Қазақша   Русский

RSS-лента

Қала әкімінің есебіне түскен Мәселетар мен ұсыныстар

Түскен Мәселетарды шешу жөніндегі іс-шаралар

Жүзеге асыру барысы

 1

Қоғамдық көлік қозғалысы арақашықтығын ретке келтіру

№43 қалалық автобус бағытының қозғалыс арақашықтығын қысқарту мүмкіндігін қарастыру

Ағымдағы жылғы 4 ақпаннан бастап №43 Ақтөбе-Сазды селосы бағытының рейс саны ұлғайтылып, қосымша 2 рейс енгізілді.

Мәселе шешілді.

 2

Авто базар аумағын тәртіпке келтіру

ЖПБ ұйымдастырған патрульмен тұрақты негізде демалыс күндері авто базар аумағы маңы тәртібін қамтамасыз ету

Богословка тас жолы бойындағы автобазар ауданында кептеліс пен бөгелісті болдырмау мақсатында әр апта сайын сенбі, жексенбі күндері облыстық ІІД жол полициясы басқармасының жасағымен немесе Ақтөбе қаласының ІІБ ЖПБ-мен бірге учаскелік инспектор кезекшілік жүргізеді. Бұдан басқа полицияның учаскелік инспекторлары мезгіл-мезгіл қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықты анықтауға бағытталған рейдтік шаралар өткізілуде.

Мәселе шешілді.

 3

Құрашасай селосын сумен жабдықтауды қамтамасыз ету

Құрашасай селосын сумен жабдықтау желілері құрылысын іске асыру

Құрашасай поселкесін (поселкенің ескі бөлігін) сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жөніндегі бас мердігер «Нұр Бер» ЖШС болып анықталды.

Құрылыстың сметалық құны – 108050,0 мың теңге. Жұмыстар аяқталды, мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды.

Мәселе шешілді.

 4

Құрашасай селосын газбен қамтамасыз ету

Құрашасай селосын газбен жабдықтау желілері құрылысын іске асыру

Құрашасай поселкесін (поселкенің ескі бөлігін) газбен жабдықтау желілерінің құрылысы жөніндегі бас мердігер «Стройкорпорация Медин» ЖШС болып анықталды. Құрылыстың сметалық құны – 35702,0 мың.теңге. Жұмыстар аяқталды, нысан пайдалануға берілді.

Мәселе шешілді.

 5

№3 зауыт бағытының автобустарын жаңарту

Паркті толықтыру бойынша жұмыстар жоспарына сәйкес №3 қалалық бағыттағы автобустарды жаңарту жөнінде жұмыстар жүргізу

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Автопарк» ЖШС №3 автобус бағытын жаңарту үшін 10 автобус сатып алды.

Мәселе шешілді.

 6

№8 мектеп ауданында көше жарықтандыруды орнату

№8 ОМ ауданында көшені жарықтандыру мүмкіндігін қарастыру

№8 орта мектеп ауданында көшені жарықтандыру шамдарын орнату ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында шешіледі.

Мәселе шешілу барысында

 7

Балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін ойнайтын спорт алаңдарын салу

Қаладағы спорт алаңдары құрылысын жалғастыру,   орналастыру орындарын анықтаған кезде №15 ОМ ауданында спорт алаңын орналастыру мүмкіндігін қарастыру

№15 ОМ ауданында спорт алаңын орнату жөніндегі құрылыс- монтаж жұмыстары аяқталды.

Мәселе шешілді.

 8

Заречный-1 ауылы, Тополиная көшесіндегі ескі су құбырын алмастыру

Осы көшедегі су құбыры желісін жөндеуді іске асыру

Мердігер «Адай құрылыс» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтады, нысан пайдалануға берілді.

Мәселе шешілді.

 9

«Батыс-2» ықшам ауданындағы үйлерді абаттандыру және алтыбақан, құмсалғыш орнату және т.б.

«Батыс-2» ықшам ауданында аула ішіндегі аумақтарды абаттандыру, балаларға арналған ойын алаңдарын орнату жөнінде жұмыс жүргізу

«Ақтөбе қаласы, Батыс-2 тұрғын массивінндегі №14, 16, 17 үйлер аумақтарын көркейту және көгалдандыру» және «№15 тұрғын үй аумағын көркейту» жұмыс жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді, мұнда шағын сәулеттік пішіндер, ойын алаңдары мен құмсалғыштар орнату көзделген. Нысандар пайдалануға берілді.

Мәселе шешілді.

 10

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді қашан береді және қашан қоныстандырады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағдарламасы бойынша «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында жаңа тұрғын үйлердің 16 блок-секциясының құрылысын аяқтау

2012 жылы «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында 28 блок-секциялы 9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бүгінгі күні олардың 12-сі (607 пәтер) пайдалануға берілген, қоныстандыру 2013 жылғы қазанда басталды және жалғастырылуда.

Қалған 16 блок-секцияның құрылыс-монтаж жұмыстары 2013 жылдың желтоқсанында аяқталды. Мемлекеттік комиссия актілеріне қол қойылды.

