Қазақша   Русский

RSS-лента

Құрметті ауыл тұрғындары!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие. 2016 жыл – ұлттық тарихы¬мызды ұлықтау және бүгінгі биік¬терімізді бағалау тұрғысынан мерейлі жыл болды. Азат еліміз, ғажап мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толған мерейтойын атап өттік. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке.
Благодар ауылдық округінің жалпы жер көлемі 104 895 га, оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 82742га, (56318 га жайылымдық,22815 га егістік) елді мекен жерлері 13 928 га,босалқы жерлер 6 957 га,өзгеде жерлер 1 268 га. Округке қарасты 11 елді мекен де халық саны 13 605 адам.
Округ аумағында орналасқан шаруа қожалықтарымен жауапкерлігі шектеулі серіктестіктерде 2016 жылы 745 га бидай, 1180 га арпа, 50 га тары, майлы дақылдар 420 га, 921 га жерге мал азығы, 219 га картоп, 49 га көкөніс, 21 га бақша егіліп, барлығы 3631 га жерге егін салынды.
Благодар ауылдық округі бойынша ағымдағы жылы шаруашылықтар мен жеке тұлғалар аулаларында барлығы 4168 бас ірі қара, 1535 бас жылқы, 9042 бас ұсақ мүйізді мал бар. 2016-2017 жылдың қысқы мал азығы үшін округке 14700тонна шөп дайындау жобасы бекітіліп, бүгінгі күнде 15500 тн шөп шауып жиналды немесе тапсырма 105 пайызға орындалды. Жеке тұрғындар ауласына 5800 тонна,шаруашылықтарда 7700 тонна,жауапкерлігі шектеулі серіктестіктерінде 2000 тонна шөп дайындалды.

Әкімшілік–аумақтық бөлу

Благодар ауылдық округі 11 елді мекен орналасқан: Кеңес Нокин ауылы, Ақшат, Белогор ауылы, Белогор карьері, Бекқұл баба, Қызылжар, Пригородный, Садовое Украинка, Өлке, Шилісай ауылдары.
Округ аумағында 8 ЖШС, 36 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив,3 ауылшаруашылық кооперативі, жеке кәсіпкерлер 57 бірлік және 47 дүкен, 2 кафе, 3 монша. 2 дөнгелек жөндеу бекеті, 1 наубайхана, 2 ателье, 1 тіс емдеу кабинеті, 2 шаштараз орналасқан.

Білім беру

Благодар ауылдық округі бойынша 3-орта (Благодар-810 оқушы, Қызылжар-518 оқушы, Пригородный-394 оқушы), 3-негізгі (Белогор-27 оқушы, Садовый-101 оқушы, Красносельск-227 оқушы), 1-бастауыш(Ақшат-63 оқушы) мектептеріміз, 90 орынға арналған 1- бала бақша және Ш.Берсиев атындағы ауыл шаруашылық колледжі бар.

Денсаулық сақтау

Округімізде 3 дәрігерлік амбулатория (Пригородый, К.Нокин, Қызылжар), 4 медициналық пункт (Белогор, Садовое, Ақшат, Бекқұл баба). 1 дәріхана (К.Нокин) және туберкулезге қарсы «Шағала» балалар шипажайы.

Мәдениет және спорт

Ауылдық округімізде 3498 жастарымыз тіркелген. Жастар қоғамымыздың, ауылымыздың гүлденуіне, өсіп өркендеуіне зор үлестерін қосуда. Облыстық, қалалық байқаулардан жақсы нәтижелер көрсетуде. Округ аумағында, яғни Пригородный және Қызылжар ауылдарында 2 модельдік кітапхана, Қызылжар, Пригород, К.Нокин ауылдарында және ауыл шаруашылық колледжінде спорт алаңдары бар.

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы

2016жылы «Жұмыспен қамтудың 2020» Жол картасының бағыты аясында 2016 жылы ауылдың 28 тұрғыны өз кәсібін ашу үшін шағын несие алуға ниет білдірді. Оның ішінде шағын несие алуға 13 тұрғынның өтініші толықтай қанағаттандырылып, өз кәсіптерін бастап та кетті.

Ақтөбе қаласы Благодар ауылдық округі әкімінің азаматтарды қабылдау кестесі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50