Қазақша   Русский

RSS-лента

Мұханбетов Аслан Өмірзақұлы 1988 жылы туған. Білімі жоғары, Алматы экономика және статистика академиясын қаржы бакалавры мамандығы, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін құқықтану бакалавры мамандығы бойынша аяқтаған.

Қала әкімі аппаратының бас маманы, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының бас маманы, «Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» КММ-нің басшысының орынбасары қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «»Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ «Әкімшілік шаруашылық бөлімі» КММ-нің басшысы болып жұмыс атқарды.

 

«Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі 2013 жыл 13 мамырындағы Ақтөбе қаласы әкімдігінің №1160 Қаулысымен құрылды. Қазіргі таңда 1 әкім және 3 бас маман, 1 жетекші маман жұмыс жасайды.

Сазды ауылдық округі туралы мәліметтер:

Сазды ауылдық округінің жер көлемі 39649 гектар оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері 22357 гектар. Ауылдық округ бір «Сазды» елді мекенінен және үш «Бауырластар», «Бауырластар 2», «Сазды 2» тұрғындар массивтерінен тұрады.
Қалаға дейінгі ара қашықтық: 18км.
Халық саны: 4426 адам (01.01.2016 ж санақ бойынша)
Оның ішінде: ерлер 2249, әйелдер 2177
Ұлттық құрам бойынша қазақтар 91,6 пайыз, орыстар 5,6 пайыз, басқа ұлт өкілдері 2,8 пайызды құрайды. Жұмысқа жарамды экономикалық белсенді халық саны 2003 адам.
Сазды ауылдық округіне қарасты 25 шаруа қожалығы, 2 ЖШС-гі және 1 өндірістік коорперативі бар. Мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке тұрғындар қолында 2016 жылдың 1 қаңтарына жүргізілген санақ бойынша 1966 бас ірі-қара, 3096 бас қой-ешкі, 131 бас жылқы, 183 бас шошқа және 1886 бас құс бар.
Қазіргі таңда ауылдық округте 16 дүкен, 1 кафе, 3 монша, 1 шаштараз бар.

Білім беру:

Ауылдық округ аумағында Сазды орта мектебі орналасқан. 2016 жылдан бастап Бауырластар тұрғындар массивінде «Алуа» бала-бақшасы жұмыс істейді.

Мәдениет:

Сазды ауылында «Сазды қалалық мәдениет Үйі» және осы мәдениет Үйі ішінде №10-шы модельді кітапхана жұмыс жасайды. «Сазды қалалық мәдениет Үйі» МКҚК-де 6 үйірме жұмыс жасайды.

Денсаулық сақтау:

Сазды ауылдық округінде Сазды дәрігерлік амбулаториясы жұмыс жасайды.

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы:

2016 жылдың 1 қаңтарында «Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығы» ММ-де тіркелген жұмыссыздар саны-5.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50