Қазақша   Русский

RSS-лента

Құрметті ақтөбеліктер!

Ақтөбе қаласының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелерін қорытындылай отырып, көптеген бағыттар бойынша жетістіктерге жеткенімізді айта кетуге болады. Бұл оң нәтижелер Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын, сондай-ақ еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары — 100 нақты қадам бағытын пайдалана отырып, дағдарыстық жағдайларға қарсы тиімді механизм нәтижесінде мүмкін болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы даму жолында маңызды серпін болды.

Жергілікті атқарушы органдардың, бизнес құрылымдарының және Ақтөбе тұрғындарының табанды да біріккен еңбегінің арқасында Ақтөбе Қазақстанның дамыған қалаларының біріне айналды, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып отыр, дамыған өнеркәсібі, кәсіпкерлігі, қаржы және ғылыми құрылымы, қолайлы коммуникациясы бар.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы ынтымақтастық белсенді дамуда. Тек 2016 жылдың ішінде 13 жоба жүзеге асырылды, ал инвестициялық көлемі 22,9 миллиард теңгеден асады. Олардың ішінде негізгілері: 500 орындық Балалар шығармашылығы сарайы, 1000 орындық концерт залы бар Жастар сарайы, 1000 орындық Жекпе-жек спорты сарайы, 400 көрермендік хоккей модулі, Неке сарайы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, 2500 орындық Мұз сарайы және 2000 адам келе алатын бірқатар медициналық мекемелер. Бұл әлеуметтік нысандар іске қосылғаннан кейін қаламыздың сыртқы көрінісі жақсы жағына өзгереді, көптеген қалалықтар жаңа жұмыс орындарын алады, өңіріміздің мәдени және спорттық салалары айтарлықтай жақсарады.

Өңіріміздің жағымды өзгеруіне сондай-ақ жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, қоғамдық кеңестердің, жергілікті өзін-өзі басқарудың мақсатты жұмыстары, қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси жағдай ықпал етті.

БЮДЖЕТ

2016 жылы қалалық бюджеттің кіріс бөлімі 108,7 пайызға орындалды, яғни нақты түсім болжамдағы 30,6 млрд теңгенің орнына 33,3 млрд теңге құрады. Жоспардан тыс 2,7 млрд теңге түсті.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 2016 жылы 53,6 млрд теңге құрады. Жыл қорытындысы бойынша бюджет 99,6 пайыз игерілді. Негізгі қаржыландыру мына салаларға жұмсалды: білім — 20,5 млрд теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету — 2,1 млрд теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық — 22,0 млрд теңге, көлік және коммуникация — 3,2 млрд теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік — 1,0 млрд теңге.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

2017 жылдың 1 қаңтарына өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі — 364,1 млрд теңге, нақты көлем индексі 117,7 пайыз құрады.

          

2016 жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 153,9 млрд теңге, нақты көлем индексі 123,5 пайыз құрады.

2016 жылы тауар айналымы көлемі — 462,4 млрд теңге, нақты көлем индексі 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 100,9 пайыз құрады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген шағын және орта бизнес (ШОБ) нысандары 42,0 мың бірлік, өсім қарқыны 102,5 пайыз құрады.

Өткен жылы жұмыс істеп тұрған ШОБ саны 34,0 мың бірлік, өсім қарқыны 100,5 пайыз құрады.

Есепті кезең ішінде ШОБ нысандарының жұмысын ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар өткізілді, олар — кәсіпкер әйелдер, жас кәсіпкерлер форумдары, франчайзингті дамыту жөніндегі бірінші қазақстандық өңірлік конференция, қаланың ауылдық округтерінде өткен оқыту семинарлары, кәсіпкерлік нысандар арасындағы көрмелер мен «дөңгелек үстелдер».

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы 146 жеке кәсіпкерлік нысаны жалпы көлемі 12,3 млрд теңге мемлекеттік қолдауға ие болды:

- 105 жоба пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бөлімі бойынша жалпы көлемі — 11,4 млрд теңге;

- 37 жоба кепілдік беру бойынша жалпы көлемі — 913,6 млн теңге;

- 1 жоба шағын несие бойынша 7,0 млн теңге;

- 3 жоба қайтарымсыз мемлекеттік грант беру бойынша 7,7 млн теңге.

Бұл бағдарламаға қатысушылар жыл басынан бері 4888 жұмыс орнын сақтап қалды және қосымша 1603 жаңа жұмыс орнын ашты.

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2016 жылы Ақтөбе қаласы бойынша бұл бағдарлама аясында 4,8 млрд теңге құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды, 388 жұмыс орны ашылды.

Оның ішінде Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2,8 млрд теңге құрайтын 2 нысан пайдалануға берілді, 123 жұмыс орны ашылды, оның ішінде:

- «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС-ның үй құрылысы комбинаты, қуаты жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй (2016 жылдың тамызында іске қосылды):

- «Сайлан Ақтөбе» ЖШС-ның құрамында хром бар қалдықтардан «Хромикс» пигмент толтыру және магнезиялық түйіршік өндірісі цехы, қуаты жылына 12 мың тонна өнім (2016 жылдың желтоқсанында іске қосылды).

Бұдан басқа, Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс көлемі 2 млрд теңге 2 нысан пайдалануға берілді, 265 жаңа жұмыс орны ашылды:

- «Айбек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ет-шұжық цехы, қуаты жылына 5 мың тонна (2016 жылдың тамызында іске қосылды);

- «Бектұрова» жеке кәсіпкерлігінің көлік-логистикалық орталығы, қуаты 15 мың шаршы метр (2016 жылдың желтоқсанында берілді).

