Қазақша   Русский

RSS-лента

Қурайлы ауылдық округі аумағында 5 елді мекен: Қурайлы, Георгиевка, Елек, 39 бекет және Өрлеу ауылдарында халық саны 8100 адам, 1522 үй - жайды құрайды.
Ауылдық округ аумағында жалпы алаңы – 44499 га. Ауылдық округте әлеуметтік нысандар: 2 дәрігерлік амбулатория және «Қазпошта» бөлімшесі, білім беру нысандары: № 29 «Арай» МДҰ және 3 орта мектеп, № 8 қалалық кітапхана, спорт залы орналасқан Мәдениет Үйі жұмыс жасайды.
Округ аумағында 2-ЖШС, 11- шаруа қожалық тіркеліп, жұмыс жасап жатыр.
1. «Нан» ш/қ, басшысы Ульярова К.- Қурайлы селосы
2. «Пана» ш/қ, басшысы Сагиев М. – Өрлеу ауылы
3. «Алибек» ш/қ, басшысы Утиев А. – Қурайлы селосы
4. «Пульс» ш/қ, басшысы Кощанов Д. – Қурайлы селосы
5. «Заречье Иман» ш/қ, басшысы Шалабаев Б. – Өрлеу ауылы
6. «Еңбек» ш/қ, басшысы Сугурбаева А. – Өрлеу ауылы
7. «Маржан» ш/қ, басшысы Бикбулатов С. – Өрлеу ауылы
8. «Аманжол» ш/қ, басшысы Тащанова С. – Курайлы селосы
9. «Дильман» ш/қ, басшысы Дилманов Т. – Өрлеу ауылы
10. «Алтон» ш/қ, басшысы Абжанов М. - Қурайлы селосы
11. «Бутак» ш/қ, басшысы Казмагамбетов А. – Қурайлы селосы.
«Анди» ЖШС-де қазіргі таңда сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара 584 - мал басын құрап отыроның ішінде сауынды -441 бас, 2015 жылдың желтоқсан айында тәулігіне қуаттылығы 8000 л дейін сүт өнімдерін өңдейтін цех ашылды. Ауылшаруашылығына жарамды4305 га аса жер көлемі бар, дәнді-дақылдар, қысқы мал азығын дайындауға жеткілікті.
«Ника-99» ЖШС-гі 5 га алаңында жылыжай кешені салынып жұмыс жасалуда.
2012 ж. «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Еңбек»ш/қ – 11 млн. теңге, «Заречье Иман» ш/қ – 8 млн. теңге, 2013 ж. «Нан» ш/қ – 10 млн.600 мың теңге несие алып, мал басын көбейтуде. «Еңбек» ш/қ – 59 бас, «Заречье Иман» - 41 бас, «Нан»- 70 бас ет бағытында ірі қара малдар сатып алынды және мал басын асылдандыру мақсатында «Нан» - 3 бас, «Заречье Иман» - 2 бас, «Нан»- 3 бас және 7 бас бұқаны жеке табынға қосты.
2014ж. Агробизнес -2020 бағдарламасының «Ырыс» бағытында «Еңбек» Ш/Қ 36млн. теңге несие алып, қазіргі таңда сүт бағытындағы 200 бас ірі қара малға арналған шағын сүт фермасы құрал –жабдықтармен қамтамасыз етілді, құрылысы аяқталуға жақын.
2016ж. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Бұтақ» шаруа қожалығы 8 млн 600 мың теңге шағын несиеге 48 бас асыл тұқымды сауынды және бұқа малдарын сатып алды.
2016ж. «Айнад-Батыс» ауыл шаруашылық кооперативі құрылды, тиісті құжаттар рәсімделіп Уаз автокөлігі негізінде сүт таситын цистерна (молоковоз) 2017 ж қаңтар айына алу жоспарланды.
2016 ж. ауылдық округ аумағында гүл өсірумен айналысатын жеке кәсіпкер «ЖасұланФлора» 2 га жердің құжаттарын рәсімдеуде.

