Қазақша   Русский

RSS-лента

Өмірбаян

Мыңжасар Бақыткелді Кеңесұлы 1961 жылы 3 ақпанда дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы халық шаруашылық институтын, экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Агроном, қаржы-экономист, бухгалтер, «Аққөл» совхозының комсомол комитетінің хатшысы, Қайрақты селолық кеңесінің төрағасы, Талдық асыл тұқымды жылқы зауытында бас бухгалтердің орынбасары, «Ақкол» ӨК төрағасы, Ақтөбе қалалық ауылшаруашылық бөлімі басшысы қызметтерінде жұмыс жасаған.Бүгінгі күні Новый ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.

Аталған қызметке тағайындалғанға дейін 2008-2012 жылдары Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының қала инфрақұрылымын дамыту мониторингі бөлімінде басшысы болған.

Новый ауылдық округі туралы мәліметтер:

Новый ауылдық округінің жер көлемі: 26994 гектар. Оның ішінде: ауыл шаруашылық жерлері 14040 гектар

Округ аумағынаЖаңақоныс және Құрашасай елді-мекендері кіреді.

Қалаға дейінгі ара қашықтық: 

Жаңақоныс ауылы7км

Құрашасай селосы – 18 км.

Халық саны: 11500 адам. (01.01.2017 ж санақ бойынша)

Оның 5655- ерлер, 5845- әйелдер.

Ұлттық құрамы бойынша қазақтар 93 пайыз, орыстар 4,4 пайыз, басқа ұлт өкілдері 2 пайызды құрайды. Олардың ішінде балалар саны 3498, студенттер 593, зейнеткерлер 1118, мүгедектер 203.

Жұмысқа жарамды экономикалық белсенді халық саны 6088 адам.

Округ бойынша тыл еңбеккерлерінің саны – 97 адам. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және көп балалы аналар саны - 145.

Округ әкімдігіне тиесілі аумақта ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 19 шаруа қожалығы, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік кооперативте 65адам жұмыс жасайды.

Мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке тұрғындар қолында 2017 жылдың 1 қаңтарына жүргізілген мал санағы бойынша 1114 бас ірі қара, 4040 бас қой-ешкі, 204 бас жылқы, 59 бас түйе, 30 шошқа, 1675 бас құс бар.

 

Бүгінгі күні екі селода 44 дүкен, 3 кафе, 8 монша мен 3дәріхана, жиһаз дайындау цехы және автокөлік жөндеу шеберханасы, тігін цехтары, шаштараз т.б. барлығы 90 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасайды.2016 жылдың қараша айында «Дина» супермаркеті ашылды. Кәсіпкерлік нысандарда жұмыспен қамтылған адам саны – 167.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бойынша – 21476,0 мың теңге бөлініп Құрашасай және Жанаконыс ауылдарының негізгі көше аралық жолдарына қиыршық тас төселді.

2016 жылы Жаңақоныс ауылының «В» кварталына құны 43, 9 млн. теңгені құрайтын электр жарығын жүргізу жұмысы жүргізілді.

Өткен жылдары Құрашасай ауылындағы «Қанағат» жеке тұрғын үй массивінен тұрғын үй құрылысын салуға 499 жер телімі берілді. Осы аумаққа электр жарығын жүргізуге 311,1 млн.теңге, ауыз су жүргізуне-736,1 млн.теңге және газ жүргізуге- 367,8 млн.теңгені құрайтын жобаларға конкурс өткізіліп, мердігер мекемелер анықталып, жұмыстар басталды. Жұмыстар 2016-2017 жылдарға белгіленген.

«Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ трансферт бойынша салықтың 6 түрінен (жеке және заңды тұлғалардың жер салығы, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жеке және заңды тұлғалардың көлік салығы, төлем көзінен салық алынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы) қаржы жиналды. Барлығы 29691,6 мың теңге түсті, оның 29014,0 мың теңгесі- салықтың 6 түрінен, 677,6 мың теңгесі- мемлекет мүлкін жалға беруден.

