Қазақша   Русский

RSS-лента

Әлемді қамтыған ғаламдық дағдарыс жағдайындағы Елбасының жаңа Жолдауы - экономикалық жағдайдағы нақты іс-әрекеттерді жүзеге асырудың нақты жоспары көрсетілген басты құжат болып табылады. Елбасы Жолдауындағы тезистер барлығы дерлік әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Соның айғағы, 2016 жылдан бастап денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау саласы мамандарының жалақысын көтеріп, зейнетақыны индекстеуді айтуға болады.

         Ел дамуындағы Елбасымен таңдалған стратегияны қолдай отырып, ел игілігін жақсарту үшін қойылған тапсырмаларды орындау үшін барлық мүмкіндіктерімізді пайдаланып, күш жігерімізді салуға біз де күш саламыз.

Жыл өткен сайын округтегі әлеуметтік - экономикалық жағдай жақсарып, халықтың өмір сүруіне қажетті жаңа обьектілер ашылуда, жоспарланған әлеуметтік жобалар уақытылы жүзеге асырылды

Өткен жылғы есеп беру кездесуінде тұрғындардан 8 ұсыныс пен ескерту түсіп, іс-шаралар жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда 5 өзекті мәселе шешімін тауып, 2 өзекті мәселе, атап айтқанда Ақжар ауылына балабақша құрылысы және Қарғалы ауылындағы Песчанка өзені арқылы өтетін көпір құрылысы өзекті мәселелер қатарында қалып отыр. Сонымен қатар, шешілмеген мәселенің бірі - Заречный - 4 елді мекеніндегі көшелерді жарықтандыру мәселесі. Бұл елді мекенде 2012 жылы электр желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда қазіргі уақытта бұл мәселе өзекті болып отыр.

Ақжар және Мағаджан елді мекендеріндегі жаңадан салынған электр желілеріндегі шамдарды жағу мәселесі әлі күнге шешімін таппай отыр.

Жыл сайын «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында облыстық бюджеттен ауылды абаттандыруға қаржы бөлінеді. 2015 жылы осы бағдарлама аясында 17,335,0 мың теңге бөлініп, 2014 жылғы үнемделген 3,0 млн теңгені қосқанда жалпы сомасы 20,636,0 мың теңге жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келесі жобаларды жүзеге асыруға жұмсалды:

-2,0 млн теңгесі Қарғалы ауылындағы қураған және апаттық жағдайдағы ағаштарды кесу жұмыстарына;

-13,0 млн теңгесі Қарғалы ауылындағы 8 Март және Абай көшелеріндегі тынымбақтарды қоршап, абаттандыруға;

-5,0 млн теңге Қарғалы ауылындағы Құрғұлов 1, Геологический 19, Геологический 20, Сәтпаев 66, Каргалинская 26 көшелеріндегі көпқабатты үйлердің аулаларына балалар ойын алаңдарын орнатуға жұмсалды.

Бұл жұмыстарды жүргізу барысында 6,0 млн теңге қаржы үнемделіп, бұл қаржыға Қарғалы ауылына тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 10 қоқыс алаңы контейнерлерімен орнатылды.

Ағымдағы жылы «Трансэнерго» АҚ –мен инвестициялар есебінен жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасын тапты. 2014-2015 жылдары жалпы алғанда 7,020 шақырым жылу магистраліне жөндеу жүргізіліп, өз қаржылары есебінен 740 м құбыр күрделі жөндеуден өткізілді.

«Ақбұлақ» АҚ-мен Қарғалы ауылының Құрғұлов көшесі, Короткий тұйығы, №53 орта мектебі аумағындағы 900 м су құбыры ауыстырылды. Абай және Нефтеразведчиктер көшесіндегі 4 кәріз шұңқырлары және Картова 13 көшесіндегі 1 кәріз шұңқыры орталық желіге қосылып, 400 м кәріз құбыры ауыстырылды. Сонымен қатар, Қарғалы ауылындағы 10 өрт сөндіру гидранттарына жөндеу жүргізілді.

