Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты кезекті Жолдауында: жаһандық ахуалдың сын қатерлерін жіктеп көрсете келіп, сол қатерлерді жеңу жолы біз өзіміздің нақты мүмкіндіктеріміз негізіндегі бірлесе біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қою арқылы мүмкін болатындығын айтқан болатын. 2015 жылы атқарылған жұмыстарды қортындылай келе, ауылдық округте әлеуметтік экономикалық даму деңгейі, инфраструктураның, шағын және орта бизнестің дамуы әрі қарай ауыл тұрғындарының өмір сапасының жақсара түскендігін нық сенімді түрде айтуға болады.Ауылдық округтің жұмысы алға қойған тапсырмаларын жүзеге асыруға және азаматтардың өтініштерін қарауға және мәселелерін шешуге бағытталған.

Ауылдық округ аумағында 5 елді мекен орналасқан, халық саны 7907 адам, алдыңғы жылдармен салыстырғанда халық санының артуы бала туу көрсеткішінің өсуін көрсетеді.

2014 жылдан бастап өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруде қосымша тұжырымдама жүктелді – бұл өз кезегінде мүлікті бөлісу, жергілікті қоғамдастық құру, ауылдық округтің маңызды мәселелеріне жұмсалатын бюджетті қалыптастыру қарастырылған.

Өңірді дамыту бағдарламасы аясында бөлінген 8956,0 теңге қаржы мемлекеттік сатып алу әдісі арқылы жергілікті қоғамдастық мүшелерімен келісе отырып Қурайлы ауылындағы орталық саябағын көркейту жұмыстарына, атап айтқанда балалардың ойын алаңын орнатуға, саябақ талдарын суару үшін су құбырларын жүргізу, брусчатка төсеу, ағаш отырғызу жұмыстарына жұмсалды.

Қолма –қол ақшаны бақылау шотына (КСН) коммуналдық меншіктегі ғимараттарды жалға беруден түсетін – 1428,3, жергілікті салықтардың бірінші кезетте 1499,6, ерікті салымдар -1600 теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы.

2015 жылы «Агробизнес-2020» және «Жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламалары шаруа қожалықтарында, жеке тұрғындардың мал басы санының өсуіне мүмкіндік туғызып, қазіргі таңда ІҚМ басы -1260 , жылқы - 182, ҰММ - 960, түйе саны – 17 (жеке тұрғындардағы мал басы саны – ІҚМ - 1452, ҰММ – 3152, жылқы - 53, шошқа – 94, үй құстары - 1372) жетіп отыр.

Өрлеу ауылында түйе малы арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты 04.11.2015 ж Ақтөбе облысы Әділет департаментінің № 4557 шешімімен шектеу қойылып, залалсыздандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Ірі қара , ұсақ мүйізді мал арасында туберкулез және бруцеллез және т.б жұқпалы аурулардың алдын - алу, болдырмау мақсатында ветеринарлық профилактикалық іс – шаралар уақытылы жүргізілгендіктен, ағымдағы жылы ірі қара мал ауруы тіркелмеді.

-         Асыл тұқымды мал басы жыл сайын еселеніп келеді. «Анди» ЖШС-ң сүт тауарлы фермасында бүгінгі күні сауылған сүттің көлемі 2305 тн сүт құрап отыр және 2015 жылдың желтоқсан айынан сүт өнімдерін қайта өңдейтін Германиядан әкелінген құрылғы іске қосылып, шығарылған өнімдерді ұсыну арқылы облыс орталығы тұрғындарын қамтамасыз етуде.

-         Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Ырыс» бағдарламасы аясында «Еңбек» шаруа қожалығы 80 бас асыл тұқымды сауынды малдарды сатып алуға несие алып, қазіргі таңда сүт тауарлы фермасы құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Шаруа қожалықтары 3550 га егіс көлемін және 10,5 га суармалы жерлерді пайдаланды. Округтегі шаруа қожалықтар, өзін -өзі қамтушылардан құралған шөп шабу бригадасы 6800 тн шөп шапты. 12 - аз қамтылған жанұяға және 4 –жалғызбасты қарттарға қайырымдылық көмек түрінде, барлығы 16 тн қысқы мал азығы берілді.

Округте жергілікті тауар өндірушілері мен «Дина», «Анвар» сауда желілерінің, «Молочные истории» т.б тағам өндірушілерінің қатынасуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер халыққа төмен бағамен ұсынылды.

