағында 23 гүлзар орналасқан. Барлығы 27 мыңнан аса ағаштарға, 7,8 гектар екпе шөп, 16 мың шаршы метр гүл алаңына және  487 шаршы метр қоршауларға күтім жасалып, қызмет көрсетіледі. Көгалдандыру бағдарламасы және экологиялық айлық аясында 2015 жылы қалада 1034 түп ағаш отырғызылды.  Қураған ағаштардың құлауын болдырмау үшін, сондай-ақ тұрғындар өтініштері бойынша 30 мың түп ағаш пен бұталарды қию және кесу жұмыстары жүргізілді, 375 гектар алаңдағы  жасыл желектер зиянкестерге қарсы  екі рет өнделді. Биылғы жылы «Қазхром» АҚ резиденциясы ауданындағы, Елек, 12 ықшам аудандағы айналма жолдар, Абай даңғылындағы гүлзар, Әбілқайыр хан даңғылындағы бөлу жолағы мен әуежайға баратын жолдағы бөлу жолағы сияқты 7 учаскеде шашыратып суару жүйесінің құрылысы  бойынша жұмыстар аяқталды. 2016 жылы 3 мыңдай ағаш отырғызу, екпе шөп алаңын 20 гектарға дейін және гүл алаңдарын 3,7 гектарға дейін, жасыл желек қоршауларын 1 мың қума метрге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Қалада 163 көше жарықтандырылған, 10 мыңнан астам жарық нүктелері бар. 2016 жылға облыстық бюджеттен көшені жарықтандырудың 7 объектісін (облыстық әкімдік алаңы, 312 атқ.дивизиясы даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі Ә.Молдағұлова даңғылы, 312 атқ.дивизиясы даңғылынан Елек айналма жолына дейінгі К.Нокин көшесі, Елек өзеніндегі көпірден стеллаға дейінгі жоғарғы Хромтау трассасы, әуежай алаңы, Бөкенбай батыр даңғылы, Әбілқайыр хан даңғылы) күрделі жөндеу және қайта жаңарту үшін 724 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Қалада алғаш рет шырақтар ретінде қуат үнемдейтін жарық-диод шамдары орнатылатын болады. Электр қуатын үнемдеу 60-70%-ға жуығын құрайды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету

Жаңа өндіріс орындарының ашылуы және жұмыс істеп тұрғандарының кеңейтілуі, қаланың шағын және орта бизнесінің дамуы 2015 жылы 9 731 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Жұмыссыз және әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдарды жұмыспен қамту мақсатында 2015 жылы 4 355 жұмыссыз жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, оның ішінде 3 863 адам тұрақты жұмысқа және 492-сі қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

2015 жылдың басынан бастап 11 қалалық бос орын жәрмеңкесі өткізіліп, қаланың 250 ұйымы мен 2320 адам қатысты. Жыл қорытындысы бойынша ұсынылған бос орындарға 559 адам қабылданды.

Тіркелінген жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы 1 қаңтарда 0,3% құрады.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2015 жылға республикалық бюджеттен 105,6 млн.теңге бөлінді.

Осы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2015 жылы 2 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды, 17 адам немесе 113% жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарда кәсіпкерлік негіздеріне 30 адам оқытылды, 14 қатысушыға 34,3 млн теңге сомасына шағын несиелер берілді.

Бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттіліктері шегінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» атты үшінші бағыты бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарда:

- әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға көмек көрсетуде жоспардағы 75 адамның орнына 279 адам немесе 4 есеге артық. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстарын аяқтаған 250 қатысушыдан 160 адам немесе 64%-ы тұрақты жұмысқа орналасты.

- жоспардағы 223 адамның орнына 491 жұмыссыз түлек жастар практикасына жіберілді немесе жоспардың 2 есеге артық. Жастар практикасын аяқтаған 394 адамнан 240 адам немесе 61%-ы тұрақты жұмысқа орналасты.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 2016 жылға республикалық бюджеттен 41,1 млн. теңге көзделген, жергілікті бюджеттен 250,4 млн. теңге жоспарланған.

2015 жылы Ақтөбе қаласы бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 1 019,2 млн. теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Соның ішінде:

- өмірлік қиындық жағдайы туындауына байланысты өтініш берген азаматтарға– 143,2 млн. теңге;

- атаулы әлеуметтік көмекке – 3,4 млн. теңге;

- тұрғын үй көмегіне – 7,5 млн. теңге;

- 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы – 50,2 млн. теңге;

- мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес – 142,5 млн. теңге;

- мүгедектер күніне орай 9 622 мүгедек және мүгедек балаларға жалпы сомасы – 361,6 млн. теңге.