Білім беру саласында, ағымдағы жылы Заречный-4 ауданында 150 орындық, № 47 «Нұр-ай» жаңа балабақша есігін ашты. Қарғалы ауылында жеке кәсіпкерлермен 50 орындық 2 жеке меншік балабақша ашылды. Сонымен қатар, Қарғалы ауылында көп жылдан бері шешімін таппай жүрген мәселердің бірі балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуы жағымды жаңалық болды. Осындай жаңа әлеуметтік обьектілердің ашылуымен округте қосымша 100 жаңа жұмыс орыны пайда болды.

Округте 162 кәсіпкерлік обьектілері тіркелген. Оның ішінде заңды тұлғалар саны -26, сауда обьектілері-71, тұрмыстық қызмет көрсету обьектілері-52, мейрамхана, кафелер-13.

Ағымдағы жылы бюджетке түскен мүлік салығының мөлшері 11 819 410 тг құрады бұл 98,3 пайызды құрайды, жер салығы 854 892 тг, бұл 98,8 пайызды құрайды.

Ауылдағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-мен «Нұрлы жол- бизнес үшін жаңа бағыттар» бағдарламасы аясында жиналыс өткізіліп, кәсіпкерлікті жаңадан бастаған тұлғаларды қолдау мақсатында семинар-тренингтер өткізілді.

Мерекелік шараларды ұйымдастыру барысында ауыл кәсіпкерлері үлкен демеушілік көмек көрсетеді. 9 мамыр Жеңіс мерекесі қарсаңында 325 соғыс және тыл ардагеріне 450 мың теңгеге азық-түлік дорбалары табысталды. «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында 16 аз қамтылған отбасына 125 мың теңгеге көмек көрсетілді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аз қамтылған отбасынан 2 балаға 30 мың теңгеге аяқ киім және қыс киіммен көмек көрсетілді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және аз қамтылған халықты оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бағыты аясында 17 жұмыссыз тұрғын қоғамдық-ақылы қызметке тартылды, 32 аз қамтылған жұмыссыз азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетілді. 2 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, балалары 18 жасқа толмаған 82 аз қамтылған отбасы әлеуметтік жәрдемақы алады. «Мүгедектер күніне» орай 10 отбасына және 25 балаға азық-түлік дорбалары табысталды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2 кәсіпкер кондитер цехын кеңейтуге және кафе ашуға шағын несие алды.

Апта сайын «Табыс» коммуналдық базарында ауылшаруашылық жәрмеңкесіне округтің кәсіпкерлері мен тұрғындары өз өнімдерін шығарып тұрады

Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Рамазан» ЖШС-гі арасындағы меморандум аясында 40 зейнеткердің отбасына 20 тонна жем жеңілдетілген бағамен сатылды.

Ауылдық округ әкімдері өз қызметтерін жүзеге асыру барысында ҚР-ң «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сүйенеді. Заңның басты бағытының бірі азаматтардың ауызша және жазбаша арыздарымен жұмыс болып табылады.   Азаматтарды қабылдау – біздің жұмысымыздың негізгі тиімділік көрсеткіші. Есепті жыл кезеңінде ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында 211 адам болып, азаматтардың 49 жазбаша шағымы қаралды. Барлық құжат алмасу 820 бірлікті құрады. Жыл бойына ауыл тұрғындарын қалалық мәслихат депутаты жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қарғалы ауылдық округіндегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Тұрғындармен, соғыс және тыл ардагерлерімен , көп балалы аналармен және жастармен тұрақты түрде кездесулер өткізіліп тұрады. Елбасының Жолдауын тұрғындар арасында насихаттау және түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау тобымен 12 кездесу өткізілді.

Есепті кезеңде жылу және сумен қамту жұмыстарын ұйымдастыру, қоғамдық мал бағу, қоғамдық тәртіпті сақтау, абаттандыру мәселелері бағытында тұрғындармен Қарғалы, Ақжар, Мағаджан елді-мекендері бойынша 14 жиын өткізілді.

Жыл бойына ауылда қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары жүргізіліп, барлығы 535 жануар ауланды.