Үстіміздегі жылы жалпы көлемі 14,5 млрд теңге тұратын, 546 жұмыс орны ашылатын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда:

- «Talan Technology» ЖШС-ның инновациялық технологияларды қолдана отырып, жоғары сапалы жарақаттан қауіпсіз жамылғы өндірісі;

- «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның брэкс өндірісі;

- «ПП Технодом СТ-KZ» ЖШС-ның тіркемелі техника өндірісін кеңейту;

- «Жаңа Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС-ның макарон өнімдері өндірісін кеңейту (жайма, кеспе нандар);

- «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС-ның жылыжай кешені;

- «Нан» шаруа қожалығының тауарлы-сүт фермасы;

- «Ақтөбе флор» ЖШС-ның гүл өсіру жылыжайы құрылысы;

- «Союз Гранд» ЖШС-ның қатты-тұрмыстық және оған теңестірілген өнеркәсіптік қалдықтарды іріктеу жөніндегі өндірістік кешен құрылысы;

- «Теміржол жөндеу» ЖШС-ның рельс дәнекерлеу зауыты құрылысы;

- «Bayau Capital LLP» ЖШС-ның тік тігісті электрлі дәнекерлеу құбырлары және иілген профиль өндірісі;

- «ASBI SAT GROUP» ЖШС-ның озық технологияларды пайдалана отырып, темірбетон бұйымдарын шығару өндірісін кеңейту.

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ

2016 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі — 18,8 млрд теңге, нақты көлем индексі 103,4 пайыз құрады, оның ішінде:

- өсімдік шаруашылығының физикалық көлемі индексі — 105,8 пайыз (8,9 млрд теңге);

- мал шаруашылығының физикалық көлемі индексі — 100,1 пайыз (9,9 млрд теңге).

2016 жылы қаланың ауыл шаруашылығы құрылымдары 22,5 мың га егін екті, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2,2 мың га көп.

Өткен жылдың климаттық жағдайы 7214 га алқаптан 9464 тонна дәнді дақыл жинауға мүмкіндік берді, орташа түсім гектарына 13,1 центнер құрады. Айта кету керек, қуаңшылық болған 2015 жылы гектарына 2,5 центнерден аспаған болатын.

Майлы дақылдар (күнбағыс) 1525 гектарға егілген болатын, 932 тонна өнім жиналды, орташа түсім гектарына 6,5 центнер құрады.

257 га алқаптан 3319 тонна картоп жиналды, орташа түсім — гектарына 128 тонна.

Шаруашылықтар 84 гектарға көкөніс өсіріп, 1050 тонна өнім алды, орташа түсім гектарына 125 тонна құрады.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласында 7 жылыжайда көкөніс өсіріледі. 2016 жылы жылыжайлар алаңы 15,6 гектарға жеткізіліп, 3046 тонна көкөніс алынды. Бұл жылыжайлар маусым аралық кезеңде қала тұрғындарының сұранысын 64,8 пайыз қамтамасыз етіп отыр.

Өткен жылы 5872 тонна ет өндірілді, бұл 2015 жылға қарағанда 1,1 пайызға көп. Сондай-ақ 23 182,2 тонна сүт, 111,2 млн дана жұмыртқа және 91,6 тонна жүн өндірілді.

Жыл басынан — 2016 жылдан бері жалпы көлемі 465,7 млн теңгенің өнімі өткізілген 58 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

2016 жылы ветеринарлық жұмыстарды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 20 млн теңге бөлінді, бруцеллез бен туберкулезге қарсы 35 647 мүйізді ірі қара, 29 273 ұсақ мал тексерілді. Сібір жарасына қарсы 13 650 мүйізді ірі қараға, 29 250 ұсақ малға, 2000 жылқыға, 500 шошқа және 100 түйеге вакцинация жасалды.

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары ұйымшылдықпен жүргізілуде:

- «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 187 бас тауарлы мал сатып алынды, бұл берілген жоспардан 33,6 пайызға көп. Тұтастай алғанда, қала бойынша 2011 жылдан бері осы бағдарлама аясында «Қазагро» АҚ несиелік қаржысына жалпы көлемі 203,6 млн теңгеге 1143 бас мал сатып алынды;

- «Құлан» бағдарламасы бойынша тапсырмадағы 70 бастың орнына 76 жылқы сатып алынды;

- «Алтын асық» бағдарламасы бойынша тапсырмадағы 300 бастың орнына 1625 қой сатып алынды, бұл облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш.         

2016-2017 жылдардағы мал қыстатуды табысты өткізу үшін қаланың шаруашылықтары 55,6 мың тонна шөп, 10,5 мың тонна шырынды азық және 4,6 мың тонна жем дайындады.

2016 жылы ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін қала шаруашылықтары асылтұқымды мал сатып алуға, асылдандыру жұмыстарын жүргізуге және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге 484 млн теңге көлемінде субсидия алды.

Барлық ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, бүгінгі күні 5 ауылдық тұтынушылар кооперативі — Благодар ауылдық округінде «Талапкер», «Махамбет», Сазды ауылдық округінде «Шекшек Ата», «Құттығай», Қурайлы ауылдық округінде «Айнад» ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.

Сондай-ақ бүгінгі күні суармалы егістікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. 2016 жылы суармалы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 3557 гектарға жетті, ал 2015 жылы суармалы жер 2526 гектар болған еді. Биылғы жылы 3689 гектарға жеткізу көзделіп отыр.