Сонымен қатар 2015 жылы ҰОС Жеңістің 70-жылдығына орай (Жеңіске үлес қосқан азаматтар: ҰОС қатысушылар мен мүгедектері, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерлерь тұтқындары, бұрынғы Ленинградттың қоршауының тұрғындары, тыл еңбеккерлері, Ұлы Отан соғысы кезінде ерен еңбегі үшін медальдарымен және ордендерімен марапатталған азаматтар, ҰРС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлері) 5685 азаматқа республикалық бюджеттен 155,3 млн. теңге және 6550 азаматқа жергілікті бюджеттен 155,5 млн.теңге сомасында көмек көрсетілді.

Одан басқа, ҰОС 77 қатысушысына олардың өтініштеріне сай әкімдіктің қолдауымен, қала кәсіпкерлерімен бірге жалпы сомасы 47,0 млн. теңгеге пәтерлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы» Жарлығымен ақтөбелік соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен өзге де адамдар бірыңғай мерекелік медальмен марапатталды.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен бірлесіп барлық 135 Ұлы Отан соғысына қатысушыға дәрігерлермен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін «Тірлік желісі» медициналық дабылнамасы (дабыл түймесі) орнатылды.

Білім саласы

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі білім саласы болып табылады.

2015 жылы қаланың білім саласын қаржыландыру көлемі 2014 жылмен (12, 843 млрд. теңге) салыстырғанда 13, 033 млрд. теңгені құрады, бұл қалалық бюджеттің барлық шығыстарының 59%-ы.

Ақтөбе қаласының білім бөлімі жүйесінде білім берудің 135 мемлекеттік ұйымдары жұмыс істейді.

Қалада ұйымдастырылған оқытумен және тәрбиемен барлығы        85 007-ден астам бала мен жасөспірім қамтылған. Сонымен қатар, қалада жалпы саны 49 954 студенті бар 7 жоғары оқу орны және 26 колледж жұмыс істейді.

2015 жылы Жаңақоныс ауылында 600 орындық №57 ОМ және Өрлеу селосында 270 орындық №58 ОМ пайдалануға берілді.

Қаладағы үш ауысымдылық оқытуды жою мақсатында Кірпішті кентінде 320 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысы басталды, ол №18 ОМ-гі үш ауысымдылық мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы 1200 орындық мектеп құрылысын аяқтау жоспарлануда, ол №53 ОМ-гі салмақты азайтуға мүмкіндік береді. №15 ОМ-те тозған, пайдаланылмайтын шеберхананың орнына жанама құрылыс, сондай-ақ «Батыс» ықшам ауданында 600 орындық «Сымбат» жеке мектебін салу мәселесі қарастырылуда.

Бүгінде мектепке және кері қарай жеткізуді ұйымдастыруға мұқтаж балаларды  қамту 100% құрайды. «Автопарк» ЖШС 17 автобусы және 12 мектеп автобусы 23 аз қоныстанған елді-мекендерден 3625 оқушыны 19 мектепке жеткізуді іске асырады.

Жазғы демалыс және сауықтыру

2015 жылғы жазғы мерзім ішінде 49 578 бала демалыспен және сауықтырылумен қамтылды, бұл 93,6% құрайды (2014 жылы жазғы демалыспен қамту 87,3% құрады).

Жазғы мерзімде 55 мектеп жанында мектеп жанындағы лагерлер үш маусымда жұмыс істеді. Оларда 1934 жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасылар балалары, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар демалып, өз денсаулықтарын дұрыстады.

Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлерде барлығы 2946 бала (2014 жылы барлығы 2882 бала қамтылды) демалды.

Сондай-ақ, жазғы мерзімде мектептер жанында аула клубтары жұмыс істеді, оларға 12824 бала барды (2014 жылы аула клубтарымен 7000 бала қамтылды).

Орын тапшылығы проблемасына мектепке дейінгі білім мекемелері де кезігіп отыр.

Бүгінде қалада балалар саны 20348 болатын 105 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, оның ішінде:

- 83 балабақша, оларда 19391 бала;

- 22 шағын орталық, онда 957 мектепке дейінгі балалар тәрбиеленеді.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 50,7% құрады, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 84,1%.

Қалада 32 жеке балабақша (2014 жылы - 21) жұмыс жасайды. Мұнда 5 156 бала тәрбиеленеді (2014 жылы – 3 704). Мемлекеттік тапсырыс 29 балабақшада 5069 балаға орналастырылған (өткен жылы – 19 балабақшада 3347 бала).