Мәселе шешілді.

 11

«Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында жас отбасылар үшін үйлер қашан салынып болады

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында жас отбасылар үшін 216 пәтерлі үй құрылысын аяқтау

2013 жылы жас отбасылар үшін № 21 В,Г,Д көп қабатты үйлер пайдалануға берілген.

Мәселе шешілді.

 12

Әз-Наурыз көшесіндегі көпір құрылысы қашан аяқталады

11 ықшам аудандағы жаңа жол өткелі құрылысын аяқтау

2013 жылғы 1 қарашада 11 ықшам ауданда Әкімжанов- Әз Наурыз жаңа жол өткелі ашылды.

Бұл объектінің жобалаушысы «Алматыдорпроект» ЖШС, бас мердігер «Мостостроительный отряд - 25» ЖШС болып табылады.

Мәселе шешілді.

 13

Заречный-4 поселкесінде мектеп қашан салынады

Заречный-4 поселкесінде 1000 орындық орта мектеп құрылысын жалғастыру

Заречный-4 поселкесінде 1000 орындық орта мектеп құрылысы жүруде - бас мердігер «АктобеЭлектросетьСтрой» ЖШС.

ҚМЖ сметалық құны – 1 061 474,467 мың теңге. Құрылыстың басталуы – 2012 жылдың желтоқсаны, аяқталу мерзімі – 2014 жылдың желтоқсаны.

Мәселе шешілу барысында

 14

12 ықшам аудандағы мектептерде оқушы орындары жеткіліксіз, осы мәселені шешу үшін қандай шешімдер қабылданып жатыр

12 ықшам аудандағы 600 орындық орта мектеп құрылысын аяқтау

12 ықшам аудандағы 600 орындық орта мектеп құрылысын бас мердігер «Контакт ҚК» ЖШС орындауда.

ҚМЖ сметалық құны – 752 326,388 мың теңге. Құрылыстың басталуы – 2012 жылдың желтоқсан айы, аяқталу мерзімі – 2014 жылдың желтоқсан айы.

Мәселе шешілу барысында

 15

Құрашасай селосындағы мектеп ыңғайлы емес, балалардың оқуларына жағдай жоқ, осы мәселе қашан шешіледі

Құрашасай селосындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысын аяқтау

Құрашасай селосында 150 орындық орта мектеп құрылысы аяқталды, бас мердігер «АктобеЭлектросетьСтрой» ЖШС.

ҚМЖ сметалық құны – 301 124,611 мың теңге.

Мәселе шешілді.

 16

Қалада жаңа бассейн салу қажет

«Батыс-2» ықшам ауданындағы 50-метрлік бассейн құрылысын аяқтау

2012 жылы «Батыс-2» шағын ауданындағы жүзу хауызының жобалық-сметалық құжаты жасалып, құрылысы басталды. Жоба бойынша 50 метрлік 10 жүзу жолдары және көрермендерге арналған 280 орындық мінбе қарастырылған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Ашылуы 2013 жылдың 30 желтоқсанында өтті.

Мәселе шешілді.

 17

Жас отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы және құжаттар қабылдау қашан басталады

Ақтөбе қаласында «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға құжаттар қабылдау жұмысын ұйымдастыру

2013 жылы «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында жас отбасылар үшін 216 пәтердің құрылысы желтоқсан айында аяқталды.

Ағымдағы жылғы наурыздың 11-і мен 15-і аралығында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» желісі бойынша құжаттар қабылданды. Кезекке тұрушылар тізімі Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми сайтына орналастырылды.

Бүгінгі таңда 216 әлеуетті үміткердің құжаттары «ҚТҮЖБ» АҚ АФ төлеу қабілеттіктері тексерілуде.

Мәселе шешілді.

 18

1 топтағы мүгедек азамат Сырғабаевқа ем алу үшін материалдық көмек көрсету

Ем алуға көмек көрсету туралы мәселені облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірге қарау

Азамат Сырғабаев ҰланСеитович 19.09.1975 жылы туған. Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр көшесі, 169-1-34 үйде тұрған. Оған тегін медициналық көмек көрсетілген және кепілді тегін медициналық көмек көлемінде барлық тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

2013 жылдың мамыр айында Астана қаласына көшіп кеткен.

Мәселе шешілді.

 19

Қала аулаларының аумақтарын жөндеу

Қаланың аула ішілік аумақтарын жөндеу мәселесін жүйелі шешу үшін «Ақтөбе аулалары» бағдарламасын дайындау

2009 жылы 56 аула маңы аумақтарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2010 жылы 152 аула маңы аумақтарындағы жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. 2012 жылы 11 ықшам ауданда 54 аула маңы аумақтарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жоба и НС» ЖШС жобалау институты «Ақтөбе қаласы ықшам аудандарындағы аула аумақтарын және Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі аула аумақтарын күрделі жөндеуге» жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына бюджеттен 98,0 млн.теңге бөлінді.