Бұдан басқа, тұрақты суармалы 2327 га жерді қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжат жасалды, бұл алқаптар 2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланылатын болады. Сондай-ақ үстіміздегі жылы тағы да 3116 га суармалы учаскелерді қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалуда, ол алқаптар 2018 жылы пайдаланылады. Сонымен, 2018 жылы суармалы алқап көлемі 9 мың гектарға жететін болады, бұл — 1991 жылғы деңгей.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ

2017 жылдың 1 қаңтарына құрылыс жұмыстарының көлемі 63,8 млрд теңге, физикалық көлем индексі 111,5 пайыз құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11,2 млрд теңгеге артық.

2016 жылы барлық меншік түріндегі нысандар есебінен 479,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өсім қарқыны 116,9 пайызды құрайды (2015 жылы — 409,88 шаршы метр).

Ақтөбе қаласында тұрғын үйді пайдалануға беру құрылымы

Өткен жылы «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында жалпы құны 4,4 млрд теңге жалпы алаңы 33,6 мың шаршы метр 3 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 540 пәтерді құрайды.

Сонымен бірге, 2016 жылы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында жалпы алаңы 76 мың шаршы метр немесе 1 278 пәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы басталды. Бұл үйлер 2017 жылы пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ бұл ауданда жалпы алаңы 48,1 мың шаршы метр, 855 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасалды.

Тұрғын үй құрылысын ұдайы дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету керек. Қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша 2016 жылы жүзеге асырылатын 29 жобаның 11-і өткен жылы тапсырылды: 19,2 км электрмен қамтамасыз желісі, 77 км сумен қамту желісі, 2,5 км газбен қамту желісі, 7,9 км кәріз және 6 км жылумен қамтамасыз ету желісі.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында жалпы құны 6 млн теңге 3 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылды.

Бұдан басқа, 8 млрд теңгеге 2016 жылы 22 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасын жүзеге асыру басталды, оның ішінде 8 нысан құрылысы жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген учаскелерге инженерлік желілер тарту, сондай-ақ 14 нысан инженерлік-коммуникациялық желілер, олар:

- «Нұр Ақтөбе» тұрғын массивінің №4 шағын ауданында инженерлік желілер құрылысы (электрмен, сумен, жылумен, газбен, кәрізбен қамтамасыз ету);

- «Рауан» тұрғын массивін сумен қамтамасыз ету құрылысы;

- К.Нокин ауылындағы жаңа құрылыстарды алаңнан тыс және кварталішілік сумен қамтамасыз ету құрылысы;

- Кірпішті ауылында кварталішілік кәріз құрылысы;

- «Авиатор» тұрғын массивіндегі кварталішілік сумен қамтамасыз ету құрылысы;

- «Сельмаш-1,2» тұрғын массивін кварталішілік сумен қамтамасыз ету құрылысы;

- Кірпішті ауылын, жаңа құрылыс ауданын кварталішілік сумен қамтамасыз ету құрылысы;

- Қанағат ауылын кварталішілік газбен қамтамасыз ету құрылысы;

- «Батыс-1» ТМ №3 шағын ауданын электрмен қамтамасыз ету желісі құрылысы;

- Пригородный ауылы «Машдвор» ауданын электрмен қамтамасыз ету желісін қайта жарақтау;

- Жаңақоныс ауылын, «Шестихатка» ауданын кварталішілік сумен қамтамасыз ету құрылысы;

- Қызылжар ауылын (ТУСМ-14 ескі бөлігі) кварталішілік сумен қамтамасыз ету құрылысы;

- К.Нокин ауылын электрмен қамтамасыз ету желісін қайта жарақтау;

- К.Нокин ауылының жаңа құрылыс ауданын сумен қамтамасыз ету желісінің құрылысы.

Барлық нысандар құрылысы аяқталғаннан кейін 157,9 км сумен қамту желісі, 247,3 км электрмен қамту желісі, 140,9 км газбен қамту желісі, 11,6 км кәріз желісі және 6 км жылумен қамту желісі пайдалануға беріледі.

Энергияны үнемдеу жөніндегі бағдарламаны орындау мақсатында көшені жарықтандыруды қайта жобалау жұмыстары жүргізілді. Ескірген тіректер мен шамдар үнемді диодты жарықтандыруға алмастырылды. 6 көшені жарықтандыру нысандарына күрделі жөндеу жүргізіліп, қайта жобалау жұмыстары жүргізілді. Олар: Әуежай алаңы, облыстық әкімдік алаңы, Әбілқайыр хан даңғылы (Бөкенбай батыр көшесінен Тілеу батыр көшесіне дейін), Бөкенбай батыр көшесі (Әуежай алаңынан Әбілқайыр хан даңғылына дейін), Ә.Молдағұлова даңғылы (312- атқыштар дивизиясы даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылына дейін), жоғарғы Хромтау трассасы (Елек көпірінен стеллаға дейін) және К.Нокин көшесі (Елек өзені аумағындағы айналма жолдан 312-атқыштар даңғылына дейін).

Алынып тасталған көне жарықтандыру тіректері қаланың шамдары жоқ шағын көшелеріне орнатылуда. Мәселен, бүгінгі күні 15 нысан: №17 және №39 мектептер арасындағы сквер, «Нұр Ақтөбе» шағын ауданы, Чернышевский, Кошевой, Ақтөбе, Смағұлов, Жүргенов, Чапаев, Қарағұл батыр, Ибатов, Озерная, Садовая және 1905 жыл көшелеріне жарықтандыру орнатылды.