Жұмыспен қамту. Әлеуметтік жетілдіру басымдықтарының бірден бір негізі жұмыспен қамтамасыз ету.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының І бағыты «аз қамтылған, жұмыссыз және өзін-өзі қамтушыларды жұмысқа орналастыру және қайта даярлау» аясында : 2015 жылдың басында жұмыспен қамту орталығы арқылы тіркелген жұмыссыз 12 азамат әр –түрлі кезеңде қоғамдық жұмысқа тартылды,әлеуметтік жұмыс орындарына – 20 адам жолданды, 18 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

2015 жылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуда «Жол картасы -2020» бағдарламасы аясында өзін-өзі қамтушылар шағын несие алды:

 

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Адам саны

Бөлінген қаржы

Адам саны

Бөлінген қаржы

Адам саны

Бөлінген қаржы

Адам саны

Бөлінген қаржы

Бизнес аясын кеңейту

1

2 млн теңге

   

1

1,8 млн теңге

1

2,5 млн тг

Шағын жылыжай құрылысы үшін

1

1,8 млн теңге

           

Тігін цехын ашу

   

1

3 млн теңге

2

5 млн теңге

   

Қоғамдық монша ашу үшін

   

1

2 млн теңге

       

Мал шаруашылығы үшін

           

2

4,5 млн тг

Барлығы

2

3,8 млн теңге

2

5 млн теңге

3

6,8 млн теңге

3

7 млн тг

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының ІІ бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуды жандандыру» бойынша жоғарыда көрсетілген 3 азамат кәсіпкерлік білімдерін жетілдірді.

Ауылдық округте кәсіпкерлік бағытта жаңа нысандардың ашылуына байланысты салық түсімі өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Қазіргі таңда ауылдық округ аумағында орналасқан: 25- жеке дүкен, 2-қоғамдық және 4-жеке монша, 4-тігін цехы, 1- кафе, СТО -1, 5- түрлі бағыттағы жеке кәсіпкер, 5- ЖШС , 12 - шаруа қожалықтары және тіс емдеу бөлмесі, шаштараз, тігін цехы, дәріхана дүңгіршегі халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

Қурайлы ауылдық округі бойынша 2015 жылға жиналған мүлік салығының жалпы сомасы 1800 000 теңге; жиналған жер салығының жалпы сомасы 720 000 теңгені құрайды.

Жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына 23 жанұяға (65 бала) теңге 752723 көлемінде төленді. 2015 жылы жәрдемақы мөлшері 2082 теңгеге өсті.

Ауыл атауы

Жанұя саны

Балалар саны

Қаражат

мөлшері

1

Қурайлы

6

19

235266

2

Георгиевка

5

12

112428

3

Елек

3

11

137412

4

Өрлеу

8

20

211403

5

39 бекет

1

3

56214

 

 

Барлығы

 

23

65

752 723

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің «Әлеуметтік жәрдем орталығы» КММ арқылы ең төменгі зейнетақы алатын округтегі 53 зейнеткерге азық-түлік пакеті ұсынылды.

Білім саласы. 2015-2016 ж.ж Қурайлы ауылдық округіндегі мектептерге

бөлінген мемлекеттік қаражаттар

Округте «Білімді дамыту» Мемлекеттік бағдарламасы жүйелі түрде орындалуда - аз қамтылған отбасы балаларына ыстық тамақ, киім-кешек, оқуға қажетті құрал-жабдықтарға, лагерге емдеу жолдамаларына мемлекет тарапынан қаражат бөлініп, үлкен қолдау көрсетіліп келеді:

 

Мекеме атауы

барлығы

1-4 сынып оқушыларын,аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтама

сыз ету

Аз қамтылған отбасы балаларын қамтамасыз ету

Киім-кешек

Кеңсе тауарлары

емдеу-сауықтыру

орталықтары,

лагерьлер

Елек орта мектебі

1 506 750

962 600

264 100

148750

131300

Георгиевка орта мектебі

1 427008

917 008

144 000

-

366 000

№ 57 орта мектебі

1 817 000

633 000

540 000

-

644 000

БАРЛЫҒЫ

4 750 758

2 512 608

948 100

-

1 141 300

Елек орта мектебіне 39 бекеттен және Өрлеу ауылынан орыс тілінде білім алатын оқушыларды қала маңындағы Кірпіштіге мектеп автобусымен тасымалдау ұйымдастырылған. Орта мектептерге бекітілген 3 спорт алаңы бар.

Өрлеу ауылында 270 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталды, ескі мектеп ғимаратына 110 орындық балабақша ашу жоспарланып, қазіргі таңда Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық саласы

Ауылдық округтің әлеуметтік объектілері: 2 дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды:

-         Қурайлы ауылында 2013 жылдың желтоқсан айында салынған дәрігерлік амбулатория 4 елді мекенге (2 дәрігер, 13 медбикелер, телефон, жедел жәрдем көлігі) қызмет көрсетеді.

-         Өрлеу ауылында 2010 жылы салынған ФАП (1 жалпы тәжірибелі дәрігер, 2 медбике, телефон) қызмет көрсетеді.

 

Инженерлік –коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша

Өрлеу ауылында және 39 бекетте ескі электр желісі жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, коммуналдық меншік иелігіне берілді.

