Қазақша   Русский

RSS-лента

Елбасының жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалдан дамудың басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына кезекті жолдауы халықтың келешекке деген сенімін бекітіп, еліміздің одан әрі жаңа сипатта дамуына даңғыл жол ашады.

Округ аумағындағы мектептерде 2000-нан астам оқушылар білім алса, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі 500-ге тарта жас кадрлар дайындайды. 104895 га аумақтағы округіміздің 11 елді мекендеріндегі 13037 тұрғындарына 3 дәрігерлік амбулатория, 4 медициналық пункт, 1 дәріхана және туберкулезге қарсы «Шағала» балалар шипажайы қызмет етеді.

Округ бойынша кәсіпкерліктің 53 субъектісі мен 36 шаруа қожалықтары және 11 ЖШС-тер, 1 өндірістік кооператив тіркелген. Жеке шаруа қожалықтарының 22-сі мал шаруашылығымен, ал қалған 14 шаруа қожалықтары дәнді дақылдар және көкөніс өсірумен айналысады.

Бүгінгі күні қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында 4 жылыжай кешендері жұмыс істеп келсе, тағы бір қосымша жылыжай кешенінің құрылысы 2016 жылы аяқталып, іске қосылады.

2015 жылы шаруашылықтармен 6586 га жерге егін салынды, 4590 га дәнді дақылдар, соның ішінде 1510 га бидай, 1980 га арпа, 50 га сұлы, 250 га тары, майлы дақылдар 200 га, 1370 га жерге мал азығы, 170 га картоп, 33 га көкөніс, 24 га бақша егілді. Округ бойынша 4590 га алқаптан гектарынан 3 центнерден 10490,0 центнер астық жиналды. Пригородный ЖШС-інде 640 га күздік қара бидайдың гектарынан 6,0 центнерден 3840,0 центнер өнім алынды. Ағымдағы жылы шаруашылықтарда жоспарланған 1120 га алқапқа күздік қара бидай егілді.

«Пригородный» ЖШС-і картоп, көкөніс өнімдерін өндіретін ірі шаруашылықтар қатарында. Бұл шаруашылық жыл сайын Ақтөбе қаласының тұрақтандыру қорына картоп, көкөніс тапсырып келеді. 2015 жылы 100 га жерге картоп, 13 га жерге көкөніс егіп, нәтижесінде 1400 тонна картоп, 325 тонна көкөніс өнімдерін жинады. Бағаны тұрақтандыру үшін көкөніс сақтау қоймаларының көлемін ұлғайту қажет. Осы бағытта «СХФ Пригородный» ЖШС-мен сыйымдылығы 3,0 мың тонналық сметалық құны 405,0 млн теңге және «Еламан 2014» ЖШС-мен сыйымдылығы 1300 тонналық сметалық құны 80,0 млн теңгені құрайтын көкөніс қоймаларының құрылыстық-монтаждық жұмыстары да аяқталып, іске қосылды.

Округке қарасты шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестерде және жеке тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарында 2016 жылдың 1 қаңтарына 3781 бас ірі қара, 1368 жылқы, 7494 бас ұсақ мал тіркелді.

Ірі шаруашылықтар болып саналатын «Болат ЛТД» ЖШС, «ТС-Агро» ЖШС, «Анисан», «Шаруа», «Нығмет», «Мешітбай», «Балық» шаруа қожалықтары қала тұрғындарына ет, сүт өнімдерін жеткізсе, «Адай» шаруа қожалығы түйе ұстап, шұбат өнімдерін қала тұрғындарына ұсынуда. 2015 жылдың соңына дейін шаруашылықтар мен жеке қожалықтардан                     640 тн ет, 1125 тн сүтөнімдері өндіріліп қала тұрғындарына жеткізілді. Шаруашылықтардан 250 бас ірі қара, (тірідей салмағы 200-250 кг) мал бордақылау алаңына тапсырылды. Мал басының кемуіне жол бермей, жұқпалы аурулардың алдын-алып, оларды болдырмау мақсатында мал дәрігерлерімен ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар уақытында жүргізіліп тұрады. Мал басының сапасын арттыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Анисан», «Шаруа», «Родник», «Мешітбай» және «Арман-1» шаруа қожалықтарымен 9 бас етті бағыттағы бұқа алынса, «Құлан» бағдарламасы бойынша «Шаруа» шаруа қожалығымен 88 бас жылқы алынды.

Жазғы жем-шөп дайындау науқаны кездерінде ауылдық округ әкімшілігі қалалық маслихаттың депутаттарымен бірлесе елді-мекендерді аралап, мал азығын (жем-шөп) әзірлеу барысын үнемі қадағалап отырды.

Округ бойынша 12200 тн мал азығы (шөп) дайындалды: оның ішінде ауылшаруашылық құрылымдарында 7 400 тн, жеке тұрғындар аулаларында 4 800 тн шөп түсірілді.