Қаланың орталық көшелеріндегі жекелеген ғимараттардың дизайнын өзгерту мақсатында қазіргі заманғы декоративті жарықтандыру қондырғыларын орнату жобалары жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа бюджеттен 80 млн теңге бөлінді. Әбілқайыр хан, Ә.Молдағұлова даңғылдарындағы 21-үйге және Болашақ шағын ауданындағы тұрғын үйлерге жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күні барлық жұмыстар аяқталды.

Қаланың өмір тұрмысын қамтамасыз етудегі маңызды мәселенің бірі тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға жылу беретін жылу энергетикасы нысандарының тұрақты жұмыс істеуі болып табылады. Ақтөбе қаласында 2016-2017 жылғы жылу беру науқаны 2016 жылдың 1 қазанында басталды. Жылу барлық нысандарға бекітілген жылу беру кестесіне сәйкес берілді. Мәселен, өткен жылы 277,4 млн теңгеге ұзындығы 3,1 км жылу желісіне күрделі жөндеу жүргізіліп, қайта жарақталды, сондай-ақ 8000 данадан астам тірек арматуралары жөнделді, 22 бу қазандығы мен 6 насос стансасының қондырғылары мен бақылау-өлшеу приборларына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Шевченко көшесіндегі №5 бу қазандығын қайта жарақтау аяқталды.

Иесіз коммуналдық желілерде тұрақты техникалық қызмет көрсету үшін 2016 жылы қала әкімдігінің қаулысымен «Трансэнерго» АҚ-на 69,6 км жылу желілері, «Ақбұлақ» АҚ-на 8,2 км су және 7,5 км кәріз желісі сенімгерлік басқаруына берілді. Ревизия жүргізіліп, берілген коммуналдық желілердің басым бөлігіне жөндеу жұмысын жүргізу жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жылумен қайта жаңғырту бағдарламасы аясында 2016 жылы пәтер иелерінің қайтарылған қаржысы есебінен 160 млн теңгеге 5 көп қабатты тұрғын үйге жұмыстар жүргізілді. Қазіргі кезде осы бағдарламаға қатысқысы келетін тағы да 85 ұжымдық өтініш бар.

Қалалық инфрақұрылымды тиімді басқару мақсатында мемлекеттік-жекелік әріптестік негізінде ЖШС нысанында 28 кәсіпорын құрылды. Бұл кәсіпорындарға Ақтөбе қаласының және ауылдық округтердің 28 учаскесі бектіліп берілді.

Кәсіпорындар міндеттеріне көркейту, санитарлық тазалау, жолдарды күтіп ұстау, «иесіз» үйлерді күтіп ұстау, жергілікті атқарушы органдарға қаланың инфрақұрылымының жағдайы туралы ақпараттар жинап, талдау жасауға көмектесу және оны жақсарту туралы ұсыныстар жасау кіреді. Айта кету керек, нақты белгіленіп берілген аумақта «жауапкершілік принципі» жүзеге асырылуда.

Басқарудың бұл үлгісі өзінің тиімділігін көрсетті. Бүгінгі күні 71 иесіз тұрғын үйге қызмет көрсету басқарушы компанияларға берілді. Сондай-ақ басқарушы компаниялар қаланың тұрғын қорын жылу беру науқанына дайындау кезінде көп көмектерін тигізді.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

2016 жылы қаланың автомобиль жолдарын жөндеуге бюджеттен 3,1 млрд теңге бөлінді, 43 жобаны жүзеге асыруға: оның 4 жобасы 2015 жылдан қалған, 3 жоба күрделі жөндеу бойынша, 33 жоба орта жөндеу бойынша. 2016 жылы жөнделген жолдардың жалпы ұзындығы 36,4 км құрайды, 2015 жылмен салыстырғанда 12,4 км-ға көп.

Сондай-ақ 4 нысанды күрделі жөндеу, 3 нысан құрылысы басталып кетті, оларды аяқтау 2017 жылға жоспарланды.

2016 жылы автомобиль жолдарын қайта жаңарту бойынша жүргізілген құрылыс-монтаж жұмыстары

Объектінің атауы Ұзындығы (м) Тротуар (м)
Күрделі жөндеу
1

Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр даңғылынан Самара-Шымкент тасжолына дейін, (Ә. Молдағұлова даңғылы - С.Бәйішев көшесі) автомобиль жолын қайта жаңарту

1 850 1850
2

Самара-Шымкент тасжолы 723 км-нен Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылына дейін автомобильжолын күрделі жөндеу

1 700 1700
3 Иманов көшесі бойынша автомобиль жолын күрделі жөндеу 2042 3024
4 101-атқыштар бригадасы көшесі бойынша Ағ.Жұбановтар көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейін автомобиль жолын күрделі жөндеу 1308