2015 жылы Қурайлы, Георгиевка, Елек ауылдарына жаңа ауыз су құбырлары желісін тарту жұмыстары аяқталды, қазіргі таңда Ақбұлақ АҚ жеке тұрғындармен ауыз суды пайдалану туралы келісім шартқа отыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Өрлеу ауылы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жерасты суларының қорын іздестіру жұмыстары аяқталып, құжаттар орталықтандырылған комиссия қарауына жіберілді.

39 бекет тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Табыс Ақтөбе» және «Теміржол су» ЖШС балансында тұрған 2 шахталық құдық

пайдаланылуда, уақытылы санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп отырады.

Аумақты санитарлық тазалау және көркейту

Ағымдағы жылы санитарлық тазалау және көркейту бойынша жыл бойына ауылдық округ аумағында қоғамдық жұмысқа тартылған 12 адам ауылдық округ аумағын 50 000 ш/м тазарту жұмыстарын жүргізді;

         Ұйымдастырылған сенбілікте мемлекеттік мекеме қызметкерлері ат салысып, мекеме аумағына және «Даңқ» саябағына 570 түп тал егілді. Тұрмыстық күл қоқыстарды жинау және қалалық полигонға шығарумен 3 елді-мекенге жеке кәсіпкер «Камыспаев» және Өрлеу ауылында «Таза қала» ЖШС қызмет көрсетеді. Мемлекеттік сатып алу арқылы ауыл аумағындағы қураған ағаштарды түбірімен жұлу, Мәдениет Үйі алдындағы ағаштарды қиып, қалыпқа келтіру, Георгиевка ауылындағы қатты қалың өскен шөптерді кесу жұмыстары жүргізіліп, Өрлеу ауылындағы және екі қабатты тұрғын үйлердің жанындағы көп жылдан бері жиналған қатты күл-қоқыс орындары тазартылды.

Жол және қоғамдық көлік

Қазіргі таңда 2 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді:

- «Автопарк» ЖШС арқылы қызмет көрсететін № 38 бағыттағы қоғамдық көлік (Ақтөбе –Қурайлы, Георгиевка, Елек) 5 автобус, 27 рейс, аралығы -20 мин, демалыс күндері -40 минуттан қатынайды;

- «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі» ЖШС арқылы № 41 бағыттағы қоғамдық көлік (Ақтөбе - Өрлеу) 1 автобус, 9 рейс;

         Қысқы мезгілде Қурайлы, Елек, Георгиевка, 39 бекет, Қурайлы стансасы ауыларалық жолдарды қардан тазарту жұмыстарымен –«Көквест» ЖШС, Өрлеу ауылы бойынша «Ерхат МТС» ЖШС айналысады.

Мәдениет және спорт

Қурайлы ауылындағы Мәдениет Үйі Ақтөбе қаласы Ақтөбе қаласы әкімінің қаулысымен, ауылдық округі әкімдігінің құрамына енгізілді. Бүгінгі күнде қажетті бұйымдардың актісі жасалынып, тиісті құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Күрделі жөндеу жұмыстарына қаражаткөзі қарастырылуда.

Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына орай ардагерлерге арналған мерекелік шеру, Даңқ обелискісіне гүл шоқтарын қойып, қарттарға арналған мерекелік концерт, мерекелік түскі ас (мүмкіндігі шектеулі 45 ардагерге азық-түлік пакеттері үлестірілді) ұйымдастырылды.

«1 қазан Қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы» күні мерекесіне орай қарттарға 220 мерекелік құттықтау ашық хаттары таратылып, әкімшілік ғимаратында «Үлкенге құрмет» атты мерекелік концерт өткізілді және                     56 қарияға азық-түлік пакеттері ұсынылды.

2015 жылы ауылдық округ әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан                49 өтініш түсіп, уақытылы жауап беріліп, қанағаттандырылды. Ағымдағы жылы жалпы құжаттар айналымы -1570 құрап отыр.

Ауылдық округ әкімдігінде «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру туралы» және «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2016    жылға атқарылатын жұмыс жоспары:

Жергілікті мемлекеттік өзін - өзі басқару Заңына сәйкес, қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы (КСН) қаражат есебінен:

1. Өрлеу ауылының көшелері атауларына келісім шарт арқылы аншлагтарды дайындау

2. Жергілікті қауымдастық мүшелерімен келісіп, хаттама толтырылып, облыстық қаржы басқармасына ұсыныс берілді:

- Елді мекендерде аялдамалар орнату

- Орталықтағы саябақты жарықтандыру.

- Спорттық алаңдарды жарықтандыру.

3. 59 орта мектебінің төбе жабындысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен трансферт 47,1 млн тг қаржы қарастырылды.

Күрделі мәселелер:

  1. Ауыл аралық жолдар салу.
  2. Округке қарасты елді мекендерді жарықтандыру.
  3. Өрлеу ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Елбасы бастаған бастамалар мен реформаларды қолдай отырып, барлығымыз бірлесіп бұл дағдарысты да еңсереріміз анық. Тек Елбасы көрсеткен бағытпен жүріп, сол жолда қызмет етуге тиіспіз.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50