2015 жылы мемлекеттік-жеке әріптестік аясында 8 мектепке дейінгі мекемесі пайдалануға берілді.

2015 жылы 150-ден астам жаңа жұмыс орындары ашыла отырып, 850 орындық 4 балабақша құрылысы мен қайта жарақтандыру аяқталды («Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы 320 орындық, Заречный-1 және 4 кенттеріндегі 150 орындық, Облыстық физика-математика мектебінің ғимаратын 230 орындық балабақшаға қайта жарақтандыру), бұл балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік берді. Одан басқа, Жаңақоныс ауылындағы Новый ОМ-нің босаған ғимараты және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті базасында бір мектептен тыс ұйым ашылды.

Бүгінгі күні Қарғалы кентінде 320 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде. Іске қосылуы 2016 жылға жоспарланған.

Мәдениет, спорт және денсаулық сақтау саласын дамыту

Тұрғындар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы мен өзектілігін Елбасы бірнеше мәрте атап көрсетті. Қалада спортты дамыту үшін спорт инфрақұрылымын әрі қарай дамытуға және оның материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары алынады.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласында дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін 484 спорт ғимараттары бар. 2015 жылы Ақтөбе қаласы бойынша спорт нысандарының саны 6 бірлікке өсті. Олар: «Мега Спорт» спорт кешені, «Әлихан» спорт кешені, Новый, Қурайлы, Қарғалы ОМ-дегі, «Ақтөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі» спорт нысандары. Қаланың спорт нысандарының біржолғы өткізу қабілеті 26 мыңнан астам адамды құрайды.

Дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысатын қала тұрғындарының саны 29,1% құрайды.

2015 жылдың қорытындылары бойынша 90 мың адамды қамтыған 130 срорттық іс-шаралар өткізілді.

Тұтастай алғанда, ақтөбеліктер әртүрлі спорттық іс-шараларға жеткілікті түрде белсенді қатысады, өткен жылдың мамырында, ұзақ уақыттан кейін алғаш рет Ақтөбелік жартылай марафон ұйымдастырылып, оған 5000-нан астам адам қатысты. Қала үшін спорттың 2 жаңа түрінен – кроссфиттен және армлифтингтен ашық турнир өткізілді. Сондай-ақ, ақтөбеліктер өздері үшін жаңа, жастардың спорт түрі Воркаутты (Workout) ашты, одан да алғаш рет қала чемпионаты өтті.

Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер сапасын жақсартуға және денсаулық сақтау объектілерінің санын көбейтуге бағытталған бірқатар кешенді шаралар өткізіледі.

Ақтөбе қаласы бойынша бала туу 2014 жылмен салыстырғанда 5%-ға өсті. 2015 жыл ішінде өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті.

Әлеуметтік маңызды аурулардың барлық түрлері бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Ақтөбе қаласында мәдениет саласы да үнемі дамып отырады. Бүгінде 20 мәдениет мекемесі бар. Олардың 10-ы қала аумағында және 10-ы ауылдық округтер тұрғындарына өз қызметтерін көрсетеді.

Қалалықтардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру, кәсіби, көркемөнерпаздар ұжымдарын дамыту мақсатында 2015 жылы 751 мәдени-бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде, барлық Мәдениет үйлерінде, қалалық кітапханалар оқырмандары арасында іс-шаралар, сол сияқты, Наурыз мейрамы, Жаңа жыл және т.б. сияқты жаппай көңіл көтерулермен бірге жүретін дәстүрлі мерекелер өткізілді. Осы іс-шараларға қатысқан қалалықтар саны 500 мыңнан асты.

Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жастардың бос уақытын ұйымдастыру, патриоттық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мәдениет мекемелерінде бүгінгі күні 32 үйірме жұмыс істейді, қатысушылар саны 570 адамды құрайды, оның ішінде 381-і жастар өкілдері.

2016 жылға мәдениет бөлімі 771 мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді жоспарлады, оның 415-і әлеуметтік маңызды болып табылады.

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

Қаладағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты сипатта. Қаладағы қоғамдық-саяси ахуалға үнемі мониторинг пен талдау жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Ақтөбеде 16 діни бірлестік және ҚМДБ 9 филиалы, оның ішінде: 3 православие, 1 католиктік, 11 христиандық-протестанттық және 1 кришнаиттік бірлестіктер жұмыс істейді.

Аталған діни бірлестіктердің 20 діни объектісі бар. Олардың ішінде                8 мешіт, 3 православие храмы, 8 христиандық-протестанттық шіркеу, 1 рим-католиктік приход бар.