739,3

5 Маресьев көшесі бойынша Сәтбаев көшесінен Пацаев көшесіне дейін автомобиль жолын күрделі жөндеу 794 1588
6 Бейбітшілік даңғылы бойынша Рысқұлов көшесінен Маресьев көшесіне дейін автомобиль жолын күрделі жөндеу 589 1178 
7 101-атқыштар бригадасы көшесі бойынша Ағ.Жұбановтар көшесінен Сәңкібай батыр даңғылына дейін автомобиль жолын күрделі жөндеу 622 1244
  Жиыны: 8 905 11323,3
Ағымдағы жөндеу
1 Пожарский көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу 1 281 1281
2 Тайбеков көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу. 936 1872
3 М.Оспанов көшесі бойынша Тайбеков көшесінен Сәңкібай батыр даңғылына дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 1800 1800
4 Нокин және Нариманов көшелері қиылысындағы көлік айналма жолын орташа жөндеу 500  
5 Ғ.Жұбанова көшесі бойынша Әбілқайыр хан даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылына дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 1600  
6 Елек өзені көпірі арқылы Кірпішті ауылы аумағы, Қарғалы өзені өтетін көпір арқылы Ақтөбе қаласы Қарғалы селосы автомобиль жолын орташа жөндеу 1000  
7 Мирзоян көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу 781 781
8 Маресьев көшесі бойынша Сәтбаев көшесінен Ә. Молдағұлова даңғылына дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 500  
9 Пацаев көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу 1100  
10 А.Досжанова көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу 600 1200
11 Сәңкібай батыр даңғылы және Бөкенбай батыр даңғылы қиылысында көлік айналма жолын орташа жөндеу 300  
12 Сәңкібай батыр даңғылы бойынша автомобиль жолын орташа жөндеу 835  
13 Бейбітшілік даңғылы бойынша Маресьев көшесінен Есет батыр көшесіне дейін автомобиль жолын орташа жөндеу (жұп жағы) 675 675
14 Шернияз көшесі бойынша Уәлиханов көшесінен Некрасов көшесіне дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 715 1430
15 Шернияз көшесі бойынша Қонаев көшесінен Нокин даңғылына дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 675 1350
16 Әйтеке би көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу 2 195 2195
17 Некрасов көшесі бойынша Яншин көшесінен Берсиев көшесіне дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 620 1240
18 Ағ.Жұбановтар көшесінен Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі атаусыз көше бойынша автомобиль жолын орташа жөндеу, (8-шағын аудан, ІІД маңы) 525 1050
19 Зинченко көшесі бойынша тауарлық аула ауданы өткелінен Курсанттар тасжолына дейінгі ауданда автомобиль жолын орташа жөндеу 600  
20 Қалдаяқов көшесі бойынша Маресьев көшесінен Есет батыр көшесіне дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 330 400
21 Сәтбаев көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу 1 300  
22 Шайкенов көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу 900  
23 Ломоносов көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу 1 620 3240
24 Алтынсарин көшесі бойынша Ломоносов көшесінен Ахтанов көшесіне дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 1 283 2566
25 Ағ.Жұбановтар көшесі бойынша Ә.Молдағұлова даңғылынан Пацаев көшесіне дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 1 390 2780
26 О. Кошевой көшесі бойынша Т. Рысқұлов көшесіне дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 350 350
27 Жанқожа батыр көшесі бойынша Қонаев көшесінің қиылысынан Нокин даңғылына дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 1 248 2496
28 Қобыландин көшесі бойынша Әйтеке би көшесінің қиылысынан Жанқожа батыр көшесіне дейін автомобиль жолын орташа жөндеу 207  
29 Новокооператив көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу 572 572
30 Ақтөбе қаласы «Космос» қонақүйінің автомобиль шығуы жолын орташа жөндеу 450 450
31 Ақтөбе қаласы Оңтүстік-батыс-1 ауданында Тайманов көшесі автомобиль жолын орташа жөндеу 600 1200
  Жиыны: 27 488 28928

Бұдан басқа жалпы ұзындығы 40,2 км тротуарлар мен жаяу жүру жолын салу және қайта жарақтау жұмыстары жүргізілді. Бұл 2015 жылға қарағанда 4 есе көп.

Маңызы екінші кезектегі топырақты жолдарды жақсарту үшін 100 млн теңгеге 26 нысанға қиыршық тастар төгіліп, жұмыстар жүргізілді.

2016 жылы жол жөндеу жұмыстарымен қатар 5 көшеде — Ғ.Жұбанова, 101- атқыштар бригадасы көшесі, Иманов, М.Оспанов көшелері және Сәңкібай батыр даңғылы бойында ұзындығы 2,2 км суағарлар салу жұмысы аяқталды.

Бұдан басқа өткен жылы қала аумағында жауын және лай суларды ағызып жіберу үшін арықтар мен суағарлар құрылысы бойынша 13 жоба жасалды. Бірінші кезекте су тасқыны проблемаларына кезігетін «Нұр Ақтөбе», Батыс-1, Батыс-2, 11 және 12-шағын аудандар, Шанхай, Мәскеу, Авиатор, қалалық сүт зауыты және қаланың басқа да бірқатар аудандары қарастырылды.

ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТ

Бүгінгі күні қалада 647 үй жанындағы аумақты қамтыған 1615 көп қабатты тұрғын үй бар. Өткен жылы 400 млн теңгеге қаланың 90 үй жанындағы аумағында көлік жүретін жолдар асфальтталып, тротуарлар көркейтілді.

Сонымен бірге, аула аумақтарын абаттандыруды кешенді шешу мақсатында бюджет қаржысы есебінен 80 млн теңгеге 60 балардың ойын алаңы жасалды.

Эстетикалық көрік беру үшін қала аумағындағы гүлзарлар мен газондар екі есеге ұлғайтылды. 34 мың шаршы метрден астам гүлзарлар мен 134 мың шаршы метрден астам газондар егілді. Бұдан басқа 2016 жылдың қазан айында қаланың түрлі аудандарында 60 мыңнан астам қызғалдақтар егілді. Бұл гүлдер осы жылдың көктемінде қалалықтарды қуантады деп ойлаймыз.

