Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы Қарғалы ауылдық округінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Біздің округ ең белсенді дамып келе жатқан ауылдық округтердің бірі және Ақтөбе облысы бойынша халқының саны жағынан үлкен округ. Халықтың күнкөрісі үшін жоғары қолайлы жағдайлардың құрылуы миграциялық үрдістің көбеюіне жағдай туғызып отыр. Ақтөбе қаласына жақын орналасуы қала мен ауылдық өмірді бірге үйлестіреді. Қазіргі таңда округте 21 740 мың халық тұрады. Округ орталығы Қарғалы ауылында 19 855 адам өмір сүреді. Ауыл тұрғындары қалаға бармай қажетті құжаттарын рәсімдеуге, коммуналдық төлемдерді, несие қарыздарын және несие рәсімдеуге Қарғалы ауылында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы және 2 дәрежелі банктер мен «Қазпочта» филиалы арқылы жүзеге асырады.
Округ аумағындағы көркем жерлерде, Қарғалы өзенінің жағасында және Мұғалжар тауымен жалғасқан Қарғалы төбелерінің етегінде қала тұрғындарының сүйікті орнына айналған, бос уақыттарын белсенді өткізуге арналған 5 демалыс орындары орналасқан.
Әрине, қоғамдық-саяси тыныштықты сақтауда ардагерлер кеңесінің үлесі ерекше. Ақсақалдар жастарға үлгі, тәрбие берушілеріміз және мерекелік шараларға қатысып, спорттық турнирлермен интелектуалды ойындарды өткізеді.
Қарғалы ауылдық округінің аумағында 160-тан астам кәсіпкерлік нысан жұмыс жасайды. Жеке сауда-саттық саласы бойынша - 90, қоғамдық тамақтану қызметі бойынша (кафе, ресторан) - 13, Тұрмыстық қызмет көрсету саласы бойынша(ТҚС, шаштараз, монша, аяқ-киім жөндеу шеберханасы, тіс емханасы, такси қызметі, натариус) - 59.
Жеркөлемі – 6671 гектар
Халық саны –21740
Қалаға дейінгі арақашықтық –7км

Әкімшілік – аумақтық бөлініс

Ауылдық округке 3 елді мекен кіреді
1. Қарғалы ауылы
2. Ақжар ауылы
3. Мағаджан ауылы

Округтің әлеуметтік саласы

Білім:

Ауылдықокругтің білім жүйесіне4мектеп кіреді. Оның ішінде:
Қарғалы ауылында орналасқан 3 орта мектеп, Ақжар ауылында орналасқан бастауыш мектеп;
Округтегі 4 жалпы білім беретін мектептен басқа, Қарғалы селосында Есет Батыр атындағы облыстық мамандандырылған көпсалалы лицей интернаты, №27 бала бақша жұмыс істейді.
Балалардың біркелкі дамуы үшін Қарғалы музыка мектебінің есігі әрдайым ашық.

Денсаулық сақтау:

Денсаулық сақтау жүйесіне Қарғалы ауылында 1 дәрігерлік амбулатория, Қарғалықалалық ауруханасы, Ақжар және Мағаджан ауылында 2 фельдшерлік бөлімі кіреді.

Мәдениет және спорт:

Қарғалы ауылында1кітапхана,МәдениетҮйі мен 2 шағын спорт алаңы жұмыс істейді.
Қарғалы ауылында кітап қорының көптігімен мақтанатын модульдік кітапханада 31 648 кітап түрлері есептелген. Тұтынушыларға интернет желісі мен электронды әлем кітапханаларына тегін қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

«Геолог» Мәдениет Үйінде 14 бөлімше және 9 хореографиялық қолөнер ұйымы жұмыс жасайды:
- «Арай» үлгілі би ансамблі
- «Асыл әжелер»Халқаралық хор ансамблі
- «Ардагер» Шахмат клубы
- «Талант» Драмалық үйірме
- «Ісмер» қолөнер үйірмесі
- «Ана отбасы шырағы» үйірмесі
- «Жас Ұлан» Патриоттық клубы
- «Мұрагер» вокалдық клубы

Келешек ұрпақтың физикалық дамуы мен денсаулығын шынықтыруға Қарғалы ауылында спорттық секциялары бар облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен «Брюс» жеке спорттық клубы жұмыс істейді. 2 жабынды төселген спорттық шағын алаң футбол, баскетбол , қыс мезгілдерінде хоккей ойындарын ойнауға арналған. Округте мектеп жасына дейінгі балалардың бос уақытын өткізу үшін 7 аулалық ойын алаңы салынды.

Халықтың жұмыспен қамтылуы:

2017 жылдың 1 қаңтарына округ бойынша ресми тіркелген жұмыссыздардың саны – 11 адам, 0,1% құрайды.

Құрметпен округ әкімі
Әлімбаев Алмаз Аманбайұлы

«Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50