Қалада республикалық саяси партиялардың 6 облыстық филиалдары жұмыс істейді.

 Облыс орталығында қазіргі уақытта 269 үкіметтік емес ұйымдар тіркелінген, олардың 60-қа жуығы белсенді жұмыс істейді.

Ақтөбеде 19 этно-мәдени бірлестіктер өз қызметтерін іске асырады. Қалада этносаралық ахуалдың тұрақтылығы байқалады.

Партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен этномәдени бірлестіктер өкілдері қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде тартылады.

Жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, жастардың бос уақытын ұйымдастыру мен шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында қазіргі уақытта ішкі саясат бөлімінің жанынан «Ақтөбе жастары» жастар ресурстық орталығы құрылған. Жастар әр кезде әлеуметтік топтағы өзгерістерге аса бейімделгіш және жұмылғыш болып келеді. Осыған байланысты жастар қуаты мен әлеуетін дұрыс жолға бағыттау аса маңызды болып табылады. «Ақтөбе жастары» орталығында консультанттар мен әдіскерлер жұмыс істейтін болады, олар жастарға әдістемелік, консультациялық және психологиялық көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, құрылып жатқан орталықта аулу клубтарының желілерін ашу жоспарлануда. Осы жылы біз қаланың салынып жатқан ықшам аудандарында үш аула клубын ашуды жоспарлап отырмыз. Қала ырғақты дамып келеді, оның маңында жаңа ықшам аудандар қалыптасуда, әдетте, олардың тұрғындары жас отбасылар болып табылады, мектеп жасындағы балалар саны өте көп. Осындай аудандарда аула клубтарын ашу тұрғындарымыздың жайлылығына бағдарланған инфрақұрылымды құрудың бір сатысы болып табылады.

Бүгінгі күні 11 ықшам аудандағы, «Батыс-2» ықшам ауданындағы және «Нұр-Ақтөбе» тұрғын массивіндегі жайлардың жобалау-сметалық құжаттамаларын жасау, күрделі жөндеу және профилін өзгерту жұмыстары жүргізілуде.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Статистикалық мәліметтерге сай 2015 жыл ішіде жалпы қылмысты тіркеу өткен жылмен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді.

Көшелердегі және қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу мақсатында 2015 жыл ішінде 63 қоғамдық-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Сыртқы бақылау камераларының көмегімен 2015 жыл ішінде барлығы  106 қылмыс және 24 447 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Есепті мерзім ішінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 2,9%-ға төмендеді.

Қазіргі уақытта қала көшелеріне 118 бейнекамералар орнатылды, олардан ақпараттар Ақтөбе қаласының ІІБ Жедел басқару орталығына түседі.

Қоғамда тәртіпсіздіктер мен ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру мақсатында учаскелік полиция инспекторлары қалада 210 жиын өткізді.

2015 жылдың басынан бастап кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар және ювеналды полиция инспекторлары «Ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» туралы 64 дөңгелек үстел және оқу орындарында кәмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыптарына 4370 шығып, сөйлеулер өткізді.

2015 жылдың  сәуірінен бастап қаланы көркейту және санитарлық тазалау жөніндегі екі айлықты өткізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларын бұзуды анықтау және болдырмау жөнінде мобильді топтар құрылды. Бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен шығулар іске асырылып, абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін хаттамалар толтырылды.

Жыл басынан бастап Ақтөбе қаласы аумағының абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505 бабы бойынша 1891 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 8,5 млн теңге сомасында айыппұлдар салынды.

Сондай-ақ, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында өңірде жергілікті полиция жұмыс істей бастады.

Жергілікті полиция құрамына мынадай бөлімшелер кіреді: учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілері, ювеналды полиция, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелер және мектеп инспекторлары,         әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше, табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері, сондай-ақ, әкімшілік-тұтқындалған адамдарға арналған арнаулы қабылдағыштар және тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдағыш-таратқыштар.

ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

Қала әкімдігі жер қатынастарын реттеу жөнінде нақты жұмыстар жүргізеді. Бау-бақша ұжымдарына жүргізілген түгендеу барысында пайдаланылмайтын немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 848 жер учаскесі анықталды. Осы жер пайдаланушылар бойынша материалдар тиісті шаралар алу үшін жер инспекциясына жіберілді.

2003 жылдан 2015 жылдың 1 қазаны аралығында 100 156  азамат  жеке тұрғын үй  құрылысы  үшін  жер учаскесін алуға кезекте тұр.