2016 жылы Ә.Молдағұлова даңғылындағы «ЦУМ» сауда үйі ауданында 100 шаршы метрден астам алаңды топырақ астынан суару жұмыстары жүргізілді. Сынақтан өткен суарудың бұл жүйесі бұған дейін қалада қолданылған емес. Оң нәтиже беріп, тиімділігін көрсетсе, онда бұл жүйе қаланың басқа да учаскелерінде қолданылатын болады.

Қала аумағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру басым міндеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі күні қала көшелерін қысқы кезеңде тазарту жұмыстарын 14 мердігерлік кәсіпорын жүзеге асыруда, жалпы алаңы 6,2 млн шаршы метр құрайды, бұл дегеніміз — 200 көше, оларға 240 бірлік арнаулы техника тартылған. Бұдан басқа бордюрлер жанындағы аумақтарды қардан тазарту үшін мердігер кәсіпорындар 6-7 адамнан тұратын 17 жұмыс бригадасын қосып отыр, оның ішінде 5 бригада түнгі уақытта жұмыс істейді.

Тротураларды, кварталішілік жүру жолдары мен аялдама павильондарын қыста күтіп ұстау бойынша басқарушы компаниялар елеулі үлес қосуда, олар өздеріне бекітілген учаскелерде толық жауапкершілікпен және сапалы түрде жұмыс жасауда. Қар шығару бойынша қауырт жұмыстардың жүргізілуі 2016 жылдың желтоқсан айында қардың нормадан 4 еседей асып, 70 мм құрауымен байланысты.

Қала аумағынан қоқыс шығару жұмысы үнемі бақылауда ұсталып отыр. 400 контейнер алаңдары бар, оларда 4500-ден астам қоқыс контейнерлері қойылған. 2016 жылы тозығы жеткен контейнерлерді жаңарту үшін қосымша 1063 контейнер алынды. Бұдан басқа жаңа үлгідегі 234 еуроконтейнер сатып алынды. Еуроконтейнерлерден қоқыстарды тиеу үшін коммуналдық кәсіпорындар артында тиегіші бар 2 қоқыс шығаратын машина сатып алды.

Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 2017 жылы Кірпішті ауылы мен Өндірістік аймақ ауданында кәріз стансаларының құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда, бұл құрылыстар өткен жылы басталған болатын. Сондай-ақ қалалық қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында әкелінетін қоқыстарды есепке алу автоматтандырылды және бейнебақылау қондырғылары қойылды. Одан басқа алғашқы қоқыс іріктеу цехының құрылысы басталды. Бұл нысан үстіміздегі жылы іске қосылады.

Өткен жылы қала аумағында 50 337 түп жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Бұған қосымша, күзгі кезеңде механикаландырылған тәсілмен қалалық қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында 42 га алаңға 102 мың түптен астам ағаш отырғызылды.

Сондай-ақ Ә.Молдағұлова даңғылы бойына 255 түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды.

Қала аумағында 21 субұрқақ бар, оларды қарау үшін 17,2 млн теңге бөлінді. Өткен жылдың қыркүйегінде Абай даңғылында «әнші» субұрқақ құрылысы аяқталды, жұмыс демеушілер қаржысы есебінен жүргізілді. Бұл субұрқақ Ақтөбе қаласының көрікті жеріне айналды.

Қаланың келбетін жақсарту мақсатында 2016 жылы «Мен сені сүйемін, Ақтөбе», қалалық сағат, домбыра, киік, шарлар, дастарқан, «Балдәурен» секілді шағын сәулеттік нысандар қойылды. Сондай-ақ Жаңа жылды мерекелеу кезінде «Ақтөбе» деген жазу үлгісіндегі шағын сәулеттік нысан, 2017 жылдың символикасы, Тұңғыш Президент атындағы саябақтың кірер жерінде тақырыптық жарықтандыру қойылды.

2016 жылы жергілікті бюджет есебінен 35 аялдама пункттері мен 12 аялдамада автобустар тоқтайтын орын салынды. Сонымен бірге, 25 аялдама пункті демеушілік қаржы есебінен салынды.

Заманауи стандарттарды пайдалана отырып, көшелердің атаулары мен үйлердің нөмірлерін көрсетумен аншлагтар орнату басталды. QR- кодымен 9450 аншлаг орнатылды. Ағымдағы жылы бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру көзделуде.

Ақтөбе қаласын одан әрі дамыту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы №643 Қаулысымен «Ақтөбе қаласының бас жоспары» бекітілді. Жаңа бас жоспар жасау қажеттілігі бұрынғы бас жоспарды жүзеге асыру мерзімінің өтуімен, сондай-ақ тұрғындар саны 1 миллионға жеткен және одан асқан қала мәртебесіне жету жолындағы стратегиялық мақсатқа байланысты туындады. Жаңа бас жоспар 2015-2030 жылдар кезеңін қамтиды.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Бүгінгі күні жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінде 112 мың азамат тұр. 2016 жылы құрылған электронды базаның көмегімен кезекте тұрғандар тізімін түгендеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде қайталанып берілген өтініштер анықталып, тізімнен шығарылды.

2016 жылдың басынан бері жеке тұрғын үй құрылысы үшін 3700 жер учаскесі берілді.

Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін түгендеу жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Мәселен, 2016 жылы 60 шаруа қожалығының 6021 га жері, сондай-ақ коммерциялық маңыздағы 550,7 га жер анықталды. Барлық анықталған құқықбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар алынды.

