Қазақша   Русский

RSS-лента

Сазды селолық округінің жалпы көлемі – 39696 га құрайды, соның ішінде, 22357 га ауылшаруашылық алқаптары. Оның 10764 га егістікке, 11573 га жайылымға арналған жер, ал елді мекен жерлері 3078 га құрайды.

         Округ аумағында 853 тұрғын үй тіркелген, ондағы тұрғындар саны 4291 адам. Қазіргі уақытта тіркеуде 28 шаруа қожалығы, 3 ЖШС және 1 өндірістік кооператив бар. Мал саны, оның ішінде: мүйізді ірі қара малы- 1901 бас, қой - 3383 бас.

         «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Амина» шаруа қожалығы 23 бас ірі қара малын сатып алып, ірі қара малын 37 басқа және қой санын 506 басқа көбейтті. Шаруа қожалығы «Құмсай» мал бордақылау комплексіне 127 ірі қара малын сатып алды.

Көктемгі кезеңде аумақты жинау, мал жаю және отардағы жайылымға айдау мәселелері бойынша ауыл тұрғындарының жиналысы өтті.1 айға жайылым бағасы мүйізді ірі қара мал басына 650 теңге, ұсақ мал басына 200 теңгені құрады. Жыл бойы малды сәйкестендіру жұмыстары, барлық мәліметтерді компьютерлік базаға еңгізумен жүргізіледі. Профилактикалық ветеринарлық жұмыстары уақытында өткізілді.

         ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған                        2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ақуалда: өсу, реформалау, дамыту» атты жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы одан әрі жалғасады деп нақтыланды. Бекітілген кестеге сәйкес ҚР Президентінің халыққа Жолдауы ауыл тұрғындарымен және шаруа қожалықтарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы барлық өткізілген кездесудің саны -12.

         Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолдау жұмыстары жалғасуда, несиені 10 жылға 6 пайызбен алуға жағдай туғызылған.              2015 жылы 1кафе, 1 СТО, 3 дүкен, 2 автодөңгелек жөндеу цехы ашылды. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша нан пісіретін наубайхана ашылды.

         Жүк көліктері қызметі бойынша логистикалық центр және мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы бойынша 2 бала бақша салуға сұраныс бар. Жаңа қызмет көрсету жобаларына жеңілдікпен берілетін несиелер, елді мекенді жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызады.

Ағымдағы жылда Бауырластар, Бауырластар 2 тұрғын массивтерін сумен жабдықтау құрылыс 240,2 млн теңгеге салынып аяқталды. Сазды-2 тұрғын массивіндегі газ өткізу смета бойынша 335 млн.теңгеге және сумен жабдықтау смета бойынша 625 млн.теңгеге жұмыстары толық көлемде аяқталды. Қазіргі кезде барлық тұрғын массивтер жарықтандырылған және газдандырылған.Тек Лесное ауылында жер асты су көздерін зерттеу жүргізілмегендіктен, елді мекенді сумен жабдықтау сұрағы ашық күйінде қалып отыр.

         Тұрғын массивтердің құрылыстарының қарқынды жүруіне байланысты Бауырластар-2 жаңа мектеп құрылысын жүргізу сұрағы туындады, қазіргі кезде 640 орынға арналған жаңа мектептің жобалау сметалық құжаттарын жасау жұмыстары жүргізілуде.

         2015 жылы «Сазды қалалық мәдениет Үйінде» жалпы саны 80 іс-шара өткізілді. Оның ішінде, жастарға арналғаны - 47, балаларға арналғаны — 31.         2015 жылғы мәдени шараларда қамтылған балалар мен жастар саны: жастар саны – 1850, балалар саны – 650. Мәдениет Үйінде осы жылға дейін құрылған 6 үйірме жұмыс жасайды. Олар: «Шабыт» би үйірмесі, «Жас талант» вокал үйірмесі, «Домбыра дастан» домбыра үйірмесі, «Театр әлемі» театр үйірмесі, «Ақ маржан» әжелер, «Кестелі өнер» қолөнер үйірмелері. Бұл аталған үйірмелердің жабылып, жаңадан ашылғандары болған жоқ. Үйірмелерге қатысушы адамдар саны — 85-ті құрайды.

         Еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы білім бағыттарының бірі білім мен ғылымды дамыту болмақ. Өйткені, мемлекет басшысы алға қойып отырған басты талаптарының бірі өркениеттің шалқар көшінде бәсекелеске қол жеткізу үшін білім мен ғылымды жаңа әдістерге шығарып, интеллектуалдық серпіліс жасау. Біздің мектебіміз осы мақсатты дұрыс түсініп, мектеп мұғалімдері өз білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерді арттыру курстарын тәмамдады. «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдерді» тиімді қолдана отырып, мектебіміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді.

         Осының нәтижесінде, биылғы мектеп бітірген түлектеріміздің саны               26 оқушыны құрады, олардың орта мектеп курсы бойынша қорытынды аттестатциясының ҰБТ түрі бойынша 18 түлек таңдады. ҰБТ орташа баллы 81,6 пайызды құрады, яғни былтырғы көрсеткішінен 4,8 пайызға жоғарылады.

         Сонымен қатар, 2 оқушымыз грант иегері атанды: Байтенов Еркінбек 114 баллмен, Мұхамбетжанова Айгерім 98 баллмен Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің мемлекеттік грантын иеленді.

Сонымен қатар, мектебіміздің оқушылары Республикалық пәндік олимпияда да математика, қазақ тілі, тарих, география, физика пәндерінің жүлдегерлері атанды. Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде курстарға қатысып үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Республикалық ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалар байқауының облыстық, қалалық кезеңдерінде жүлделі орындарға ие болды. ҚР Кіші ғылыми академиясының 19 облыстық ғылыми-тәжрибелік конференциясына қатысып жүлделі орындар иеленді. Мектебіміздің осындай білім сапасын дамытуға құштарлығын, ізденіс көзқарасын тұрақтандыруға, жоғары деңгейде сауаттандыруға мұғалімдердің еңбегінің жемісі.

         «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 3,6 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың 1,45 млн теңгесіне Орталық көшесіндегі саябақ қоршалды және екі саябаққа 1,55 млн-ға балалар ойын элементтері орнатылды. Сазды қалалық мәдениет Үйінің жылыту жүйесіне 198 мың теңгеге насос сатып алынды.

Есепті кезең ішінде 90 адам жеке сұрақтарымен әкімнің қабылдауында болды, барлық сұрақтарға жауаптар берілді. Әкімдіктегі құжат айналымы 1150 бірлікті құрады. Барлық жауаптар мерзімінде берілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50