Қоғамдық көліктен Қарғалы ауылына №19,23,5 бағытындағы автобустар қатынайды. Қазіргі уақытта қосымша № 2 автобус маршруты тұрғындарға қызмет көрсетеді. № 29 автобус маршруты қозғалыс бағытын өзгертіп «Ақтөбе-Орск» тас жолымен жүреді. Бұл өз кезегінде Заречный-4 елді мекенінің тұрғындарына қолайлы болып отыр.

2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Басқарудың төменгі деңгейлерінің қаржылық дербестігін кеңейту мақсатында ауылдық округ әкімдеріне жеке кіріс көздерін қалыптастыру құқығы беріліп отыр. Олар ақылы қызмет көрсетуден, ерікті және нысаналы алымдар, қайырымдылық қорлар мен демеушілердің жарналары, сыртқы жарнамадан, арнайы белгіленген орындардағы сауда үшін алымдар, абаттандыру қағидаларын бұзғаны, инфрақұрылым обьектілері мен жасыл желектерге зақым келтіргені, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін айыппұлдар, заңнамаға қайшы келмейтін өзге де кірістер. Осыған байланысты, Қарғалы ауылдық округінің арнайы қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылды.

2016 жылдан бастап округ бюджетіне жеке табыс салығы, мүлік салығы, жер салығының түсімі жоспарланып отыр. Болжам бойынша бұл 67,0 млн теңгені құрайды. Бұдан басқа қолма-қол ақшаны бақылау шотына 3,0 млн теңге қаржы түсіп отыр. Бұл қаржыны орталық көшеге жаяу жүргінші жолын салуға (ЖСҚ бар), «Жеңіс» саябағын қалпына келтіруге, ауылды абаттандыруға, қоқыс алаңдарын орнатуға, көшені жарықтандыруға жұмсау жоспарланып отыр.

Бұдан басқа округте шешімін таппаған өзекті мәселелер бар:

Қарғалы ауылы

-су желілерін қайта жаңарту құрлысы;

565,011млн.тг ЖСҚ бар.

 

-«Автоқалашық» ауданында, «Қарғалы-2»тұрғын үй массивінде су құбырының құрылысы

ЖСҚ дайын, сметалық бағасы 45,0 млн.тг мемсраптамадан өтуде

 

-жаңадан су құбырларын тарту

ЖСҚ дайын, сметалық бағасы 315,872 млн.тг

 

-Иесі жоқ электр желілерін жаңарту

ЖСҚ дайын, сметалық бағасы 48,0 млн.тг, мемсраптамадан өтуде.

 

-Ауыл ішіндегеі жолдарды күрделі жөндеу.

Орталық көшені күрделі жөндеуге ЖСҚ дайын, сметалық бағасы 49,0 млн.тг.

 

-№19 маршрут автобусы бағыты, «Ақтөбе-Орск» жоғарғы трассасымен жүретін №29 маршруты бойынша жалпы саны 11 аялдама алаңы жоқ.

Округтің өзекті мәселелер тізіміне енгізілді

 

-Песчанка өзені арқылы өтетін Госплемстанция ауданындағы көпірді күрделі жөндеу

Қалалық төтенше жағдай және ТКШ мамандарымен көпір апаттық жағдайда деп танылды

Мағаджан ауылы

-Сумен жабдықтау инженерлік желілері құрлысы;

Жерасты суының қорына барлау жұмыстары жүргізілді, су қоры жоқ екендігі анықталды.

 

-шаруа қожалығында тұратын тұрғындарды, оталықтандырылған газ жүйесіне қосу мәселесі

Күрделі мәселердің тізбесіне енгізу үшін ұсыныс берілді

 

-Алтын дән орталық көшесіне жөндеу қажет

2010ж сапасы төмен асфальт жол төселді.

 

ФАП құрылысы қажет

Жер телімі бөлінген

Ақжар ауылы

150 орынға арналған мектеп құрылысы қажет

Инвестициялық жобалар тізіміне енгізу үшін ұсыныс берілді.

 

ФАП құрылысы қажет

жер телімін бөлу қажет

Әлемдік дағдарыс кезіндегі әр қазақстандықтың борышы Елбасы Жолдауында айтылған дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруда өз үлесін қосып, Қазақстаннның дамуы мен көркеюі жолында аянбай еңбек ету болып табылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50