Үстіміздегі жылдың басынан бері жер учаскелерін аукцион арқылы сату тәжірибесі енгізілді. Бүгінгі күнге жалпы алаңы 15,8 га 36 жер учаскесі 92 млн теңгеге сатылды, оның ішінде 11,9 га ауыл шаруашылығы жерлері.

2017 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін 7528 жер учаскесін бөлу жоспарлануда, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерінен қайтарылған 3421 учаске жеке тұрғын үй құрылысы үшін беріледі.

ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Жаңа өндірістер ашу, шағын және орта бизнесті дамыту нәтижесінде 2016 жылы қалада 9372 жұмыс орны ашылды.

Өткен жыл ішінде 10 бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 575 адам жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы 314,2 млн теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 202 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру кезінде 654 адам еңбекке орналасты.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 47 қатысушыға 128 млн теңге шағын несие берілді. Негізгі бағыттар — мал шаруашылығы және қызмет көрсету салаларын дамыту.

Бағдарламаның үшінші «Жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде адамдарды оқыту арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және көшіру» бағыты бойынша 2016 жылы:

- әлеуметтік жұмыс орындарына жоспардағы 160 адамның орнына 440 бағдарламаға қатысушы жолданды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысты аяқтағандардың 54 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылды;

- жастар тәжірибесі бойынша жоспардағы 515 адамның орнына 695 түлек еңбекке орналастырылды. Жастар тәжірибесінен өткендердің 63 пайызы тұрақты жұмысқа алынды;

- кәсіптік оқытуға 92 адам жіберілді;

- қоғамдық жұмыстарға жоспардағы 414 адамның орнына 548 жұмыссыз жіберілді.

Бұдан басқа «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылы жұмысшы жастар үшін 5 қабатты шағын отбасылық жатақхана құрылысы басталды, оған 565 млн теңге жұмсалады. Жатақхананың пәтерлерінің жалпы көлемі 4,1 мың шаршы метр немесе барлығы 115 пәтер. Биылғы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

2016 жылы 24 640 азаматқа 1,3 млрд теңге көлемінде мемлекеттік атаулы көмек тағайындалды.

2016 жылы 154 мүгедек кресло-арбамен, 906 мүгедек протезді ортопедиялық құралдармен, 286 құлағы бойынша мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 167 көз бойынша мүгедек тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді.

Есепті кезең ішінде 2622 мүгедек арнаулы құралдармен және жеке гигиена құралдарымен, 642 мүгедек санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз етілді.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

2016 жылы Ақтөбе қаласының білім беру саласын қаржыландыруға бюджеттен 17,6 млрд теңге бөлінді. Бұл саланы қаржыландыру 2015 жылмен салыстырғанда 35,4 пайызға өсті.

2016-2017 оқу жылы басында Ақтөбе қаласының білім беру жүйесін 138 ұйым құрады. Жыл сайын мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер саны артып келеді.

2016 жылы 5 мемлекеттік білім беру ұйымы ашылды:           

- Қарғалы ауылында — 320 орындық №51 «Жарқын бала» балабақшасы;

- Батыс-2 шағын ауданында — 320 орындық №52 «Құлагер» балабақшасы;

- «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында — 1200 орындық №60 орта мектеп;

- Заречный-3 ауылында — 600 орындық №61 орта мектеп;

- Кірпішті ауылында — №18 орта мектепке 320 орындық жанама құрылыс.

Бұдан басқа, Батыс-2 шағын ауданында 600 орындық «Сымбат» жеке мектебі ашылды.

2016 жылы үш ауысымды оқыту проблемасын шешу үшін 4 мектептің құрылысы басталды:

- Сазды ауылында 600 орындық мектеп;

- Батыс-2 шағын ауданында 320 орындық мектеп;

- Батыс-2 шағын ауданында 600 орындық мектеп;

- К.Нокин ауылында 320 орындық мектеп.

Бұл төрт мектеп үстіміздегі жылы жаңа оқу жылында тапсырылатын болады. Өткен жылы сенімді басқаруға бұрынғы екі балабақша ғимараты берілді. Олар — Сәңкібай батыр даңғылындағы «Үміт» балалар үйі және Рысқұлов көшесіндегі «Күзет» АҚ ғимараты. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екі ғимаратты пайдалануға бергеннен кейін 560 бала аталған балалар бақшаларына келе алады.

2017 жылы 6 мектептің құрылысы басталады:

- «Сүт зауыты ауданында 600 орындық ОМ құрылысы»;

- «Ясный-2 ауылында 600 орындық ОМ құрылысы»;

- «Авиатор» тұрғын массивінде 900 орындық ОМ құрылысы»;

- «Ақжар-2 тұрғын массивінде 900 орындық ОМ құрылысы»;

- «Болашақ» тұрғын массивінде 300 орындық ОМ құрылысы»;

- «Жаңақоныс ауылында (Бірлік кварталы) 300 орындық ОМ құрылысы».

Сондай-ақ 2017 жылы №15 және №29 мектептердің негізгі ғимараттарына екі жанама құрылыс жүргізу басталады.

2016 жылы 39 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 37 мекемеге республикалық бюджеттен 838,5 млн теңге бөлінді, 2 мектепке (Қарғалы қазақ орта мектебі, №59 ОМ) «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 75,7 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ аталмыш бағдарлама аясында республикалық және облыстық бюджеттен 274 млн теңге бөлінді, осы қаржылардың есебінен барлық білім беру мекемелеріне ағымдағы жөндеулер жүргізілді. Білім беру мекемелері аумақтарының қоршауларын алмастыру, жарықтандыру, шатырларын жөндеу, жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету жүйелерін ішінара алмастыру жұмыстарына аса көңіл бөлінді.