Мәселе шешілу барысында

 20

Теміржол вокзалы алдындағы алаңды тәртіпке келтіру

Вокзал маңы алаңын жайластыру, көлікті қою, такси тұрақтары аумағын кеңейту және жақын жатқан көп қабатты үйлердің сәулеттік бейнесін жақсарту жұмыстарын жүргізу

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы теміржол вокзалы   алаңын күрделі жөндеу жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Олар: қауіпсіздік алаңшалары бар жаңа асфальт-бетон жабынын орнату; алаңды электрмен жарықтандыру; бетон плиткасынан жабыны бар, ені 3 м тротуарлар орнатылды.

Мәселе шешілу барысында

 21

Қала мектептерінде жаңа жабдықтар мен спорт құрал-саймандары жетіспейді

«Көркейе бер, туған жер» акциясының екінші кезеңі аясында қала кәсіпкерлерін мектептерді химия/физика кабинеттерімен, интерактивтік тақталармен және спорттық инвентарлармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға тарту жөнінде жұмыстар жүргізу

«Көркейе бер, туған жер» акция барысында білім мекемелерінде жобаланған жұмыс көлемінің алдын ала сметасы жасалынды. 2013 жылы сәуірде қала мектептері басшыларымен қажетті соманы көрсете отырып, химия, физика, биология, информатика кабинеттерін жабдықтау және спорт залға спорттық құрал-саймандар қажеттіліктері туралы ақпарат берілді.

Қазіргі таңда акция бойынша қаланың жеке кәсіпкерлерімен және ата-аналар комитеттерімен бірге мектептерде жөндеу, құрылыс жұмыстары және 4713440 теңге сомасына мектеп жанындағы алаңды абаттандыру жүргізілді және қала мектептеріндегі материалдық-техникалық базаны жабдықтауға 4317958 теңге сомасына жұмыстар жүргізілді. Бұл акция жалғасатын болады.

Мектептерді химия/физика кабинеттерімен, интерактивтік тақталармен және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша қосымша қала бюджетінен ақша бөлінді.

Мәселе шешілді.

 22

Пригородный селосында дәрігерлік пункт салу

Благодарный селолық округіндегі Пригородный селосында дәрігерлік амбулатория құрылысын бастау

Благодарный селолық округіндегі Пригородный селосында дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталды. Нысан пайдалануға берілді.

Мәселе шешілді.

 23

ПИК (кондоминиумдар) жоқ қаланың көп пәтерлі үйлерінде проблема көп

255 иесіз көп пәтерлі тұрғын үйлерді «Табыс-Ақтөбе» ЖШС басқарушы компаниясының теңгеріміне тапсыру бойынша жұмыс жүргізу және басқару нысаны жоқ үйлерде жұмыстарды ұйымдастыру

Ақтөбе қаласы бойынша 2013 жылдың 15 ақпанынан бастап тұрғын үй инспекциясы мамандары мен «Табыс Ақтөбе» ЖШС қызметкерлері 315 көп қабатты тұрғын үйлерге басқару нысанын құру және кондоминиум объектісі ретінде меншік нысанын құру жөнінде жиналыстар өткізді. Көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жиналыстарының қорытындылары бойынша 80 үй келісім берді, олардың ішінде 18 үймен келісім-шарт жасалды, 8-і келісім туралы хаттамаға қол қою сатысында. Одан бөлек жиналыстар қорытындысы бойынша 37 үй клндоминиум ретінде әділет органдарында тіркелді.

Мәселе шешілу барысында

 24

Қаланың ескі көп қабатты тұрғын үйлерін жөндеу

Терможаңғырту бағдарламасы аясында көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыру, сол сияқты қаланың орталық даңғылдарындағы үйлердің қасбеттерін жаңарту

ҚР Өңірлік даму министірлігінің Қаулысына сәйкес 2013 жылғы 8 мамырда өткен Республикалық бюджеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі №473 қаулысымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясындағы жай иелерінің кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін жөндеуге 2013 жылға республикалық бюджетте нысаналы трансферттер қарастырылмаған.

2014 жылы республикалық бюджеттен 469 млн.теңге бөлу жоспарлануда, оған 15 үй жөнделінетін болады. Оларға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, бекітілді.

Мәселе шешілу барысында

 25

Қаланың бау-бақша ұжымдарын тәртіпке келтіру

Заңсыз салынған үйлерді бұзу, ұжымдарды қоршату, бау-бақша учаскелерін түгендеу бойынша жұмыстарды жалғастыру және т.б.

24 бау-бақша ұжымында пайдаланылмайтын 1132 жер учаскесі анықталды, олардың ішінде 105 бау-бақша учаскелерін пайдаланушылар бойынша материалдар әкімшілік шаралар алу үшін аумақтық жер инспекциясына жіберілді, ал қалғандары бойынша жер инспекциясына тапсыру мақсатында меншік иелерін таныстыру үшін материалдар дайындалуда.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерін түгендеуге байланысты мәселелерді үйлестіру жөнінде жұмыс тобы құрылды.

Мәселе шешілу барысында

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50