Бұл қаражаттарға жергілікті қоғамдастық жиынының шешімімен көше аралық жолдарға жөндеу жүргізу, жаяу жүргіншілер жолы, аялдамалар, контейнер алаңдарын салу, санитарлық тазалау, жасыл желектендіру, қоқыс үйінділерін тазарту, т.б. жұмыстар жүргізілді.

 

Білім беру:

Ауылдық округ аумағында 2 орта мектеп, Жаңақоныс ауылы мен Құрашасай селосында орналасқан. Барлығы 1609 бала оқиды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда № 35 «Балбұлақ» бала бақшасында 220 бала, «Аружан» жеке бала бақшасында 80 бала, «Асанәлі» жеке бала бақшасында 30 бала, «Балдәурен» жеке балабақшасында 40 бала тәрбиеленуде. «Аружан» және «Балдаурен» жеке балабақшалары мемлекеттік- жекешелік әріптестік келісімімен жұмыс жасап отыр.

Жаңақоныс ауылындағы «Қалалық жас туристер стансасы» ММ-де спорттық- туристік, туристік- өлкетану, туристік- экологиялық бағыттарда 18 үйірме мен «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК-де би, сурет, домбыра, қолөнер, спорт, т.б. бағыттарда 24 үйірме жұмыс жасауда. Екі мекемедегі аталмыш үйірмелерге ауыл, қала мектептерінен 1348 бала қатысады.

       Құрашасай селосында балалар, көркем, орыс әдебиеттерімен, энциклопедия, сөздіктер сияқты 4080 кітап қорымен жабдықталған №11 әмбебап кітапханасы жұмыс жасайды.Бүгінгі күні 910 тұрақты оқырманы бар.

Денсаулық сақтау:

Жаңақоныс және Кұрашасай ауылдарында жаңадан салынған 2 дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде.Барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған, дәрігер мамандар жеткілікті.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету:

2016 жылы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі 11 адамға көрсетіліп 14 анықтама берілді.

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі 37 отбасына көрсетіліп- 1 636 673 теңге жәрдемақы тағайындалды;

- «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін алуға құжат тапсырған 23 мұқтаж азаматтың 12-іне көмек көрсетіліп- 564 000 теңге жәрдемақы тағайындалды.

- табысы аз отбасыға шартты ақшалай көмек көрсететін «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірген 27 отбасының құжаттары тапсырылды. Оның 3 отбасына- 478 828 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек көрсетілді.

       Соңғы екі жылда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мақсатындағы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы 37 маманға берілді.

 

Жеке және заңды тұлғадардың өтініштерін қарау:

2016 жылы «Ақтөбе қаласы Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не 37 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан -23, заңды тұлғалардан - 14. Барлық 37 өтініш бақылауға алынып, 4 өтініш- құзырлы мекемеге жолданды, 1 өтініш- өтініш иесінің сұрауымен қараусыз қалдырылды, қалған 32 өтініштерге қаралып, өтініш иелеріне уақытылы жауап берілді. Мерзімдері кешіккен өтініштер тіркелген жоқ. Округ әкімдігінде іс-қағаздарын жүргізу, құжат айналымы, өткізілетін шаралар, жиналыстар және олардың хаттамалары толық мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мемлекеттік мекемелермен хат алмасулардан түскен- 844 хат тіркелді. Шығыс құжаттар саны- 958, өкімдер- 109.

Ауылдық округ әкімдігі жанынан Жаңақоныс және Құрашасай ауылы тұрғындары арасында жанжалдарды шешу және татуласуға қол жеткізу мәселелеріне көмектесуге «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының» кәсіби медиаторы Каусова Куркемай Узакбайкызы жұмыс жасайды. Байланыс телефондары: 87713109423, 240821, 908840, 87471096142

«Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ байланыс телефондары:

8 (7132) 99-75-01, факс: 99-79-18

«Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ережесі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50