Сондай-ақ демеушілердің көмегі есебінен «Туған жерге тағзым!» акциясы аясында 250 млн теңгеге қала мектептеріне жөндеулер жүргізілді, сонымен бірге мектептердің материалдық-техникалық базалары нығайтылды.

Бұдан басқа 11 мектепке 140 жиынтықтан тұратын компьютерлік сыныптар сыйға тартылды. Бұл жұмыс биылғы жылы да жалғасатын болады.

Қазіргі кезде Ақтөбе қаласында 129 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді:

- 52 мемлекеттік балабақшаға 15 181 бала барады (2015 жылы 47 балабақша – 13791 бала):

- 56 мектепке дейінгі жеке мекеме мемлекеттік тапсырыспен 23 315 балаға салынды;

- 21 шағын орталықта 941 бала тәрбиеленіп жатыр.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және білім берумен қамту

Кезеңі Мектепке дейінгі ұйымдарда, бастауыш мектеп бақшасы, орта мектептегі балалар саны Шағын орталықтардағы балалар саны

1-6 жасты қамту

3-6 жасты қамту
2013-2014 17641 884 48% 76%
2014-2015 20364 930 50,4% 81%
2015-2016 21058 934 51% 82,4%
2016-2017 23659 941 52% 84%

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ

Қалалықтардың мәдени демалысын ұйымдастыру мақсатында 2016 жылы 722 мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде әлеуметтік маңызды 415 шара балалар мен жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталды. 583 940-қа жуық көрермен болды.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығын мерекелеген жылы Қурайлы ауылында 400 орындық Мәдениет үйін қайта жобалау аяқталды. Оған жалпы көлемі 164 млн теңге жұмсалды. 23 жыл бос тұрған клуб ғимаратында қазір кітапхана, спорт залы, балалар үшін үйірмелер жұмыс істейді. 8 мыңнан астам тұрғыны бар округтің жастары мен ардагерлері қолайлы жағдайда жиналып, мәдени-көпшілік және денешынықтыру шараларын өткізуге мүмкіндік алды.

Есепті кезең ішінде 139-дан астам спорттық-бұқаралық шаралар мен акциялар өткізілді, оған 30 мыңдай адам қатысты. Денешынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындар саны 30,1 пайыз құрайды немесе 137 мың адам.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды денешынықтыру мен спортқа тарту спорттың бұқаралығын арттырудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Бүгінгі күні қалада мүгедектерге арналған 1 спорт клубы жұмыс істейді, онда 685 мүмкіндігі шектеулі адам ақысыз айналысады.

Жастардың спорттың күштік түрлеріне және салауатты өмір салтына қызығушылығын ескере отырып, есепті кезең ішінде демеушілер қаржысы есебінен қаланың түрлі аудандарында және ауылдық округтерде воркаут спортының күштік түрлерімен айналысулары үшін көшелерге 10 алаң жасалды. Сондай-ақ спорттың экстремальды түрлерімен айналысу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта қазіргі заманғы скейт-парк ашылды.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ

Статистикалық мәліметтер бойынша 2016 жылы 12652 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. 2015 жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға азайды.

Ақтөбе қаласы ІІБ ЖПҚ шұғыл қызметі жұмысын жандандыру нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар 3,4 пайызға, сондай-ақ көшеде жасалатын қылмыс 4,5 пайызға азайды.

Алдын алу сипатындағы шаралар күшейтілді, бұл үлкен емес дәрежедегі қылмыс санын 35,8 пайызға, тонау сипатындағы қылмысты 18,9 пайызға, зорлау дерегін 25 пайызға және бұзақылықты 50,4 пайызға азайтуға мүмкіндік берді.

Төзбеу принципімен жұмыс істеген ішкі істер органдарының қызметкерлері бұқарамен бірлесе отырып, бірнеше алдын алу шараларын өткізді, рейдтер ұйымдастырды, соның нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздік желісі бойынша 11338 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады, бұрын 6437 дерек тіркелген болса, екі еседей көп анықталғанын көреміз.

2016 жыл ішінде қала аумағында 486 жол-көлік оқиғасы тіркелді, жол полициясы бойынша барлығы 64499 әкімшілктік материал жасалған.

Жергілікті атқарушы органдар Ақтөбе қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

Құрметті ақтөбеліктер!

Қала әкімдігінің 2016 жылы қол жеткізген нәтижелерін нақты бағалай отырып, біз алдағы уақытта да экономиканың өсім қарқынын сақтауға, өнеркәсіп өндірісі агроөнеркәсіп кешенін одан әрі үдемелі дамытуға, көптеген әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға күш саламыз. Ең алдымен, үш ауысымда оқытатын мектептер проблемасын шешу, балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуді, «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын жандандыруды басты назарда ұстаймыз.

Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру және көгалдандыру жөнінде көптеген істер күтіп тұр. Қоғамдық көлік жұмысы да айтарлықтай жақсартуды қажет етеді.

Қаламызда біздің алдымызға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға барлық қажетті алғышарттар бар. Тәжірибеміз бен ынтамызға сүйене отырып, біз анағұрлым бәсекеге қабілетті бола аламыз. Біз бәріміз бірге қиындықтардан өтіп, қаламызды әрбір тұрғын үшін одан әрі дамытатынымызға сенімдімін.

Ең бастысы — қалалықтар мен қала қонақтары өзін емін-еркін сезіне алсын, ал Ақтөбе еліміздің үздік қалаларының біріне айналсын.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50