1. 2010 ж. Россовхоз селосында дәрігерлік амбулатория салынды.
2. 2011-2012жж. «Арай» балабақшасына жеке бу қазандығы салынды.
3. 2011 ж. Георгиевка және Елек орта мектептердің жанында шағын спорттық алаңы салынды.
4. 2013 ж. Россовхоз орта мектебінің жанында шағын спорттық алаң салынды.
5. 2013 ж. Қурайлы ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынды.
6. 2015 ж. Өрлеу ауылында 270 орындық мектеп құрылысы пайдалануға берілді.
7. 2015 ж. Өңірді дамыту бағдарламасы аясында бөлінген 8956,0 теңге Қурайлы ауылындағы орталық саябағын көркейту, балалардың ойын алаңын орнату, саябақ талдарын суару үшін су құбырларын жүргізу, брусчатка төсеу жұмыстары өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүргізілді.
8. 2016 жылдың 14 желтоқсанында 400 орындық Қурайлы Мәдениет Үйінің ашылу салтанаты өтті, қалпына келтіруге бюджеттен 157 млн. теңге қаражат бөлінді.
9. 2016ж. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 1- бағыты бойынша: Георгиевка ауылындағы Абай, Ардагерлер, Ақтөбе көшелерін; Елек ауылында 3 көше: Есет батыр; Ш.Берсиев, Сәттілік көшелерін; Өрлеу ауылында Шаңырақ (Новая), Тұлпар (Растениеводческая),Үркер (Буранная) көшелеріне жөндеу (қиыршық тас төсеу) жұмыстары жүргізілді.
10. 2016ж. Қурайлы ауылына кіре берістегі Гофман көшесіне ұзындығы – 459 метр, ені 6 метр жол түгелдей жиек тастары алмастырылып жөндеу жұмыстары жүргізілді.
11. 2016ж. Өрлеу ауылындағы көшелердің атауы және үйлердің реттік номерлері жазылған аншлагтар дайындалып орнатылды.
12. 2016ж. Қурайлы ауылында - 3, Георгиевка ауылында - 2, Елек ауылында – 3, Өрлеу ауылында – 3 аялдамалар салынды.
13. Георгиевка аулындағы 5 көшеде сыртқы жарықтандырудың жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес «Ақтөбе қаласы Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері төмендегідей:
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындар саны 62 : оның ішінде 35 азық-түлік дүкені, 2 – тігін цехы, 3- шаштараз, 6-монша, дәріхана, тіс емдеу орны, кафе-2, оқыту орталығы- менталды арифметика, ағылшын тілін оқыту, пластикалық терезе шығаратын цех - 1, көлік жөндеу (СТО)– 1, ТҚ (қоқыс шығару) шығару -1, шағын жылыжай -1, мал шаруашылығын дамыту(бордақылау алаңы) бағытында жұмыс жасайтын шағын кәсіп иелері-8, бұл көрсеткіштер бойынша кәсіпкерліктің 2015 жылмен салыстырғанда 16% өскені байқалады
Инженерлік – коммуникация желісін жаңарту және құрылыс жұмыстарының атқарылуы:
1. 2010 жылы Елек ауылының жаңа құрылыс аумағында жаңа су құбыры пайдалануға берілді.
2. 2009-2010 жж. Елек ауылының жаңа құрылыстар аумағында жаңа электр жүйесі салынды.
3. 2011 жылы Россовхоз селосының жаңа құрылыстар аумағында жаңа электр жүйесі құрылды.
4. 2011-12 жылы Россовхоз селосының жаңа құрылыстар аумағында газ құбыры тартылды.
5. 2011 жылы Қурайлы станциясына газ құбыры тартылды.
6. 2012 жылы 39 бекетте газ құбыры тартылды.
7. 2014 жылы Өрлеу ауылында және 39 бекетте ескі электр желілері қайта жаңғыртылды.
8. 2014 жылы Өрлеу ауылында дейінгі 5,7 км. жолға қиыршық тасты жабынмен күрделі жөндеу жүргізілді.
9. 2015 жылы Қурайлы , Георгиевка, Елек ауылдарына жаңа ауыз су құбырлары желісін тарту жұмыстары аяқталды.
10. 2015 жылы Өрлеу ауылы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жерасты суларының қорын іздестіру жұмыстары аяқталып, құжаттар орталықтандырылған комиссия қарауына жіберілді.

«Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ережесі

«Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің құрылымы

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50