Қазақша   Русский

RSS-лента

map aktobeАқтөбе қаласының негізгі 1869 жылы 28 маусымда қаланды, Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Ақтөбе қаласының әкімшілік аумағы 2,3 мың шаршы километрді құрайды. Оған қала аумағындағы бес селолық округ (Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Новый, Сазды) кіреді.
Ақтөбе қаласы биіктігі 250-400 метр болатын Орал үстіртінің оңтүстік бөлігіндегі Орал өзенінің сол жақ құйылысы – Електің сол жақ жағалауында орналасқан. Қала солтүстік-батыс жағында Ақтөбе облысының Мәртөк ауданымен, солтүстік – шығыста Қарғалы ауданымен, шығысында Хромтау ауданымен, оңтүстігінде және оңтүстік – батысында Алға ауданымен шекараласады.


Қысқаша тарихи анықтама

Қала 1869 жылы негізі қаланған Ақтөбе (Ақ Төбе) бекінісінің орнында пайда болды. Негізі қаланған соң алғашқы үш онжылдық бойы Ақтөбенің шаруашылық өмірі қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Сонымен қатар оның айналасына халық қоныстана бастады. Құнарлы топырағы мен керемет орналасқан жері Ресей империясының түпкір-түпкірінен біртіндеп келімсектерді өзіне тартты. Бекініс құрылысының алғашқы бас жоспары 1874 жылы әзірленді. Елді мекен мынадай өзіндік шағын аудандарға бөлінеді: Құрмыш, Татар слободасы, Отарвановка. Алғашқы көшелер Гарнизонный, Крепостный, Оренбургский, Елек, Георгиевский деп аталады. 1891 жылы Ақтөбе гарнизон бекінісі Торғай облысының Ақтөбе қаласына айналды. ХХ ғасырдың бас кезінде Ақтөбе арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтті. Ол қала экономикасының дамуына жаңа серпін берді.
1932 жылғы 10 наурызда Ақтөбе Ақтөбе облысының орталығы болды. 60 - жылдардың ортасынан бастап шағын тұрғын аудандар мен массивтер құрылысы басталды. 1977 жылы Ақтөбе Батыс-Қазақстан темір жолы орталығына айналды. 1999 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Актюбинкс қаласы Ақтөбе деп атала бастады. Бұл «Ақ төбе» деген ұғымды білдіреді

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50