2015 жылдың екі айлық кезеңінде округіміздегі елді мекендердегі санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жандандырылып, өткен жылдардағыдай   уақытында жүргізілді. Ауылдарымыздан 3 бей-берекетсіз қалыптасқан тұрмыстық қатты қалдықтар жиналған орындар тазаланды.

Ағымдағы жылы Бекқұл баба ауылында бұрыңғы көшелердің атаулары жазылған аншлагтардың, үйлердің тәртіптік нөмірлерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

«Қазақавтожол» РМК АОФ-ның күшімен Ақтөбе-Орск тас жолының бойындағы Украинка ауылының тұсынан 2 жаңа автобус аялдамалары орнатылды.

22адам ақылы-қоғамдық жұмысқа қамтылып, оқу орындарын бітірген 6 түлек жастар іс-тәжірибесінен өтті. 93адам тұрақты жұмысқа орналасты. Кәмелет жасына дейінгі балаларға арналған жәрдемақы 114 жанұядан 337балаға тағайындалды. Бұл күндері жұмыссыздар тіркеуінде тұрған 23адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жолында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Соңғы жылдары ауылдық округтегі елді-мекендерді, мұндағы жаңа тұрғындар массивтерін дамыту, көркейту жолындағы бағдарламалар жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатқаны бәрімізге мәлім.

Бүгінгі күні Ақшат, К.Нокин, Бекқұл баба ауылдарында мектептер және Ақшат, К.Нокин, Бекқұл баба, Қызылжар, Пригородный, Садовое ауылдарында бала бақшалар жетіспейді. Ақшат, Бекқұл баба ауылдарында жер телімі бөлінген, дәрігерлік амбулаториялар қажет болып тұр.

Электр қуатымен жабдықтау, қайта жаңарту жұмыстары Бекқұл баба ауылының жаңа құрылыс ауданында (сметалық құны 32,632 млн теңге), Белогор ауылында (сметалық құны 70,124 млн теңге), Өлке ауылында (сметалық құны 43,306 млн теңге) және Белогор карьері ауылында (сметалық құны 14,693 млн теңге) жүргізіліп ,   пайдалануға тапсырылды.

К.Нокин ауылының («Астана») жаңа құрылыс ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету, Украинка ауылының ескі бөлігі мен Бекқұл баба ауылы жаңа құрылыс ауданының қалған бөлігін электр қуатымен жабдықтау құрылыстық-монтаждық жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтті. Сонымен бірге, жобалық-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесін алған К.Нокин ауылының ескі бөлігі мен Пригородный ауылының жаңа құрылыс ауданын электр қуатымен жабдықтау, Қызылжар ауылының ескі бөлігіндегі ТУСМ-14 ауданын, Украинка ауылын және К.Нокин ауылының жылыжай кешені жаңа құрылыс ауданын сумен жабдықтау құрылыстық-монтаждық жұмыстарының жүзеге асырылулары алдағы уақыттар еншісінде.

Мұнан басқа жобалық-сметалық құжаттамалары әзір Ақшат, Пригородный, Қызылжар, Бекқұл баба және Белогор ауылдарындағы автомобиль жолдарының күрделі жөндеу, құрылыс жұмыстары қаражат көзі анықталған соң басталатын болады.

Шилісай тұрғындар массивінде жеке үй құрылыстарын су, электр және газбен жабдықтау инженерлік желілері үшін ЖСҚ дайындау жоспарда бар.

Сонымен қатар, мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесін алған Благодар орта мектебі күрделі жөндеу жұмысы (сметалық құны 47,003 млн.теңге) мен Пригородный орта мектебін (сметалық құны 63,249 млн.теңге) күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары дайын.

2015 жылы Ақшат, Өлке және Белогор елді-мекендерінде «Ақпан» ЖШС-мен жер асты су қорларын растау мақсатында іздестіру-барлау жұмыстары басталып кетті.

Өткен 2015 жылы Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 8,5 млн теңге қаржыға Бекқұл баба, К.Нокин және Пригородный ауылдарындағы саябақтарына қоршау жұмыстары 2,960 мың теңгеге Бекқұл баба және К.Нокин ауылдарындағы саябақтарында балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілді.

6 салық түрі бойынша салық төлеушілердің тізімі дайындалып, «Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің арнайы бақылау шотына (КСН) 2016 жылға 19 121 822 теңге түсім жоспарланды.

Құрметті жерлестер, округтегі көкейтесті проблемаларды азайту және әрбір тұрғындардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту жолында, біз-әкімдік пен жергілікті қоғамдық қауымдастық бірлесе отырып, әліде бірталай жұмыстар атқаруымыз керек.

Назарларыңызға рахмет!

Благодар ауылдық округінің әкімі                             Б.Дарин

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50