2014  жылдың  қыркүйек айынан  бастап 2003 жылы  кезекте тұрған  азаматтарға жеке  тұрғын үй  құрылысы үшін тұрғын массивтерден («Ақжар-2», «Ақшат», «Бауырластар», «Красносельское», «Новостепановка-2») жер учаскелерін   бөлу жұмыстары  жүргізілуде. Бекітілген тізім бойынша 678  азаматтың 322-і жер телімін алды.

Бүгінгі күні 2005 жылғы жер кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскелерін  бөлу  туралы мәселе  қаралуда.

Тұрғын массивтердегі 1403 учаскеге нақты жобалау жоспарының 3 жоспары әзірленді:  «Ақшат-2» - 388 учаске, «Красносельское-2» - 626 учаске, «Шилісай-2» - 389 учаске. Одан басқа, 2003-2004 жылдардағы азаматтарға бөлген кезде қалған жерлерден 924 жер учаскесін беру  жоспарлануда.

Сол сияқты, 2004 жылдан кезекте тұрған  1592  азаматқа жер учаскелерін бөлу жұмыстары  2015 жылдың 7 сәуірінен  басталып, («Қанағат», «Шилісай», «Бауырластар», «Сазды-2») тұрғын масивтерден 1024 азамат жер учаскелерін алды.

2015 жылы өз бетінше иеленген жер учаскелерін тексеру нәтижесінде жалпы көлемі 1,8 га 40 жер пайдаланушы анықталды, анықталған заң бұзушылық бойынша зерттеу актілері толтырылып, әкімшілік шара қолдану үшін материалдар  жер инспекциясына жіберілді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (Жер кодексінің 65-бабы) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде - жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына сәйкес пайдалануға міндетті.

Ақтөбе қаласы бойынша коммерциялық мақсаттарға бөлінген жер учаскелеріне түгендеу жүргізілді, нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жалпы ауданы 27,6 га 29 жер пайдаланушы анықталды. Анықталған деректер бойынша материалдар әкімшілік шаралар алу үшін жер инспекциясына жіберілді.

Болашақта қайтарылған жерлерді конкурсқа шығару, сол сияқты 2016 жылы жалпы ауданы 3000 га жер учаскесін конкурс арқылы беру жоспарлануда. Берілген жер учаскелері нысаналы мақсатта пайдаланылуы тиіс.

Одан басқа, ағымдағы 2016 жылы қалалық агломерация аумағын тиімді дамыту және салу мақсатында тағы да 7 нақты жоспарлау жобасын әзірлеу жоспарланды.

Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен жер учаскесі берілген кезектегілерді түгендеу жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерлерді түгендеу жүргізу және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иелену деректерін анықтау жалғасатын болады.

АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫМЕН ЖҰМЫС

Қала әкімінің аппаратында 2015 жыл бойына 18373, оның ішінде 17171 жазбаша және 1202 ауызша түрде арыз-шағым түсті.

Қала әкімінің жеке қабылдауында 321 адам, қала әкімінің орынбасарларында – 881 адам болды.

Барлық қаралған ауызша және жазбаша арыз-шағымдардың 6430-ы бақылауға алынды, олардың 2758-і қанағаттандырылды, қалғандары бойынша түсіндірме берілді.

Мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және оларды көрсету сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалады.

Қазіргі кезде тізілімге сәйкес 9 қалалық мемлекеттік мекеме және 5 ауылдық округ мемлекеттік қызметтердің 87 түрін көрсетеді.

Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ғана алып қоймай, сонымен бірге тікелей www.egov.kz веб-порталынан да алуға болады.

Құрметті ақтөбеліктер!

Өткен жылдың қорытындылары – бұл белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін қалалық биліктің де, қала тұрғындарының да салған күш-жігерлерінің нәтижесі. Оларды осы жылдың перспективаларын белгілеу үшін іргетас ретінде қарау керек. Тапсырмалар көп, белгіленген республикалық та, қалалық та бағдарламаларды жүзеге асыру жалғасатын болады. Біз іс жүзінде инновацияларды қабылдай алатын және оларды өзімізге сіңіре білетін құлшынысы бар ашық қала болуымыз керек. Ол үшін біз Отанымыздың әрі қарай дамуы және гүлденуі үшін барлығын жасауымыз керек!

Сондай-ақ, 2016 жылы біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өтетін боламыз, осы айтулы күн біздің барлығымызды өмірде белгілеген барлық ойларымызды жүзеге асыру үшін қарқынды жұмысқа одан да әрі жұмылдыруы тиіс. Алға жылжудың басты шарты – бұл біздің бірлігіміз бен келісіміз.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50